Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры Барлық магистратура білім беру бағдарламалары Пән циклы атауы және коды



бет14/33
Дата18.09.2022
өлшемі104,52 Kb.
#39393
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Байланысты:
Силлабус баскару ПС 2020 2

Дәріс тезисі
Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асырудың барлық процедураларында басқарушы да, басқарылатын да жүйеге қатысты белгілі ұйымдық-әкімшілік шараларды өткізуді талап етеді Бұл процедураларға әзірлеу, келістіру, қабылдау, бекіту және орындауды ұйымдастыру кіреді. Әрбір процедура басқарушылық шешімдерге қойылатын талаптарды есепке алумен орындалуы керек.
Басқарушылық шешімдерді әзірлеу процедурасы үшін басқару аппараты мен басқарушыға келесі әрекеттерді жүзеге асыру керек:
1) нақты тапсырманы, персонал құрамы мен олардың бағыну жүйесін, тапсырманы орындау уақытын, орындалу барысын бақылаудың аралық кезеңдерін, бөлінген ресурстарды көрсетумен жұмысты орындау туралы құжаттаманы ресімдеу;
2) басқарушылық шешімдер әзірлеушілерін басқарушылық шешімдер әзірлеу бойынша жұмысты орындау туралы ұйымдық құжаттардың мазмұнымен таныстыру мен түсіндіру;
3) Басқарушылық шешімдер әзірлеушілеріне жұмысты орындау кезінде олардың құқықтарын, жауапкершіліктері мен құзыреттілігін түсіндіру;
4) жұмысты сәтті орындау үшін есепке алынбаған жағдайларды басқарушылық шешімдерді әзірлеушілерімен талқылау;
5) басқарушылық шешімдер әзірлеу бойынша ұсынылатын жұмыстың маңыздылық дәрежесіне ерекше назар аудару;
6) қызметкерлерге қажетті ұйымдық техниканы, бөлмені беру және қажетті іскерлік ақпаратың көздерін көрсету;
7) заңгер немесе референт жағынан әзірленіп жатқан басқарушылық шешімдер нұсқаларының күші бар заңнамаға немесе компанияның жарғылық құжаттарына сәйкестігін бақылауын өткізу;
8) басқарушылық шешімдер нұсқаларының техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық орындалуы туралы қорытынды жасау;
9) экономикалық, экологиялық және басқа салалардағы басқарушылық шешімдерді болашақта іске асырудың қауіпсіздігі туралы сыртқы сарапшылардың қорытындысын алу.
Басқарушылық шешімдерді келістіру процедурасы. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу барысын келістіру кезеңі сыртқы және ішкі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет