Білім беру бағдарламасының коды, атауы: В05101 Биология Курс семестр Шымкент, 2022 Дайындаған : а ш. кандидаты М


СӨЖ ұйымдастыру және жүргізу бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар



бет2/10
Дата21.10.2023
өлшемі171,5 Kb.
#120262
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
СӨЖ биологияны оқыту

СӨЖ ұйымдастыру және жүргізу бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар.

СӨЖ курстың белгілі бір бөлімдері бойынша немесе толассыз мәселелер бойынша жүргізіледі, бірнеше тақырыптарды, бөлімдерді немесе модульдерді қамтиды. Зерттеу сипаты бар СӨЖ бұл белгілі бір мәселелер шеңберіндегі СӨЖ.


СӨЖ түрлі әдістер және комбинациялармен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің алдында студенттердің білім сапасын арттыру, жоғары білікті және қажетті мамандарды дайындау міндеті тұр. Жоғарғы оқу орны іс-әрекетінің негізгі бағыты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің дүниежүзілік білім беру кеңістігіне интеграциялануы және оқытудың несиелік жүйесіне өте отырып тұлғаның білімге деген қажеттілігін өтеуге бағытталған болуы тиіс.
Бұл жүйе студенттің білім алу бағыты мен жеке ерекшеліктері негізінде олардың білімді өзінше игеру дәрежесін арттыруға бағытталған.
Бұл жүйе оқытушыларға төмендегідей жоғары талаптар қояды:
- материалды еркін игеру;
- білімдері қазіргі күннің талаптарына сәйкес келуі тиіс;
- жалпы эрудиция және жан-жақты білім;
- аудиторияда қызығушылық ояту, студенттердің білім алуға деген белсенділігін арттыра білу.
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – бұл студенттердің дидактикалық
мәселелерді өзінше шешуге, танымдық іс-әрекетке қызығушылығын арттыруға және белгілі бір ғылым саласы бойынша білімдерін арттыруна бағытталған оқу үрдісінің ерекше түрі.
Студенттердің өзіндік жұмысы логикалық ойлаудың дамуын, танымдық
белсендікті және оқу материалын игеруге ізденушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған практикалық мәселелерді шешумен тығыз байланысты.
Негізінен СӨЖ бекітілген кесте бойынша оқытушының қатысуымен өтетін (ОБСӨЖ) аудиториялық сағат және арнайы ұсынылған тақырыптар бойынша өтетін аудитоиядан тыс сағаттарды өз ішіне ендіреді. .
Күндізгі оқу формасы бойынша бакалавриатта оқитын студенттер үшін өзіндік жұмыс уақыты, пәнге бөлінген сағаттың 75% құрайды, және де ол сағаттардың жартысы СӨЖ-ге беріледі. Ал сыртқы бөлімде оқитын студенттер үшін өзіндік жұмыстарының көлемі жалпы бөлінген несиелердің 80% кем болмауы тиіс.
СӨЖ ұйымдастыру жоғары оқу орнының негізгі нормативтік құжаттары, оқу бағдарламалары, пәннің жеке бөлімдерін өзінше игеруге қажетті материалдарына сәйкес жүргізіледі.
Оқытудың несиелік жүйесі кезінде өзінше білім алу, өзінше даму мен еркін және сындық ойлауды қалыптастырудың негізгі факторы ретінде студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) маңызы арта түседі. Бұл жерде негізгі тірек студенттердің белсенділігі мен мақсаттылығына бағытталған. Оқу үрдісі білімді тек қана біржақты беруден алшақ. Мұнда оқытушы студенттердің ойлау іс-әрекетінің ұйымдастырушысы, кеңесші ретінде, ал студент білімді белсенді қабылдаушы және іске асырушы. Студент бүкіл оқу мерізіміне қажетті болған анықтамалық – бағыттаушымен қамтамасыз етілуі тиіс.
СӨЖ-дің тиімділігі оны ұйымдастыруға байланысты. СӨЖ материалдарын кафедраның профессор-оқытушылық құрамы құрастырады және де өз ішіне төмендегі құжаттарды енгізеді:
- типтік және оқу жұмыс жоспарларының негізгі бөлімдеріне сәйкес тапсырмалар жүйесі;
- пәнді оқытудың бүкіл мерзіміне сәйкес келетін СӨЖ кестесі;
- рефераттар мен баянадамалар, творчествалық жұмыстар тақырыбы;
- негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі;
- қажетті жұмыс көлемі, орындалу мерзімі мен оны тапсыру түрі;
- консультациялық көмек беру уақыты;
Студенттер білімдерінің тереңдігі мен сапалы және де жалпы білім
берудің жемісті болуы, СӨЖ ұйымдастыру кезіндегі тактикалық әдістерді дұрыс қолдануға тәуелді болады. Сондықтан СӨЖ ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру қажет:
- студенттердің үй тапсырмасын жоспарлау және ұйымдастыру;
- студенттерге әрбір үй тапсырмасының мақсатын және тапсырма қалай бағаланатындығын түсіндіруді;
- тапсырманы орындауда студентке қажетті көмек пен консультацияларды беру;
- тапсырмаларды өз уақытында тексеру және де студенттерпдің қателіктерін көрсеті негізінде кері байланысты қамтамасыз ету;
- студенттерге қойылатын бағалар бойынша нақты жазу;
- осы жазуларды студенттерге қажетті уақытта көрсетуге мүмкіндік беретіндей оңай және қолайлы жүргізу;
СӨЖ ұйымдастыру кезінде бағалау формалары әр түрлі болуы мүмкін,
мәселен аралық бақылау кезінде: жазба емтихан, жеке немесе топтық жобалар дайындау бойынша үй тапсырмалары, реферат дайындау т.б. Ал қорытынды бақылау (семестр соңында) негізінен жазба немесе тестік емтихандар түрінде өткізіледі.Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру инновациялық технологияларды қолдануға негізделген болуы тиіс. Өзіндік жұмыстардың аудиториялық түріне студенттердің оқулықтармен, әдебиеттермен жұмысы, топтық тапсырмаларды орындауы, қойылған нақты мәселе көлемінде жеке талдау жұмыстарын жүргізу жатады. ОБСӨЖ көлеміндегі сабақтар консультативті және интерактивті формада болуы мүмкін. Олардың арақатынасы пәннің күрделілек дәрежесімен, студенттердің дайындық деңгейімен және оған бөлінген аудиториялық сағаттардың санымен анықталады. ОБСӨЖ бойынша сабақтар сонымен бірге үлгерімі нашар, қосымша консультация алуды қалайтын студенттерге арналған.
Қазіргі заманғы құбылмалы дүниеде студенттер сынды ойлауды және қойылған нақты мәселелерді шешуді үйренуі қажет. Бұған жоғарғы оқу орнында үйрену қажет. Бұның тиімді формасы жобаларды дайындау және оны қорғау болып табылады. Жобаларды, әдетте дайындық дәрежесі жоғары студенттер орындайды. Олардың жұмыстары тақырыптардың ерекшелігімен, ізденушілік бағытымен ажыратылып, жобаның нәтижелері топтың алдында немесе конференцияда талқылануы қажет. Жобаларды қорғауды КВН түрінде де өткізуге болады.
Оқытушы үшін талқыланатын мәселедегі, немесе нақты өндірістік ділгірлікті ажыратып көрсетудің, сұрақты қоя білудің маңызы зор:
➢ Қалай?
- (талқыланатын сұрақ қалай пайда болды?)
➢ Неге?
- (сіздің шешіміңіз неге жұмыс істейді?)
➢ Нәтиже қандай?
- (егер жағдай өзгермесе, мүмкін болатын нәтиже қандай болады?)
- (сіздің пікірлеріңізді қолданса, нәтиже қандай болар еді?)
Тәжірибе студенттердің мұндай жұмыстарға белсенді кірісетінін көрсетеді. Себебі, біріншіден бұл ділгірлік ойдан алынбаған, өмірлік болғаны үшін және де оның шешімі өмір сүру деңгейін көтеруге әсер етеді .Жастар әрбір ділгірлікті шешудің кездейсоқ, ерекше жолдарын ұсынады және де ол шешімінің әрбіреуінде құнды негіз болуы мүмкін.
Жобаны дайындау-мәселесінің өзі студентке көптеген әдебиеттерді өңдеуге, әрбір ділгірлікті ажыратып оны шешу жолдарын іздеуге мүмкіншілік береді. Сонымен бірге жобаны қорғауды дайындау да оңай мәселе емес: бұл негізгі мәселені ажырата білу, мақсат пен міндеттерді анық көре білу, нақты өмірде теориялық білімдерді қолдану, ал ең негізгісі студент: «білгірлікті қалай шешу қажет?» - деген сұраққа жауап іздейді.
Мәселен, жобаны студенттер арасында талқылауды төмендегідей ұйымдастыруға болады:
- тапсырмаларды беру, мәселен белгілі бір тарауды оқып келу;
- топпен жиналып тақырыбтың әртүрлі элементтерін топтың әрбір мүшесіне бөліп беру;
- топтың әрбір мүшесі таңдаған тақырыбы бойынша қорғауды дайындауы;
Студент үшін тақырыпты зерттеу төмендегідей жүреді:
- соңғы 2-3 жылда шыққан кез келген журнал, газет немесе Интернеттегі мақаланы (1-2 бет) таңдап алу;
- өзінің тақырыбы көлеміндегі қазіргі кездегі маңызды ділгірлікті анықтау;
- қысқа талдау жасап, әрбір мақаланың талқыланатын тақырыппен қандай байланысы барын анықтау. Бұл жұмыс талдау жазбаларын жасауды қажет етеді;
- талқыланатын мәселенің бір нұсқасын, жазбалармен (конспект) бірге оқытушыға және әрбір топқа таратып беру;
- аудиторияда мақала мазмұнымен қысқаша таныстырып, оны топта талқылауды ұйымдастыру.
Оқытушы студенттің тақырыпты қаншалықты жарытуына және
студенттер арасында қызығу оятуына, студенттің ділгірлікке жандасу дәрежесіне қарай бағалайды.
Сонымен оқытушының нақты бір студентпен СӨЖ ұйымдастыруы, оның мазмұны, жеке бір пәнді оқытудың жетістігін, ділгірлікті талқылау дәрежесін көтеру мен оны шешу мүмкіншілігін анықтайды. Сонымен бірге студенттің мамандандырылған ойлауы мен оның екпінді аппарат ағынындағы бағдарлау қабілетін арттырады. Қорытындыда мұндай жұмыс жауапкершілігі жоғары, білікті маманды дайындауға септігін тигізеді..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет