Мұғалімдердің рөлі Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып және оны қолдап отыруы қажет, сонымен қатар, тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру керек.
Сыныппен жұмыс істеу барысында неге қол жеткізетіндерін және нені білу жоспарланғандығын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет. Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, мұғалім бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсетуі керек. Сабақ аяқталған соң мұғалім оқушыларды топтағы жұмыс үдерісі жайлы және оның нәтижелері туралы ойланулары үшін түрткі жасау керек.
Дәріс №7. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту Танымдық даму – баланың оқу және мәселелерді шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму – оқуға, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға деген қабілеттілік. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипатына және жас ерекшеліктеріне қарай танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады.
Жас ерекшеліктері тұрғысынан оқу үдерісінің тарихына шолу және заманауи түсінік Оқудағы бихевиористикалық (әс-әрекеттік) тәсіл Психологиядағы бихевиористикалық бағыт ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады. Бихевиоризмнің негізін салушы Джон Уотсон психология саласы зерттейтін ішкі тәжірибені бақылауға болмайтындықтан, оны тиісті түрде зерттеу мүмкін емес деп есептеген. Оның орнына ол зертханалық эксперименттерге сүйенген. Нәтижесінде «түрткі –реакция» моделі әзірленген, онда адамның ортасы тұлғаға әсер ететін түрткілерді өндіруші ретінде қарастырылады. Зерттеуші Эдвард Торндайк осы идеяны негізге ала отырып Т-Р (түрткі-реакция) оқу теориясын әзірледі. Ол мінез-құлық нәтижесінде реакция күшейетінін немесе әлсірейтінін атап өткен. Скиннер осы көзқарасты бұдан әрі дамытты.
Бихевиоризм (ағылш. behaviour - іс-әрекет) – іс-әрекет дағдысының мәні мен оның адам психологиясындағы кызметін түсіндіру.