Білім беру бағдарламасының күндізгі қысқартылған оқыту бөлімінің білім алушыларына арналған а қтөбе 2021 Рецензенттер



бет33/42
Дата22.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#95797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Байланысты:
Мектепке дейінгі педагогика (1)

Сабақтастық дегеніміз – екі буын арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі. Сабақтастық жұмысындағы ортақ мақсат: мектепке оқуға балаларды табысты дайындаудың жолында, олардың интеллектуалдық және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай білім мен тәрбие кеңістігін қалыптастыру. Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары қойылып отыр. Оның ішінде мектепте сапалы білім алуы мектепалды дайындығына және балабақша мен бастауыш мектептің сабақтастығымен тығыз байланысты.
Балабақша мен бастауыш сатының сабақтастығы біріншіден: аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуын, білім мазмұнының бірыңғай жүйелі құрылуын, баланың тиімді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшуінің қамтамасыз етілуін қарастырады. Екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуын қамтамасыз ету қажет (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері, құралдары, ұйымдастыру түрлері). Сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде – жас ерекшелігіне сәйкес балалардың өзін-өзі бағалауының сақталуы, баланың танымдық және тұлғалық дамуы, олардың қоршаған ортамен өзара байланыс жасауға дайындығы, мектепке дейінгі кезеңдегі іргелі жаңалықтар ретіндегі жетекші әрекеттерінің дамуы қарастырылады. Ал бастауыш сатыда – мектепке дейінгі кезеңдегі жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерді түзетуге арнайы көмек көрсетуді, жетекші әрекеттер арқылы қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас формаларын дамытуды қамтамасыз ету қажет. Білім беру мазмұнының сабақтастығы мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш сатыдағы, негізгі мектеп және кәсіби бағдарлы мектептер мен жоғары оқу орындарында жалғасын тауып, білім мазмұны үндестік пен үйлесімділік тұрғысынан қарастырылғанда ғана маңызды болмақ.
3.Балаларды мектепке дайындау аспектісінде бірқатар проблемалар бар. Бұл проблемалар мен қайшылықтарды шешу отбасы мен мектепке дейінгі мекемеде мектеп жасына дейінгі баланы мектепке дайындаудың теориясы мен практикасын қалыптастыруды дамытудың қозғаушы күші болады. Проблемаларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады: ұдайы, білім беруді дамытудың кез келген кезеңіндегі өзекті проблема, мұны шешу педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылып отыруы тиіс; ситуациялық сипаттағы проблемалар, олар өз шешімдерін нақты уақытша ситуацияларда татбуды талап етеді. Бірінші топтың кейбір проблемаларын көрсетейік.
-Мектепте оқуға көшу үшін оңтайлы жас кезеңін анықтау проблемалары.
-Баланы мектепке нәтижелі бейімделуді қамтамасыз ету проблемалары (биологиялық, әлеуметтік).
Мектепте және балалар бақшасында баланы жалпы және арнайы дайындау сапасын көтеру проблемалары.
-Мектепке дейінгі мекемеге бармайтын балаларды мектепке білім беру мекемелерінің (орталықтар, қысқа мерзімді топтар) баламалы балабақшаларында дайындау проблемалары.
-«Балабақша - мектеп» жүйесінде дайындаудың сабақтастығын қамтамасыз ету проблемалары.
-Баланы мектепке дайындаудың барлық түрлерін кешенді диагностикалауды қамтамасыз ету проблемалары (кезеңділік, толыққандылық, жан-жақтылық).
-Мектепке жалпы және арнайы дайындауды жүзеге асырудағы педагогикалық кадрлар проблемалары; тәрбиешілер мен бастауыш мектеп мұғалімдерінің жұмысының сабақтастығын жүзеге асыру проблемалары; бұл аспектідегі баламен жұмыстың отбасымен өзара әрекеті проблемалары.
-Балаларды мектепке дайындағанда олардың жеке ерекшеліктерінен туындайтын проблемалар («солақай» балалар, дамуында ауытқулары бар балалар, дарынды балалар, алты жасарлар, физикалық және психикалық даму ерекшеліктері бар балалар).
-Баланы мектепте оқуға дайындағанда оның қандай да бір компоненттерінің болмауымен немесе жеткіліксіз қалыптасқандығынан туындайтын проблемалар.
- Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындағанда атааналар мен педагогтардың теориялық және әдістемелік материалдардың көптігінен оларды дұрыс таңдай білу қажеттілігімен байланысты проблемалар; дайындау процесі ретіндегі нәтиже ретіндегі мектепке дайындықтың мәнін ашатын көзқарастардың әртүрлілігімен байланысты проблемалар. Бұл проблемалар кешенін жалғастыра беруге болады. Бұлардың әрқайсысынан дербес проблемалар бөліп алуға болады. Бұл тізім педагогикалық процестің нақты ішкі және сыртқы шарттарына негізделген, отбасы жағдайының ерекшеліктеріне және басқа да факторларға байланысты дайындықтың жеке проблемаларымен толықтырылуы мүмкін. Тақырыпты аяқтай келе, оны ашуды толық аяқтадық деп айтуға болмайтындығын атап көрсетеміз. Тақырып ауқымды, оның қосымша өз бетімен зерттеуді және мектепке дейінгі мекемелер мамандарының саналы түрде ойлануын қажет ететіндей көптеген аспектілері бар. Ұсынылған әдебиеттермен өзіндік жұмыстарды, практикалық тапсырмаларды орындау бұл тақырыпты терең түсінуге, алған білімді практикалық сабақтарда қолдануға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, білім беру мекемелеріндегі педагогикалық қызметінде, ата-аналармен жұмыс жүргізуде көмек болады.
Қорыта келгенде, екi сатыдағы негiзгi мақсат, мiндеттер нақтыланып, бiлiм мазмұнын айқындайтын ұстанымдар анықталып, баланың мектепалды даярлығы мен бiрiншi сыныптың оқу жылы аяғындағы оқу мазмұнына сипаттама жасау арқылы балабақша мен бастауыш сыныптағы бiлiм мазмұнының сабақтастығын қалыптастыруға қол жеткiзуге болады деп ойлаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет