6-СӨЖ:Топтық жоба дайындау. Жеке жоба дайындау тапсырмалары. Жеке жоба – дайындық дәрежесі жоғары студенттер, өз еркімен орындайды. Жұмыс тақырыптың ерекшелігі және ізденушілік бағытымен ажыратылып тұруы тиіс.
Жеке жоба тақырыптары:
Биология пәні оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалынудың тиімділігі.
Биологияны оқытуда экологиялық білім берудің жолдары.
Биологияны оқытуда педагогикалық технологияны пайдаланудың тиімділігі.
Биологияны оқытуда өз организмін танып білуге үйрету.
Биология сабақтарында проблемалық әдіс пайдаланып оқыту.
Тірек-сызба дайындауға ұсынылатын талаптар.
Эволюциялық ілімді меңгеруде суреттер мен схемалар эволюциялық әрекеттің барысы мен жүру жолдарын талдауда маңызды рол атқарады. Эволюциялық әрекеттерді жақсы түсіну үшін тірек- сызба жасау ұсынылады.Схема тақырыптың негізгі мазмұнын аша білуі тиіс. Әрекеттерді көрсетуге арналған бастапқы факторлар, аралық әрекеттер, түзілетін түзілетін формалар, әрекеттің негізгі элементтерін анық құрастыра білуі тиіс.
Тірек- сызба тақырыптары: Биология пәні оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалынудың тиімділігі.