Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры Барлық магистратура білім беру бағдарламалары Пән циклы атауы және коды



бет4/33
Дата18.09.2022
өлшемі104,52 Kb.
#39393
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Силлабус баскару ПС 2020 2

Бекіту сұрақтары:
Басқару жүйесінің қалыптасуының бірнеше белгілерін атаңыз:
А) уақыт шегінде дамуы немесе динамикасы
В) құрамды бөліктерінің бір-біріне тәуелділігі
С) мекеменің ішкі құрылымының жақсы қалыптасқандығы
Д) барлығы дұрыс
Е) сыртқы ортамен байланыстылығы
3. Басқару жүйесінде барлық обьектілер өзінің жұмыс бағытын, мақсатын, ұйымдастыру формаларын не арқылы анықтап отырады:
А) Жүйелік белгілері арқылы
В) Функциялары арқылы
С) Субординациялық компоненттер арқылы
Д) Жалпы қағидалар арқылы
Е) Жеке дара ұйымдастыру формалары арқылы
Әдебиет:

  1. Төлеубекова, Р. К. Білім берудегі менеджмент [Текст] : оқу құралы / Қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде. - Алматы : ССК, 2017

  2. Оспанова Ж. Б. Басқару психологиясы [Электронный ресурс],2018.

  3. Козлов В.В. Психология управления : Учебник,2013

  4. Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі : Оқу құралы / С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 126 бет Экземпляры: всего:100 - ЧЗ№1(2), №1(98).

  5. Тоғызбаева Қ.Қ. Еңбек психологиясы: оқулық,1-кітап,2015

  6. Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы,2016.

2 Дәріс тақырыбы: Басқарудың психологиялық теориясы


Сағат саны: 2
Жоспары:
Менеджменттің теориясы мен практикасы.
Түрлі мемлекеттерде менеджменттің қалыптасу ерекшеліктері.
Психологиялық басқару теориясы.
Дәріс тезисі:
Менеджмент тарихы біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтарға кетеді. Египетте басқару ғылымын құрап, жоспарлау, ұйымдастыру мен бақылау, басқарудың орталықтанған жүйесін қажет деп тапқан. Гректің ойшыл философтары Сократ, Платон, Аристотель мемлекетті басқару менен құлиеленуші иеліктер туралы айтқан.
Менеджмент теориясының пайда болуына 3 фактор себеп болған, атап айтқанда: дамудың экстенсивті жолы, бәсекелестікпен күрестің шиеленісуі және өндірістің ішкі құрылымының пайдалылығын көтерудегі белсенділік. Осыған орай ХХ ғасырда америка мен еуропа ғылымында менеджменттің іргетасы қаланды.
Еуропадағы менеджменттің қалыптасуы. Менеджменттің пайда болуы мен дамуына Макс Вебердің (1864-1920) «Шаруашылық тарихы» және «Протестанттық этика және капитализм рухы» кітаптарындағы капиталистік өндірістегі протестантизм этикасы бастауын талдауы негіз болды. Ол капиталистік өндіріс құрылымында еңбек бөлінісін оңтайландыру идеясы жатыр деп есептеді. Ол «әрекеттің мінсіз типі» түсінігін енгізіп оның 4 түрін қарастырады:
А) дәстүрлі;
Б) аффективті;
В) құндылықты – оңтайландырылған;
Г) мақсаттандырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет