Зертханалық жұмыс № 13. Конденсация әдісімен коллоидтық жүйелерді алу. Жұмыс мақсаты:Коллоидты жүйелерді конденсация әдісімен алу. Мицелла құрылысы мен коллоидты бөлшектердің белгісін анықтау.
Аспаптар мен ыдыстар: сыйымдылығы 100мл колбалар, сыйымдылығы 100мл стакандар, сыйымдылығы 5 мл пипеткалар, воронкалар, су моншасы, фильтрлер, электр плитасы. Реактивтер: күкірт, дистилденген су, этанол, канифоль немесе парафин, 2%-тікFeCl3ерітіндісі, 1%-тікNa2S2O3 ерітіндісі, 1% тікК4[Fe(CN)6]ерітіндісі, 1% - тікCuSO4ерітіндісі,1,5%-тікКMnО4ерітіндісі, концентрлі NH4OHерітіндісі.
1 тәжірибе. Күкірт золін алу (еріткішті алмастыру әдісі)
Жұмыстың орындалуы. Алдын-ала күкірттің қаныққан спирттік ерітіндісін дайындайды. Ерімеген күкіртті фильтрлейді. Пробиркаға 2-3 мл дистилденген су құяды, оған тамшылатып күкірттің спирттік ерітіндісін араластыра отырып қосады. Күкірт золінің пайда болуы нәтижесінде көк опалесценцияның пайда болуын байқаймыз. Күкірт шын ерітінді түзе отырып, спиртте жақсы ериді, ал суда ерімейді. Бір еріткішті екіншісімен алмастыра отырып (спиртті сумен). Тұрақтандыратын заттың ролін күкірттегі өте аз қоспалар орындайды. Егер тұрақтандырғыш күкіртті қышқылы болса, мицелланың формуласын жазыңыз.
2 тәжірибе. Канифоль немесе парафин золін алу (еріткішті алу әдісі)
Жұмыстың орындалуы. Алдын-ала 2%-тік спирттегі канифоль немесе парафин ерітінділерін дайындайды, сосын тамшылатып (0,5 мл-ден көп емес) оған 10 мл дистилденген су қосады. Алынған ерітіндіні жақсылап араластырады. Суланған фильтрмен ірі бөлшектерден фильтрлеуге болатын мөлдір опалесценцияланатын золь пайда болады.