Білім беру бағдарламасының күндізгі қысқартылған оқыту бөлімінің білім алушыларына арналған а қтөбе 2021 Рецензенттер


Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп жүйесіндегі сабақтастық



бет32/42
Дата22.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#95797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика (1)

Мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектеп жүйесіндегі сабақтастық. Әлем тәжірбиесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Осы орайда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енгізуде білім беру ісі басты құрал болып табылады. Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт. Адамның өмір сүруіне қажетті білім мен тәрбие негізі балабақша мен бастауыш мектепте қаланады. Сондықтан, балабақша мен бастауыш мектепте әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін рухани күш беру негізгі міндет болып отыр. Бұл міндетті шешуде мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш мектептегі білім беру үрдісінің сабақтастығы арқылы қол жеткізуге болатыны айқын. Сабақтастықтық үздіксіз білім берудегі педагогикалық үрдісте қолайлы жағдай туғызуы үшін қажет.»Сабақтастық» ұғымы ғылымының әр алуан салаларында қолданылады және көп мағыналы ұғым болып табылады.Бұған ғылыми әдебиеттердегі оған берілген әр түрлі тұрғыдағы анықтамалар дәлел бола алады. Сабақтастық «балабақша мен бастауыш мектептің арасындағы екі жақты байланыс ретінде, оқытудың бір сатысынан екінші сатысына өтудегі диалектикалық ішкі байланысты жүзеге асыру ретінде, алдыңғы білімге сүйенуді қамтамасыз ету ретінде, балаларды әрі қарай дамытудың перспективаларын құру ретінде қарастырылады». Әйтсе де, барлық анықтамалар бір мазмұнға келіп тоғысады. Оған төмендегі кестеден көз жеткізуге болады.
«Сабақтастық» - ол өмірдің атадан балаға жалғасуы, қандай да бір әдет-ғұрыпты сақтаудағы сабақтастық, ұрпақтардың ұлттық құндылықты сақтаудағы сабақтастық, тәрбие берудегі сабақтастық – ол ұлттық педагогика, ұлттық құндылықтағы сабақтастық т.с.с.Сабақтастықты әлеуметтік жағынан алып қарағанда ол-қандай да бір құбылыстардың дамуы материалдық қоғамдық рухани өмір жағдайларының даму үдерісін бейнелейді. Ал әдістемелік, ол – сол құбылыстың, болып жатқан жағдайлардың себебін анықтап білу.
Философиядағы «сабақтастық» ұғымы мен білім берудегі «сабақтастық» ұғымы тығыз байланысты. Білім берудегі сабақтастық проблемасы ұлы педагогтардың педагогикалық ой-пікірлерінде маңызды орын алды.
Білім берудегі сабақтастық проблемасын чех педагогы Я.А.Коменский сабақтастықты адам дамуының жас ерекшелігінен, оның танымдық әрекетінен туындайтын оқыту ұстанымы ретінде қарастыра келіп, біріншіден жалпы білімге көңіл бөлу қажет, онда алдыңғының бәрі кейінгіге жол ашып, оның қадамына жарық түсіруі тиіс, екіншіден, сабақтастықты қамтамасыз ету жағдайында баланың жас ерекшелігіне сәйкес берілетін білімге жете көңіл бөлу, үшіншіден отбасындағы берілетін білім балабақша мен бастауыш сыныптардағы берілетін білімге бағыт-бағдар беретіндей жағдайда жүргізілуі керек, төртіншіден, өмір бойы білім алу, өз-өзінің білімін жетілдіріп отыру туралы пікірі бүгінге дейін құндылығын жоғалтпаған дүние екендігін білеміз. Я.А.Коменскийдің саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, сабақтастық ұстанымдарын өзара тығыз байланыста алып қарағандығын атап өткен жөн. Швeйцaрия пeдaгогы Иогaнн Гeнрих Пeстaлоцци оқыту үдeрісін «сaнaның бұлыңғыр, жүйeсіз түсініктeрінeн бeлгілі бір түсініктeрді, көріністeрді, aйқын ұғымдaрды тaнып-білугe дeген ұмтылысы» деп сaнaды, яғни оқытудaғы сабaқтaстықты үздіксіз, жүйeлі құбылыс дeп түсінді.
Орыс педагогы К.Д.Ушинский оқытудағы сабақтастықты тек маңызды оқыту ұстанымы ретінде қарастырып қана қоймай, оны «оқытудың табысты болуының алғы шарты» яғни сабақтастық бұрын оқылған және оқылып жатқан материалдар арасындағы байланыстарда пайда болады деп көрсетеді.
Ресейде мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі сабақтастық мәселесін алғаш қарастырған В.Ф.Одоевский болды, ол «Ғылымға дейін ғылым» деген еңбегінде мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналып, оның бастауыш мектептің еңбек тәрбиесінің өзара байланысын ұйымдастыру туралы қызықты ой-пікірлер айтылады.
А.С.Симонович балабақша мен мектептің байланысын келесідей көрсетеді: балабақша баланың жалпы дамуын жүзеге асырады, ал мектеп бұл дамуды қолданады. Балабақшада балалар оқымауы керек, олар дамуы керек, «мектеп пен балабақшадағы сабақтар арасында қатаң сызық салынған: мектеп күрделі ғылыммен айналысады, ал балабақша күрделі ойынмен айналысады. Мектепте – берілетін пәнге назар аударылады, ал балабақшада -балаға назар аударылады, ал пән екінші рөлде болады, ол тек мақсатқа жету құралы болып саналады». Сонымен қатар, « …қазіргі заманғы мектеп өзінің құрылымын, әсіресе бірінші сыныпта өзгертсе, оқушыларды грамматикамен шаршатпаса, оның орнына мектеп пәндерін беру енгізілсе, бала үшін балабақшадан қарапайым мектепке тікелей өту болмайтын еді».Бұл пікір К.Н.Вентцельдің жұмыстарында да кездеседі. Ескі мектепті сынай отырып, автор балабақшаны мектеппен байланыстырмау керек, ал мектепті «балабақшаның жаңа типіне» бейімдеу керек деп санады. Ол «жаңа балабақша баланың шығармашылық дара тұлғасын дамытуды дайындау үшін ең қолайлы орта болып саналады» деп атап көрсетеді.
Н.Ф.Каптерев балабақшаны балалардың қоғамдық тәрбие жүйесінің бірінші сатысы ретінде қарастырады. Ол «мектепке дейінгі жылдары баланың ойын, еңбек, оқу іс-әрекеттерінде ақыл-ой дамуына үлкен назар аударуды, оның сезімдерін, еркін дамытуды, дербестік, шыдамдылық, бақылау шеберлігі, салыстыру сияқты мінез-құлық белгілерін дамытуға ерекше назар аударуды атап көрсетеді, бұлардың бәрі баланы оқуға толыққанды дайындау үшін қажет» деп тәжірибесін жинақтау арқылы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қалыптасуына мән берген. Педагогтың келесі ой-пікірлері өзекті болып саналады: ересек топтағы балаларды мектепке даярлау, балалардың өзара оқыту барысында, күнделікті өмір үдерісінде жүзеге асырылуы керек, сонымен бірге әрбір баланың күшіне сәйкес келетін ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылуы керек .
Танымал педагог Е.И.Тихеева балабақшаның мектеппен тығыз байланысын қалыптастыру қажеттілігі туралы жазған болатын: «Балабақша мен мектеп арасында ешқандай сызық жоқ және болмауы да керек. Балабақшаның ересек сатысы – үштен бір мектеп, ал мектептің кіші сатысы – үштен бір балабақша болып саналады». Автордың пікірінше, балабақшаның ересек тобында балалардың білімдері мен елестетулерінің бірқатар жүйесін реттеу қажет, оларды балалар балабашадағы оқу-тәрбие үдерісінде меңгереді». Білім берудегі сабақтастық мәселесі көптеген еңбектерде талданса да, бүгінгі таңда дидактикада аталмыш мәселе бойынша бірегей көзқарас жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет