ПРЕПАРАТ № 15. Күрделі түтікті – альвеолярлы без (өңеш). Г.Э.
Өңештің күрделі тармақталған альвеоларлы – түтікті бездері базальдық мембранадан төмен дәнекер тканьде орналасқан. Олардың секреторлық бөлімдері кілегей клеткалардан тұрады. Шығару өзектері көп қабатты жазық эпителийдің бетіне ашылады.
Суретте белгілеу:
1. көп қабатты жазық мүйізделмейтін эпителий
2. дәнекер ткані
3. шығару өзегі
4. секреторлық бөлімі
ПРЕПАРАТ № 16.Мезенхима. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен мезенхиманың учаскесін табу керек. Үлкен ұлғайтқышпен мезенхиманың жұлдызшалы немесе ұршық пішінді клеткасы дөңгелек немесе сопақша ядросымен салу керек. Ядро айналасында цитоплазма қабықшасы байқалады.
Суретте белгілеу:
1. жұлдызша пішінді клетка
2. цитоплазмалық өсінділер
3. клеткааралық заттар
ПРЕПАРАТ № 18. Адам қаны. Г.Э.
Үлкен ұлғайтқышпен бірнеше эритроциттерді, нейрофильдік сегменттелген ядролы лейкоцитті, лимфоцитті, моноцитті, эозинофильді лейкоцитті тауып суретін салу.
Суретте белгілеу:
1. эритоцит
2. нейтрофил
3. эозинофил
4. лимфоцит
5. моноцит
ПРЕПАРАТ № 19. Пигмент ткані. Боялмаған.
Кіші ұлғайтқыштан бірнеше пигменттік клеткаларды оқып, салу керек. Клеткалардың денесінен көп тармақталған қысқа өсінділер кетеді. Клеткалардың цитоплазмасында меланин пигменттінің түйіршіктері көрінеді.
Суретте белгілеу:
1. клетканың денесі
2. өсінділері
3. пигменттік қосындылар
ПРЕПАРАТ № 20. Май ткані (терінің шел қабаты). Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен дерманың терең тор қабатында май тканін көруге болады, олар үлкен май клеткаларынан тұрады. Оның үлкен бөлігі май тамшысымен толған. Цитоплазма май тамшысын қоршап, ол жіңішке қабат тәрізді, ядросы бір жақ шетінде ораналасқан. Клеткалар арасында талшықты құрылымдар бар.
Суретте белгілеу:
1. май клеткалары
2. коллаген талшықтары (эластикалық және ретикулярля талшықтар көрінбейді)