Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры Барлық магистратура білім беру бағдарламалары Пән циклы атауы және коды



бет6/33
Дата18.09.2022
өлшемі104,52 Kb.
#39393
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Силлабус баскару ПС 2020 2

Бекіту сұрақтары:
1. ХХғ. бас кезінде басқару ғылымына үлес қосқан өкілдер: А) Фрейд Б) У.Тейлор В) Д.Смит
Г) Дж.Катценбах Д) О.Конт
2. “ Адамдық қарым-қатынастар” мектебінінің көрнекті өкілі: А) Дж.Джордж Б) Элтон Паркер В) В.С.Ликард Г) Элтон Мэйо Д) Л.Урвик
3. Басқарудың стратегиялық концепциясы ретінде ... қойылады. А) Процесс Б) Адам В) Техника
Г) қарым-қатынас Д) Мотив
4. Басқару психологиясында арнайы жұмысшы да, әлеуметтік топ та, ұжым да (ұйымдастыру) .... ретінде қарастырылады : А) Субъект Б) Ұйымдастыру элементі В) Ұйымдасқан іс – әрекет
Г) Негізгі обьект Д) Басқару элементі
5. Басқарушы менеджерлер мынадай 2 категорияға бөлінеді: ““Х” теориясы жақтаушылар және “Y” теориясын жақтаушылар”, атты концепциясының авторы:
А) Т.Харди Б) Т.Чаттертон В) Д.Макгрегор Г) Р.Декарт Д) А.Л.Свиницкий
Әдебиет

  1. Төлеубекова, Р. К. Білім берудегі менеджмент [Текст] : оқу құралы / Қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде. - Алматы : ССК, 2017

  2. Оспанова Ж. Б. Басқару психологиясы [Электронный ресурс],2018.

  3. Козлов В.В. Психология управления : Учебник,2013

  4. Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі : Оқу құралы / С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 126 бет Экземпляры: всего:100 - ЧЗ№1(2), №1(98).

  5. Тоғызбаева Қ.Қ. Еңбек психологиясы: оқулық,1-кітап,2015

  6. Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы,2016.

4 Дәріс тақырыбы: Жеке тұлға басқарудың объектісі мен субъектісі


Сағат саны:1
Жоспары:

  1. Басқару жүйесіндегі жеке тұлға түсінігі.

  2. Өзін-өзі бағалау еңбек әрекеттіндегі ниет пен фрустрация деңгейі.

  3. Еңбек әрекетіндегі тұлғаның жіктелуі

Дәріс тезисі
Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.
Басқару ілімінде бірнеше әдістер бар:
1.Әкімшілік әдістері
2.Экономикалық
3.Әлеуметтік-психологиялық.
Басқару бұл элемент, функция, белгілі бір құрылымдарды сақтауды қамтамасыз ететін, ұйымдасқан жүйелердің режимін қолдау, олардың қызметін жүзеге асыруға, олардың бағдарламалары мен мақсаттарын түсіндіреді.
Ұйымға біріккен адамдарды басқару туралы сөз болғанда, онда көптеген басқа да аспектілері сияқты басқарушылық қызметіне психологиялық аспектте кіреді, сондықтан да психологиялық ғылымда табысты дамып келе жатқан, жаңа пән ретінде-басқару психологиясы пайда болды.
Әлеуметтік басқарудың басқа түрлерден айырмашылығы оның басты компонентті болып әртүрлі ұйымдардың мүшесі ретінде адамдар, немесе ұйымдастыру бөлімшелері тұтастай қатысады. Жеке тұлғалар (жеке өзі, немесе әлеуметтік топтардың құрамында) ұсынылып отырған күрделі жүйеде басқарушылық қарым қатынаста болуы керек, оған басқару субъектісі мен объектісі қатыса алады. Автордың жазуы бойынша әлеуметтік басқарудың негізгі категориялары «ұйым», «басқару субъекттісі мен объектісі» болып табылады.
Басқару субъектісі заттық-практикалық қызметтің тасымалдаушысы, белсенді басқарудың көзі, белгілі бір басқару объектісіне бағытталған болады. Басқару субъектісі жеке тұлға ретінде, немесе әлеуметтік топ ретінде қатыса алады.
Басқару объектісінің бір бөлігі объективті шындық болуы мүмкін, яғни оған басқарушының әсері бағытталған. Басқару объектісінде сондай-ақ жеке тұлға немесе әлеуметтік топта бола алады.
Әсер ету адамдар қатынасының басты құрамдас бөлігі ғана болып қоймай, көсемдіктің психологиялық негізі болып табылады. Басшы болу үшін әлуетті күш қана емес, адамдарға әсер ете алу қасиетіне ие болу керек. Өз ойыңды біреулерге жүктемес бұрын билікке ие болу керек. Билік көптеген қорларға сүйенуі қажет: мүмкіншілік, әрекеттер,т.б. Олар материалды, идеалды болуы мүмкін.
Қорлардың 3 тобы бар:
белгілі бір адамның билігінен емес, оның қоғамдағы ресми атқаратын рөліне байланысты әсер ету амалы.
адамның жеке тұлғалық қасиеттеріне әсер ету амалы.
басшының сендіру үшін айтылған белгілі бір сөздері арқылы әсер ету амалы.
Барлық қорлар бір – бірімен тығыз байланысты, олар бір – бірін өзара толықтырып отырады.
Жазалау мен мараппаттау арқылы билеу ол қарапайым басшылық үлгісі болып саналады. Бұл әсер етудің кемшіліктері бар: бағынушы тек тыңдауңа тиіс болған соң ғана бас иеді, егер оған жақсы жағдай жасайтын басқа басшы ұсыныс жасаса ол бірден келісімін беруі мүмкін.
Әсер ету әр топқа әр түрлі әсер етеді. Осының негізінде америкалық психолог көсемдіктің екі еркін типін бөлектеді:
бетпе – бет басқару. Топ мүшелері бір – бірмен тығыз байланыста болғанда басқару.
«алыстан басқару» . көсемдердің бағыныштыларымен жеке байланыс орнатуға мүмкіндігі болмайтынында.
Соңғы типте басшылар қол астындағылар үлгі ететіндей өз имиджін қалптастыруға тырысады. Осылайша көсем мен соңынан ерушілер арасында коммуникациялық қатынас пайда болады. Олар басшының жетістіктерін өзінен емес, ол туралы айтылған әңгімелер мен жаңалықтар ретінде қабылдағанды дұрыс көреді.
Басшы харизматикалық тұлға ретінде көрсетіліп, өзіне бағындыру қасиетіне ие болады. Сонымен қатар басшы – жетістікке жеткен адам. Болжам бойынша жетістікке жеткен адамға бағыну, әрі еліктеу адамдарға тән қасиет. Басшының әсер етуіне оның командасы мен жақтастарының даңқы да әсер етеді.
Билік адамның өзін ұстауынан да байқалады. Оның жүріс – тұрысы,сөзі бағынушыларынан өзгеше көрінеді. Ол қоластындағыларға қарағанда байыппен ұзақ сөйлейді. Басқарушылық қызметтің синтетикалық табиғаты жеке-біріккен ретінде қызметтің айрықша, спецификалық түріне жататындығын ғана анықтамайды, сонымен бірге оның негізгі психологиялық ерекшеліктердің қатарының болуын белгілейді. А. В. Карпов оларға келесілерді жатқызады:
1. Басқарушылық қызмет тікелей емес, белгілі бір ұйымның қызмет етуінің соңғы нәтижелерімен байланысты салдарлы байланысымен сипатталады. Аталмыш белгі бойынша басқарушылық қызмет атқаруышыл қызметтен ерекшеленеді.
2. Басқарушылық қызмет өз заты бойынша өте айрықшаланған. Оның пәні ретінде адамдар, тұлғалар сияқты өте ерекше заттар болып табылады. Басқарушылық қызметтің ерекше болуы оның пәні (ықпал ету объектісі) субъектілер болып табылатындығында. Осыған байланысты басқарушылық қызметтің қызықты ерекшелігін атап өткен жөн. Ондағы еңбек объектісі мен субъектісі өз ұйымының күрделілігі бойынша бірдей ғана емес, сонымен қатар өздерінің негізгі, яғни психологиялық ерекшеліктері бойынша да ұқсас болып табылады.
Е. В. Шорохова адамды анық сойлей алатын, ойлауға қабілетті, жоғарғы психикалық функцияларды игере алатын (абстрактты-логикалық пайымдау, логикалық еске сақтау және т.б ), еңбек құралдарын жасап және оны еңбек процессінде қолдана алатын жаратылыс иесі ретінде анықтады. Адамның бұл ерекшеліктері және қасиеттері (тіл, ойлау қабілеті,еңбектену және басқалары) адамдарға биологиялық жолмен берілмейді, бұл қасиеттер алдыңғы ұрпақпен жасалған мәдениетті ұғыну барысында қалыптасады.
Ешбір адамның жеке тәжірибесі оның ойлау қабілетінің өздігінен қалыптасуына, түсінік жүйесінің құралуына әкелмеген. Ол үшін мыңдаған өмір қажет етіледі. Әрбір адам ұрпағы өмірін алдыңғы ұрпақ қалдырып кеткен құбылыстар мен заттардың қоршауында бастайды. Олар еңбекке және қоғамдық өмірге араласа келе қазіргі адамдарға тән адамдық ерекшеліктерді дамытты.
Тұлға әлеуметтік түсінік, ол адамдағы табиғаттан тыс, тарихи құбылыстарын білдіреді. Тұлға туылмайды, ол мәдени және әлеуметтік жетілу барысында туындайды. Ерекше және басқаларға ұқсамайтын тұлға өзінің физикалық және жан дүниесі қасиеттерінің толықтырылуын «даралық» түсінігімен сипаттайды. Даралық тәжірибенің, білімнің, пікірдің, сендірудің, мінездің әртүрлілігімен қызуқандылығымен көрсетіледі және біз даралығымызды дәлелдейміз. Тұлғаның анықтамасы көп. Олардың тұлғаның мәселелерінің әр қырынан көрсетуіне қарамастан келесілері мейілінше дұрыс болып ұсынылады:
Б. Г. Ананьев : тұлға – еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі.
И. С. Кон: тұлға – бұл әлеуметтік рольдердің интеграциялық қырлары.
А. Г. Ковалев: тұлға – бұл қоғамда өзіндік орыны бар және белгілі бір қоғамдық рөль атқарушы, пайымдаушы жеке адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет