Білім беру бағдарламасы: В10102 Жалпы медицина Курс: Пән атауы: Жалпы гистология Пәннің коды: ZhG 1204 Кредит саны: 4



бет6/8
Дата09.05.2023
өлшемі35,72 Kb.
#91105
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Вопр ЭКЗ студ КАЗ ОМ 1 к 2023 (2)

ПРЕПАРАТ № 21. Болбыр дәнекер ткані. Т.Г.
Үлкен ұлғайтқышпен фибробластты, гистоцитті, коллаген және эластикалық талшықтарын тауып, оқып және суретін салу керек. Фибробласттар өздерінің үлкен мөлшерімен анық емес шеті клеткааралық заттан бөлініп тұр. Ядросы ірі ашық, сопақша келген. Гистиоцит ұсақ, ядросы күлгін, үлкен емес цитоплазмасы торлы болып келеді, көп өсінділері арқылы анық шектелген.
Суретте белгілеу:
1. фибробласт
2. гистиоцит
3. коллагенді талшық
4. эластикалық талшық


ПРЕПАРАТ № 22. Тарамыс (көлденең кесіндісі). Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен тарамыс сыртында перитеноний және одан тереңіректе эндотеноний қабаты көрінеді. Үлкен ұлғайтудан эндотенониймен шектелген бірінші реттік буда, тарамыс клеткасының ядросын, екінші реттік будасын салу керек.
Суретті салу:
1. перитеноний
2. эндотеноний
3. бірінші реттік буда
4. екінші реттік буда
5. тарамыс клеткасының ядросы


ПРЕПАРАТ № 23. Гиалин шеміршегі. Г.Э.
Кіші ұлғайтқышпен препаратта шеміршек және шеміршек тысын табу қажет. Олар тығыз қалыптаспаған дәнекер тканінен және шеміршек клеткалары шеміршек тысына жақын жерде сопақша пішінді орналасады, ал терең қабаттарында изогендік топ құрайды. Шеміршек капсуласын, базофильды – протохондральды заттарды табу керек. Клеткааралық аймақта сөл базофильді аймақаралық затты көруге болады. Суретті салып, белгілеу қажет.
1. шеміршек тысы
2. шеміршек клеткалары
3. шеміршек капсуласы
4. изогендік топ
5. клетка аралық зат


ПРЕПАРАТ № 24. Серпімді шеміршек. Г.Орсеин.
Кіші ұлғайтқышпен шеміршек пен шеміршек тысын табу қажет. Шеміршек клеткалары мен талшықтарын оқып, гиалинді шеміршектен ажырата білу керек. Үлкен ұлғайтқышпен осы құрылымдарды оқып, суретті салу.
Суретте белгілеу:
1. шеміршек тысы
2. шеміршек клеткалары
3. серпімді талшықтар


ПРЕПАРАТ № 25. Торлы талшықты сүйек ткані. Боялмаған.
Үлкен ұлғайтқышта сүйек қуыстарындағы ұршық немесе жұлдызша тәрізді клеткаларды табамыз. Осы сүйек қуыстарынан сүйек каналшалары кетеді, олар бір-бірімен жанасып жатады. Торлы талшықты сүйек тканінің клеткаларын оқып, салу керек.
Суретте белгілеу:
1. сүйек қуыстары
2. сүйек каналшалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет