Білім беру бағдарламасы: В10102 Жалпы медицина Курс: Пән атауы: Жалпы гистология Пәннің коды: ZhG 1204 Кредит саны: 4



бет3/8
Дата09.05.2023
өлшемі35,72 Kb.
#91105
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
ПРЕПАРАТ № 7. Амитоз (бауыр). Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен көпбұрышты бауыр клеткасын көресіз. Үлкен ұлғайтқышпен үлкен ядролы клетканы, ядросы бөлінген клетканы және екі ядролы клетканы тауып, суретін салыңыз және мыналарды белгілеңіз:
1. үлкен ядролы клетка
2. ядросы бөлінген клетка
3. екі ядролы клетка


ПРЕПАРАТ № 8а. Теңіз шошқасының сперматозоиды. Т.Г.
Кіші ұлғайтқышпен сперматозоидтарды көресіз. Үлкен ұлғайтқышпен препараттан сперматозоидтың басы мен ядросын, акросомалық бөлігін және құйрығының құрылысын қарап, мыналарды белгілеңіз:
1. ядро
2. акросомалық бөлік
3. құйрық


ПРЕПАРАТ № 9. Сүтқоректілердің жұмыртқа клеткасы /аналық без/. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен аналық бездің кесіндісін көресіз. Кесіндінің шетінде немесе ортасында ірі дөңгелек қуысты – қабырғасындағы көтеріңкі жерде жұмыртқа клеткасы орналасқан Граафов көпіршігін табу керек. Жұмыртқа клеткасын ортаға қойып, оны үлкен ұлғайтқышпен қарап, оның ядросын, цитоплазмасын, қабығын және ядрошығын тауып, жұмыртқа клеткасын салып мыналарды белгілеңіз:
1. ядро
2. ядрошық
3. цитоплазма
4. қабық /жылтырауық қабық/


ПРЕПАРАТ № 10. Адамның бала орны /жолдасы/. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен хориальды пластинка мен қанға жуылған хорионның екінші бүрлерін және жатырдың кілегей қабығының бөлігін көресіз. Үлкен ұлғайтқышпен хориальды пластинканың құрылысын және екінші бүрлерді, олардың құрамындағы тамырларды, дәнекер тканін және эпителийдің құрылысын оқу керек. Кіші ұлғайтқышпен препараттың бір бөлігін салып, мыналарды белгілеңіз:
1. хориальды пластинка
2. хорионның екінші бүрлері
3. аналық қан


ПРЕПАРАТ № 11. Кіндік бауы. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышта кіндік бауының орта жерінде үш тамырды көресіз: екі артерия /қабырғасы жуан/ және бір вена /қабырғасы жіңішке/. Кіндік бауы сыртынан көп қабатты амнион эпителийімен қоршаған. Кіші ұлғайтқышта кіндік бауының толық кесіндісін салып, белгілеу керек:
1. амнион эпителийі
2. вена
3. (екі) артерия
4. мезенхима
5. ұрық қаны




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет