Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған vk fkh 2207 Физколлоидтық химия пәні бойынша Алматы, 2022 ж



бет17/17
Дата26.11.2023
өлшемі255,57 Kb.
#128339
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Зертханалық сабақ ФКХ каз ТПП ТПерП ТППЖ ТиПО

Ұю табалдырығын анықтау


Жұмыстың орындалуы.Он пробиркаға 10 мл темір гидроксидінің гидрозолін құйып, олардың әрқайсысынан ылғи өсіп отыратын мөлшердегі 0,001Н натрий сульфатының ерітіндісін қосады да, әрбір пробиркадағы жалпы көлемді, оларға таза су қосу арқылы теңестіреді.
Мұндағы алу таңбалары, коллоидты ерітіндіге электролит қосылғанымен ұю құбылысының басталмағанын көрсетеді, өйткені электролит мөлшері жеткіліксіз, олар 1-5 пробиркалар. Ал қосу таңбалары, коллоидты ерітіндінің ұйығанын нұсқайды, олар 6-10 пробиркалар. Есептеу үшін әлі ұю басталмаған 5 пробиркаға қосылған электролит көлемі - 2,5 мл мен ұюбасталған 6 пробиркаға қосылған 3,0 мл екеуінің орташа мәнін, 2,5 мл + 3,0 мл = 5,5 мл : 2 = 2,75 мл алады.
Коллоидты ерітіндінің ұю табалдырығын теңдеу бойынша есептейді:
(7.3)

мұндаСэл- қосылған электролитің таралымы (концентрациясы);


Vэл - есептеуге қажетті, орташа мәндегі электролит көлемі, мысалы,жоғарыдағы 2,75 мл сиякты,;
V3 – алынған коллоидты ерітінді көлемі, айталық кестедегі 10,0 мл.


Кесте. Fe(OH)3гидрозолінің коагуляция табалдырығын анықтау



Пробирка реті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Золь, мл

10,0

10,0

10,0

10,0

10,0

10,0

10,0

10,0

10,0

10,0

Электролит, мл

0,5

1,0

1,5

2,0

2,5

3,0

3,5

4,0

4,5

5,0

Таза су, мл

4,5

4,0

3,5

3,0

2,5

2,0

1,5

1,0

0,5

0,0

Жалпы көлем, мл

15,0

15,0

15,0

15,0

15,0

15,0

15,0

І5,0

15,0

І5,0

Лайлану*































* « - » немесе «+» байқалатын коагуляция белгілері көрсетіледі.


12-ЖҰМЫС. КОЛЛОИДТЫ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҰРАҚТАНУЫН ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫШ САНЫН АНЫҚТАУ


Жұмыстың орындалуы.Алдыңғы тәжірибедегідей он пробиркаға әуелі коллоидты ерітіндіні, таза суды, қорғаушы ретіндегі 0,01% процентті желатин ерітіндісін құйып, мұқият араластырып, шамамен 5-7 минуттей сақтайды да осы мөлшердегі электролит қосады.Мұны мысал ретінде берілген келесі кестедегі рет бойынша орындауға болады.


Кесте. Fe(OH)3гидрозолі үшін желатиннің қорғаныштық санын анықтау



Пробирка реті

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Золь, мл

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

5,0

Су, мл

0,0

0,5

1,0

1,5

2,0

2,5

3,0

3,5

4,0

4,5
Желатин, мл

5,0

4,5

4,0

3,5

3,0

2,5

2,0

1,5

1,0

0,5

Электролит, мл

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

1,5

Жалпы

11, 5

11, 5

11,5

11,5

11,5

11,5

11,5

11,5

11,5

11,5

Лайлану































* - коагуляция тудыратын электролиттің ең аз көлемін қосады;
** -« - » немесе «+ » таңбаларымен байқалатын қорғаныш белгісі көрсетіледі
Мұндағы да алу таңбасы коллоидты ерітіндінің әлі ұйымағандығын, ал қосу - ұйығандығын көрсетеді. Осындағы 1,5мл алынған электролит мөлшері екінші тәжірибеде ұйыған алтыншы пробиркадағы электролит көлеміне сәйкес және ол әрбір тәжірибеде өзгеруі мүмкін. Сол сияқты желатин ерітіндісін де екі түрлі етіп әзірлеуге болады. Мысалы, әуелі 50 мг желатинді 100 мл таза суда ерітіп бірінші және кіші таралымдағы ерітіндіні әзірлеп, онымен қорғаушы санын анықтайды да, мұны 100 мл таза суда 100 мг желатинді ерітіп екінші рет анықтайды.
Қорғаушы санын теңдеу бойынша анықтайды:


(7.4)
мұндағы Сж - желатин таралымы, Vж - ұю құбылысын болдырмай, коллоидты ерітіндіні қорғайтын желатин ерітіндісінің ең аз көлемі, V3 - алынған коллоидты ерітінді, яғни золь көлемі. Мұнда да үшінші мен төртінші пробиркаға қосылған желатин ерітіндісінің орташа мәнін, 4+3,5=7,5; 7,5:2=3,75 мл, алады.

Зертханалық жұмыс № 15. ББЗ ерітінділерінің солюбилизациялаушы қабілетін зерттеу
Жұмыстың мақсаты:Аз еритін бояғыштың мольдік солюбилизациялануының ББЗ концентрациясынан тәуелділігін анықтау; солюбилизация әдісімен МШК анықтау.
Аспаптар мен ыдыстар: Фотоэлектроколориметр, мысалы ФЭК-56М, сыйымдылығы 50 мл тығыны бар конус тәрізді колба, сыйымдылығы50 мл өлшеуіш колба, фильтрлеуге арналған воронка, бюреткалар немесе градуирленген пипеткалар, фильтр қағаздары.
Реактивтер:ББЗ ерітінділері, мысалынатрий олеатының0,2 М ерітіндісі, бояғыш, мысалы Судан III, пинацианолхлорид.


Жұмыстың орындалу реті: Конус тәрізді колбаларға 6-8 ББЗ бастапқы ерітінділерін біртіндеп сұйылта отырып дайындайды. Әр дайындалған ББЗ ерітіндісіне 5-10 мг бояғыш қосады (мөлшері скальпельдің ұшындай). Колбаларды тығындармен жауып, қоспаларды қарқынды араластырады, 40-60 мин ұстаған соң, қағаз фильтр арқылы өткізеді.
Фотоэлектроколориметр көмегімен әрбір фильтраттың ең аз концентрациясынан бастап, белгілі бір жарық фильтрінде оптикалық тығыздығын D өлшейді (мысалы, судан III бар ерітінді үшін № 6 жарық фильтрін пайдаланады). Оптикалық тығыздықты өлшеу әдістемесі құралдың құжаттамасында көрсетілген.
Калибрленген график көмегімен оптикалық тығыздығы бойынша S ерітіндінің бірлік көлеміндегі солюбилизаицияланған бояғыштың мөлшерін анықтайды. Берілген ББЗ ерітіндісінің мольдіксолюбилизациялану қабілетін алынған S мәнінің ББЗ концентрациясына қатынасы ретінде есептейді:


Sм=S/с (9.6)

мұндас-ерітіндідегі ББЗ концентрациясы, моль/л.


Калибрлену қисығы бойынша[D=f(с)бояғыш ерітіндісі үшін] ББЗ ерітіндісінің Sммольдік солюбилизаициялану қабілетін табады. Зерттеу нәтижесін 10-кестеге жазады.
Калибрлену қисығын тұрғызу үшін бензолдағы бояғыш ерітіндісінің (ББЗ қатысынсыз) оптикалық тығыздығын өлшейді. Ерітінділерді келесі түрде дайындайды. Бояғыштың дәл өлшенген мөлшерін (~ 10 мг) өлшеуіш колбаға құяды, бензолдың аз мөлшерін қосады, араластырады және белгіленген жеріне дейін бензол қосады. Бастапқы ерітіндіден бірте-бірте сұйылта отырып 5-6 ерітінді дайындайды.
ББЗ концентрациясынанDжәнеSмтәуелділігі графигін тұрғызады. Концентрция осіне тәуелділіктің бастапқы учаскелерін экстраполяциялау жолымен МШК анықтайды.
10Кесте. Бояғыштың солюбилизациясының ББЗ ерітінідісі
концентрациясынан тәуелділігін зерттеу нәтижесі

ББЗ ерітінідісі концентрациясы

D оптикалық тығыздығы

Dорт

Sм

г/л

моль/л


























Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет