Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры Барлық магистратура білім беру бағдарламалары Пән циклы атауы және коды



бет5/33
Дата18.09.2022
өлшемі104,52 Kb.
#39393
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Силлабус баскару ПС 2020 2

Бекіту сұрақтары:
1.Ұйымдастыру- жарлықтық іс әрекеттерінің мазмұны педагогикалық менеджменттің қай
әдісіне жатады?
A) Менеджердің әкімшілік жұмыс әдісіне
B) Психо педагогикалық әсер ету әдісіне
C) Экономикалық әдіске
D) Қоғамдық әсер әдісіне
E) Өзін өзі жүйелі жетілдіру әдісіне
2.Басқару функциясының компоненттеріне жатпайды:
A) жоспарлау
B) нұсқау беру
C) ұйымдыстыру
D) реттеу
E) бақылау
3.Басқару функциясының компоненттеріне жатады:
A) басқару деңгейлері
B) бақылау
C) нұсқау беру
D) білімді жетілдіру
E) оқыту
Әдебиет

  1. Төлеубекова, Р. К. Білім берудегі менеджмент [Текст] : оқу құралы / Қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде. - Алматы : ССК, 2017

  2. Оспанова Ж. Б. Басқару психологиясы [Электронный ресурс],2018.

  3. Козлов В.В. Психология управления : Учебник,2013

  4. Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі : Оқу құралы / С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 126 бет Экземпляры: всего:100 - ЧЗ№1(2), №1(98).

  5. Тоғызбаева Қ.Қ. Еңбек психологиясы: оқулық,1-кітап,2015

  6. Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы,2016.

3 Дәріс тақырыбы: Басқару ғылымының даму тарихы


Сағат саны:2
Жоспары:

  1. Ежелгі тәжірибе және ғылым

  2. Басқару жүйесінің жалпы тұжырымдамалары

  3. Басқарудың классикалық және әкімшілік басқару мектептері

  4. Адамдық қатынастар мектебі және тәртіптік тәсілі

  5. Ғылыми басқару мектебі

Дәріс тезисі
Басқару өте ежелгі тәжірибе болып саналады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп, өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет пирамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келді.
Классикалық мектеп өкілдерінің ұйғарымы бойынша басқару - белгілі мақсатқа жетуде орын алатын қатаң әкімшілік қағида, әдістердің жиынтығы. Мәселен, осы бағыттағы көрнекті өкілі Файолдің пікірінше, әкімшілік ету жан - жақты ауқымын белгілейтін басқарудың бір бөлігі, және де техникалық, коммерциялық, қорғаныстық, бухгалтерлік, әкімшілік салаларын қамтиды. Осы қызметтер арасында әкімшілік әрекет ең маңызды есептелініп, оның элементтері: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру және бақылау анықталған. Сонымен қатар, А.Файол тәжірибеде кең қолдану тапқан басқарудың 14 қағидасын жасап шығарды. Оларға: жауапкершілік, жеке дара басшылық, иерархиялық басқару, жеке және жалпы мүдделер үйлесімділігі, мамандандыру, тәртіп, әділеттілік, ынта - ықылас, лауазымға сәйкестілік, қызметкерлер тұрақтылығы, орталықтандыру және т.б. енеді. Ұйымдағы басшылық, билік және құрылым құру проблемаларына көңіл бөліп зерттеуде әкімшілік мектептің келесі бір өкілі ерекше орын алады. Ол әртүрлі ұйымдарды талдай отырып, басшы ие болатын билік сипатына қарай ұйымдастырудың негізгі үш кезеңін, яғни харизматикалық, дәстүрлі және идеалды кезеңдерін ажыратып берді. М.Вебер ұйымдастырудың аталған түрлерін зерттей келіп, үшінші кезеңге үлкен көңіл бөле отырып, "бюрократиялық жүйе қағидаларын" жасап шығарды:

  • нақтылы еңбек бөлінісі;

  • басқару деңгейлерінің жіктелуі;

  • міндеттер бірыңғайлығымен үйлестіріле қажетті ресми ережелер мен стандарттар жүйесін жасау;

  • әлеуметтік аралық пен әділеттілік;

ХХ ғасырдың орта шеніне қарай ғылыми басқару және әкімшілік мектептердің адам факторына жеткіліксіз көңіл бөлуіне жауап ретінде жаңа бағыт адамдық қатынастар мектебі пайда болды. Оның өзі классикалық көзқарастағы кемшіліктерді шешу мақсатында пайда болғандықтан, адамдық қатынастар мектебін кейде неоклассикалық мектеп деп те атайды. Адамдық қатынастар мектебінің көрнекті өкілдеріне М.Фоллет, Э.Майо, Д.Макгрегор т.б жатқызылады. Ғылыми түрде басқарудың негізі Фредрик Уинслоу Тейлор (1851-1915) тарапынан қаланған. Ғылыми басқару философиясының ең негізгі элементі - өнімділік. Ғылыми басқарудың әдісі, тәсілі мен құралдары өнімділікпен қамтамасыз етуге тән. Ғылыми басқару, сонымен қатар жұмысшы мен басқарма мүдделері арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы, сол себептен ынтымақтасып бірге жұмыс істеулерінің қажетті және міндетті екендігі туралы ой-пікірге сүйенеді. Ф.Тейлор "ғылыми басқару" деген ой-пікірлерін "Ательені басқару" және "ғылыми басқарудың принциптері" атты екі шығармасында атап көрсеткен. Тейлор, ғылыми кәсіпкерлік саласында, қазіргі кезде де сөз етілетін "ғылыми басқарудың принциптерінің" мақсаттарын төмендегідей көрсетуде:

  • қымбатқа соққан тиімсіз жұмыстарды және шығындарды қарапайым мысалдармен келтіру;

  • осы тиімсіз жұмыстардың себебін, бірнеше төтенше күш пен адамдардың болмауынан емес, жүйелі басқару түсінігінің болмағандығын халыққа түсіндіру;

  • ең тиімді басқарудың белгіленген заңдарға, принциптерге және ережелерге негізделіп, шын мәнінде ғылыми тұрғыда болғандығын дәлелдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет