Білім беру бағдарламасы: В10102 Жалпы медицина Курс: Пән атауы: Жалпы гистология Пәннің коды: ZhG 1204 Кредит саны: 4



бет8/8
Дата09.05.2023
өлшемі35,72 Kb.
#91105
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Вопр ЭКЗ студ КАЗ ОМ 1 к 2023 (2)

ПРЕПАРАТ №31. Мультиполярлы нейрондар. Тигроид (жұлын). Ниссель бояуы.
Кіші ұлғайтқышта жұлын препаратынан көп өсінділі, ашық ядролы клеткаларды табу керек. Үлкен ұлғайтқышпен осы көп өсінділі клетканы тауып, суреттерін салыңыз.
Суретте белгілеу:
1. өсінділер
2. ядро
3. тигроид


ПРЕПАРАТ № 32. Эпендимдік глия (жұлын). Ниссель бояуы.
Кіші ұлғайтқышта жұлын кесіндісінің ортасында орталық каналды, сұр затпен қоршалған және призмалық клеткалармен қапталған эпендимдік глияны табу керек. Үлкен ұлғайтқышпен бір қабат орналасқан эпендимдік глия клеткаларын оқып, суретін салу қажет.
Суретте белгілеу:
1. эпендимдік глия клеткалары
2. жұлынның сұр заты


ПРЕПАРАТ № 33. Нерв стволы. Осмий қышқылы.
Кіші ұлғайтқышпен көлденең кесілген, тығыз дәнекер ткані қабатымен – эпиневриймен, қоршалған нерв стволын көресіз. Эпиневрийден жұқа дәнекер тканьді қабаты кетеді, яғни периневрийді құрайды. Периневрий нерв стволын нерв талшықтар шоғырларына бөледі. Әрбір нерв талшықтары болбыр дәнекер тканімен – эндоневриймен қоршалған. Эндоневрий үлкен ұлғайтқышта жақсы көрінеді.
Суретте белгілеу:
1. нерв талшығы
2. эндоневрий
3. периневрий
4. эпиневрий


ПРЕПАРАТ №34. Фатер-Пачини денешігі. Күміс импергнациясы.
Кіші ұлғайтқышпен терінің терең (шел) қабатында үлкен дөңгелек пішінді Фатер-Пачини денешігін табу керек. Осы үлкейтуде денешіктің суретін салып, белгілеу қажет.
Суретте белгілеу:
1. нерв талшықтарының соңғы тармақтары
2. глиальдік колба
3. дәнекер тканьдері капсуласы



Н ПРО БҚМУ 703-08-2022. Аралық бақылауға арналған бақылау-өлшеу құралдары. Алтыншы басылым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет