Білім беру бағдарламасы: В10102 Жалпы медицина Курс: Пән атауы: Жалпы гистология Пәннің коды: ZhG 1204 Кредит саны: 4



бет7/8
Дата09.05.2023
өлшемі35,72 Kb.
#91105
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Вопр ЭКЗ студ КАЗ ОМ 1 к 2023 (2)

ПРЕПАРАТ № 26. Пластинкалы сүйек ткані. Г.Пикро индитокармин.
Кіші ұлғайтқышпен остеон жүйесін және ортасындағы остеон каналын табу керек. Әр жүйе бірнеше сүйек пластинкасынан тұрады. Көршілес остеон жүйелері өзара қондырма сүйек пластинкалары арқылы байланысады. Үлкен ұлғайтқышпен остеон жүйесін және қондырма сүйек пластинкасын салу керек.
Суретте белгілеу:
1. остеон каналы
2. остеон жүйесі
3. қондырма сүйек пластинкасы
4. сүйек клеткалары


ПРЕПАРАТ № 27. Сүйек тканінің мезенхимадан дамуы (адамның жағы). Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен препаратта жаңадан пайда болған әртүрлі пішінді сүйек тканінің аралшасын табу. Оның сыртын қоршай орналасқан остеобласттарды және мезенхиманы оқып, үлкен ұлғайтқышта суретін салу. Сүйек тканінде остеоциттер пайда болған.
Суретте белгілеу:
1. остеоциттер
2. остеоид
3. остеобласттар
4. мезенхима


ПРЕПАРАТ № 28. Сүйектің шеміршек орнында дамуы (адамның саусағы). Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен шеміршек тысын, түтікті сүйектің моделінде: шеміршек диафизін, эпифизін, сүйек тысын, сүйек сақинасын, эпифиздің өсу пластинкасын, энхондральды сүйектену аралшығын табу керек. Үлкен ұлғайтқышпен шеміршектің бұзылған бөлімін, энхондральдық сүйектің остеобласттармен пайда болуын, көп ядролы остеокластты оқып білу. Кіші ұлғайтқышта салу керек.
Суретте белгілеу:
1. шеміршек тысы
2. сүйек тысы
3. эпифизарлық өсу пластинкасы
4. эпифиз
5. сүйектің сақинасы
6. энхондральдық сүйектену аралшығы


ПРЕПАРАТ № 29. Бірыңғай салалы ет ткані (қуық). Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен препаратта көлденең кесілген бірыңғай салалы ет тканінің қабатын табу керек. Үлкен ұлғайтқышта таяқша ядролы ұршық тәрізді ет тканінің тобын оқып, салу.
Суретте белгілеу:
1. ядролар
2. ет клеткалары
ПРЕПАРАТ № 30. Көлденең жолақты қаңқа ет ткані (тіл). Т.Г.
Кіші ұлғайтқышпен ұзына бойы кесілген көп ядролы ет талшықтары қабат болып, әртүрлі бағытта орналасады. Ет талшықтарын оқып, салу қажет.
Суретте белгілеу:
1. ядролар
2. сарколемма
3. ашық дискалар
4. күңгірт дискалар
5. эндомизий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет