Білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған Қызылорда, 2022 жыл



бет10/46
Дата21.11.2023
өлшемі300,36 Kb.
#125059
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Бағалау мен талдау
АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
- оқушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету (мәселен, DVD-дискілер, аудиокассеталар, белгілер, символдар, басқа тілдер);
- оқуда жаңалық жасауға ықпал ету (мәселен, веб-сайттан кез келген пән бойынша ақпарат іздеу);
- оқушыларға мәтіндердің түрлерін көрсету (мәселен, көркем жазу бойынша ғылыми- танымал мәтіндер, эмоция мен сезімін білдіру үшін авторлардың сөздерді пайдалану- ын талдау және т.б.);
- балама таныстырылымдар мен суреттер ұсыну (мәселен, жиналған деректер үшін неғұрлым жақсы келетін кесте туралы шешім қабылдау, әртүрлі суретшілердің жұмыстарын салыстыру, сызба немесе тізбек жасау, мәселен, музыкадағы дыбыс не- месе математикадағы сандар және т.б.).
Ұсыну, қайталай ұсыну және қарым-қатынас
АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
  • балалардың идеялары, жұмыстарымен алмасуы (мәселен, олардың дизайн мен техно- логия саласында әзірлеген жобалары);


  • ақпарат алмасу (мысалы, PowerPoint таныстырылымы; мүгедек балаларға арналған байланыс құралдары);


  • балалар жұмысының сапасын жетілдіру және арттыру (мәселен, көркем жазу бойынша мәтінді редакциялау және т.б.);


  • пікірлер мен ақпаратты қорыту, жалпылау (мәселен, балалар электронды пошта арқылы басқа балаларға географиядан жергілікті экологиялық мәселе туралы хат жаза алады, математикадан есеп шығарудың кезеңдерін қадамдап жазу).




Тестілеу және растау
АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?
  • «Егер ... болса?» сұрағын қою және болжамдарды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін мәліметтерді жинау (мәселен, бір факторды өзгертудің әсерін салыстыру үшін ғылыми деректерді тіркеуге арналған құрал-жабдықтарды пайдалану және т.б.);


  • дерекқорды зерделеу (мәселен, бірқатар АКТ-ресурстарын пайдалана отырып, географиядағы өзгерістердің қоршаған ортаға әсерін зерделеу, суреттердің көмегімен өзгерістердің әсерін қадағалау);


  • интербелсенді оқу бағдарламасын пайдалану (мәселен, кейіннен тексеруге болатын жалпы қорытынды шығаруға көмектесетін математика саласындағы сандар тізбегін, нысандар мен модельдер жасау және т.б.).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет