Жұмыс мақсаты: Әрекеттесуші заттар концентрацияларының химиялық тепе – теңдікке әсерін зерттеу.
Құралдар мен ыдыстар: пробиркалар, штативтер, шпатель.
Реактивтер: калий роданиді, темір хлориді.
Жұмыстың орындалу реті. 4 пробиркаға 1 мл0,3 М темір хлориді (III) - FeCl3 және 1 мл0,6 М калий роданиді – KCNS ертінділерін құямыз. Сәл ғана пробиркаларды шайқап, ертінділерді араластырамыз. Барлық пробиркаларды штативке бекітеміз, бір пробиркадағы ертіндіні салыстыру үшін бақылау ретінде аламыз.
Ертіндіде қайтымды реакция орын алады: FеСl3 + 3КSСNFе(SСN)3 + 3КСl
Темір үш роданиді ертіндіге қызыл түс береді. Пробиркалардың біріне 1 мл FeCl30,3 M, басқасына 1 мл KCNS0,6 M ертінділерін, үшіншісіне 2-3 микро шпатель KCl қосады. Барлық жағдайдағы түс қарқындылығының өзгеруін бақылау ертіндісімен салыстыра отырып белгілейді. Нәтижелерді кестеге толтырады.
№ пробирка
Қосылған ертінді
Түс қарқынды-лығының өзгеруі (әлсіреуі, күшеюі)
Тепе – теңдіктің ығысу бағыты (оңға, солға)
1
1 мл 0,3 MFeCl3
2
1 мл 0,3 M KCNS
3
2-3 микрошпатель
KCl
4
-
Байқалған құбылысты түсіндіріп, Ле-Шателье ережесіне сүйеніп сәйкес қорытынды жасаңыз.