ПРЕПАРАТ № 96. Амнион. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен амнион қабырғасынан тұратын тотальды препаратты қарау керек. Амнион қабырғасы амниотикалық эпителийден құралған оған мезенхима жанасып жатыр. Үлкен ұлғайтқышпен көп бұрышты пішінді клеткалардан құралған амниотикалық эпителийді көреміз. Үлкен ұлғайтқышпен амнион қабырғасының суретін салып, белгілеңіз:
1. амниотикалық эпителий
2. мезенхима
ПРЕПАРАТ № 97. Адам хорионы бүрлері. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен хорион эпителийі бүрлерінің тотальды препаратын қарау керек. Бүр негізін мезенхима құрайды. Ірі бүрлерден қан тамырларын табыңыз.
Суретте белгілеу керек:
1. хорион бүрлері
ПРЕПАРАТ № 12. Бір қабатты аласа призмалы эпителий (бүйрек). Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен препаратта бүйрек каналшаларының көлденеең кесіндісі бейнеленген. Үлкен ұлғайтқышпен кесіндіде бүйрек каналшасын тауып, қабырғасы аласа призмалы эпителийден тұратынын көріп, суретін салу керек. Клетканың базальдық бөлігі базальдық мембранада орналасқан, ал базальдық мембранадан төмен дәнекер ткань бар. Клеткалардың апикальды бөлігі каналшалардың қуысында орналасқан.
Суретте белгілеу:
. базальдық мембрана
2. аласа призмалы клетка
3. клетканың ядросы
4. дәнекер ткані
ПРЕПАРАТ № 13. Көп қабатты жазық эпителий (өңеш). Г.Э.
Кіші ұлғайтқышта клеткалардың шекарасы көрінетін, эпителий бөлігін табу керек. Эпителийді дәнекер тканьнен базальдық мембрана бөліп тұрады. Үлкен ұлғайтқышпен базальдық мембранада орналасқан призмалы клеткаларды, ал апикальды бөлігінде қанат тәрізді клеткалар қабатын және одан жоғары жазық клеткалар қабатын салу керек.
Суретте белгілеу:
1. базальдық мембрана
2. призма клеткалар қабаты
3. қанат тәрізді клеткалар қабаты
4. жазық клеткалар қабаты
5. дәнекер ткані
ПРЕПАРАТ № 14. Жай түтікше безі (қарын). Г.Э.
Қарынның кардиальды бөлігінің жай түтікше бездері соңғы секреторлы бөлімдерден және шұңқырларға ашылатын шығару өзектерінен тұрады. Биік призмалы эпителийдің сопақша ядросы базальдық мембранаға жақын орналасқан, ал апикальды бөлігі бездің қуысына қарай бағытталған.
Суретте белгілеу:
1. бір қабатты биік призмалы эпителий
2. дәнекер ткані
3. шығару өзегі
4. секреторлық бөлімі