Білім беру бағдарламасының коды, атауы: В05101 Биология Курс семестр Шымкент, 2022 Дайындаған : а ш. кандидаты М


Пән бойынша СӨЖ орындауға әдістемелік ұсыныстар



бет3/10
Дата21.10.2023
өлшемі171,5 Kb.
#120262
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Пән бойынша СӨЖ орындауға әдістемелік ұсыныстар.

“Биологияны оқыту әдістемесі” курсын оқыту барысында студентке СӨЖ ретінде лекциялардың қысқаша конспектімен танысумен қатар педагогиканық мамандықтың өзекті мәселелері бойынша педагог ғалымдардың еңбектеріне сараптама жасалынады.


СӨЖ нәтижелері дұрыс жоспарлануымен негізделеді. Оқу жылының басында студентке тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмалар студенттің ағымды және қорытынды бақылауын бақылайды және ескереді. Семестрлік тапсырманың әр бөлікиерін алдын ала хабарлау керек, бұл Syllabus (оқыту бағдарламасы) арқылы жасалады. Күн сайын кесте арқылы (Office Hours) берілген тапсырмалар бойынша студенттердің кеңес алуға мүмкіндігі болуы қажет. Тапсырмалардың құрастыру барысында оқытушы студент аталған пәнді оқығаннан кейін нені білу керек екенін өзі үшін нақты анықтағаны жөн. Студент білім деңгейі мен қажетті дағдыны игеруге міндетті. Келешекте оқылатын пәндердің негін осы алынған білімдердің нәтижесі қалыптастырады.
Оқу жылына семестр бойынша бөлініп құрастырылған міндетті СӨЖ-ң негізі болып өз бетінше жұмыстың графигі саналады. Сонымен қатар, дипломдық жобалардың, кеңестер мен курстық жобаларды қорғау, тестілеу және т.с.с құрастырылады.
Графиктер өздерінің ұйымдастырушылық және тәртіптік рөлін тек қана, оның орындалуына жүйелі бақылау қойылған кезде атқарады. Оқытушы студенттен өз бетінше жұмыстың толық көлемінде орындауын талап етуге тиісті. Сонымен бірге студенттерге СӨЖ бойынша қандай балдар алғанын хабарлау керек, өйткені емтихан бағасы соған тәуелді. Түрлері бойынша балдар оқу процесінің картасында бөлінеді. Жақсы ұйымдастырылған үй жұмысы СӨЖ сәттілігін қаматамасыз етеді. Студентті үйде өз бетінше жұмыс істеуді үйретуге, оған жүйелі түрде көмектесіп, оның күнделікті жұмысын бақылап, таратылатын материалдармен, қажетті әдебиетпен қамтамасыз ету арқылы жасауға болады.
СӨЖ тиімділігі әдістемелік қамсыздануы оқулықтардың, оқу құралдарының, таратылу материалдардың нақтылығымен тәуелді. Оқытушы жеке компьютерледі, интернеттің ресурстарын, пәндер/мамандықтар бойынша кабинеттерді қолдануға тиісті.Электронды оқулықтар да үлкен көмек беруі мүмкін. СӨЖ ұйымдастырудың жетістері оқытушының педагогикалық шеберлігіне тәуелді. Оқытушы пән бойынша барлық СӨЖ жақсылап ойнып, пән туралы, өзінің мамандығы туралы жаңалықтар білуге студентті қызықтыру керек.
Студенттің өз бетінше жұмысы үй тапсырмаларын орындалуын талап етеді:
1. Жылдам оқып шығу (Skim) – «Оқыту бағдарламасына (Syllabus)» сәйкес берілген материалды оқып шығу;
2. Тақырып бойынша шолу дайындау (Review) –жазбаша түрде 1-2 бетке ұсынылған тақырып бойынша басылымдағы және Интернеттегі қосымша материалды қатыстыру арқылы қысқаша әдеби шолу жасау;
3. Глоссарий жазу (GKT – Glossary of Key Terms) – терминдер мен ұғымдарды қысқаша түсіндіру;
4. Мақсаттар ағашын құру (Objective Tree) – тақырып таңдап, деңгейлер бойынша мақсаттарды белгілеу, барлық деңгейдегі тапсырмаларды және жоспардарды анықтау, жұмыс сапасын өлшеу және бақылау үшін көрсеткіштерді таңдау. Мақсаттар ағашын құру барысында практикалық сабақта қарастырылған үлгіні қолданған дұрыс;
5. Презентация (Presentation) – студент өз презентация үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презинтацияда қарастырылатын белгілі бір аспектіні түсінгендігін немесе түсінбегендігін көрсетеді, презинтация уақыты 8 - 10 минут, презинтация тақырыптың ашылуы, қызықтырғандығы және студент зерттелетін мәселені қаншалықты маман ретінде қарастырғандығы бойынша бағаланады;
6. Іскерлік ойындар (Business Game) – экономикалық пәндер бойынша әрбір департаментте студенттің болашақ кәсіби іс-әрекетінде қажетті болатын дағдаларды өндеуге көмектесетін іскерлік ойындар (рольдік және командалық) сериясы бар болады, кейбір ойындар бойынша немесе кітапханадағы үйдегі дайындық қажет болады.
7. Нақты оқыту ситуациялары (Case Study) - студенттерге көптеген қарапайым және күрделі ситуациялар ұсынылады, олар бойынша сұраққа жауап беру немесе өз көзқарасынды білдіру қажет болады, ең жақсы дайындығы бар студенттер өз кейсін құрастыра алады;
8. Топтық жоба (Group Project) – топта 4 – 5 адам болады, әрбір топ өз жобасын ұсынады, экономика-математикалық модельдерді блок-схемаларды, төлем матрицасын қолдануға болады. Презентацияны КВН түрінде өткізуге болады;
9. Жеке жоба (Individual Project) – оны тілегі бойынша жақсы дайындығы бар студенттер орындайды, жұмыс бірейгелігімен, тақырыптың өзектелігімен, зерттеушілік сипатымен ерекшелену тиіс, жоба нәтижелері студенттік ғылыми конферецияда баяндалуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет