«Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі жаңаша білім берудің сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуларға қатысуға сұраныс



Дата08.12.2023
өлшемі31,04 Kb.
#135411

«Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі - жаңаша білім берудің сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуларға қатысуға сұраныс

Автордың аты-жөні (толық)

Қожабергенова Рыскүл Тұрғанқызы

Ғылыми атағы




Жұмыс орны

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі

Қызметі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Жұмыс бағыты (секция атауы)

«Білім беру ұйымдарында ерекше қажеттілігі бар студенттерді оқытуды ұйымдастырудың жолдары»

Мақаланың атауы

«Ерекше қажеттілігі бар студенттердің оқу жетістіктерін бағалау»

Байланыс телефоны

8775-742 - 03 -70

E-mail

nn0360@mail.ru

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУ


Қожабергенова Рыскүл Тұрғанқызы,
Жаркент гуманитарлық-техникалық
колледжінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің оқытушысы

Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі - білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Оның негізгі принциптеріне сапалы білім алуға баршаның құқықтарының теңдігі, әр адамның интеллектуалды дамуын, психофизиологиялық және жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың барлық деңгейі үшін білімге қолжетімділігі жатады. Оған қажетті шартты қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі - инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін және ықпалдасуын көздейді.


Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға - қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ететін міндеттердің бірі - ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау. Бұл, өз кезегінде, оның дамуын теориялық және әдістемелік жағынан жетілдіруді қажет етеді.
Ал, инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мыналарды көздейді:
- Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздері бойынша оқу-әдістемелік әзірлеу;
- Ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттердің (оқу процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту пәнінің нәтижелері бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар) оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын бейімдеу;
- Ерекше қажеттіліктері бар студенттерді оқыту нәтижелерін бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу,
- Үйде оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеу;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту жағдайларына жоғары және кәсіптік, техникалық білім беру бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бейімдеу.
Бұлардың арасында әсіресе, инклюзивті білім беру жағдайында студенттердің оқу жетістіктерін бағалау - бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып табылады. Әрине, олардың дайындық деңгейі туралы ақпараттар алу мүмкіншілігі оқыту мүмкіндігі және жеке оқу қорытындылары болу мүмкіндігін ұсыну бойынша критерилерді қолданумен іске асырылады. Білімділік жетістіктерін анықтауда бағалау жүйесі олардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, оларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс.
Әдістемелік құралдың мақсаты – оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруда ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттермен жұмыс атқаратын жалпы білім беретін және арнайы мектептердің педагогтарына көмектесу. Білім беру мазмұны білім алушылар өз әрекеттерімен меңгеретін, педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Республикадағы инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстарын жетілдіру және барлық балалардың білім алу құқығы келесі құжаттармен реттеледі:
− Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім туралы», «Балалар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы»;
− Нормативті құжаттар мен актілер: «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі, Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі «Типтік ережелер», «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: «Балалар құқықтары туралы конвенция», «Мүгедектер құқықтары туралы Конвенция», «Ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың білімі бойынша Саламанк декларациясы мен Іс-қимылдар шеңбері». Студенттердің жеке ерекшеліктері мен оқу қажеттіліктеріне білім беру ортасын бейімдеу және педагогикалық тәсіл негізінде олардың тұрғылықты жерiне қарай барлығы үшін тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету – Қазақстанда инклюзивті білім беру нoрмативті-құқықтық базасының негізгі постулаттарына негізделген. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді.
Кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады:
- Инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;
- Ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқуәдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;
- Ерте бастан диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту;
- Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға, әлеуметтендіруге қажетті жағдай туғызу;
- Инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.
Қорыта айтқанда, инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру
Осы орайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің оқу жетістіктерін бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздеріне баса назар аударуымыз керек. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, бір тұтас әрекеттерінің барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады. Бағалау қызметінде психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады:
1. Өзекті – балада осыған дейін пайда болған қиындықтарды шешуге бағытталған;
2. Перспективалы – оқуда болуы мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға бағытталған.
Екі бағыт та педагогикалық үдеріске қолдау қызметінің барлық мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында іске асырылуы мүмкін. Олардың қызметінде өзара байланысты және оларды ескеру қажет міндетті үш компонент бар:
- Бала дамуының диагностикасы (психикалық, тұлғалық, әлеуметтік);
-Түзету-дамыту бағыттылығының жеке және топтық сабақтарының бағдарламаларын іске асыру;
-Білім беру ортасын баланы оқыту мен дамыту және бағалау жүйесі арқылы оның даму деңгейін бағалауға қоятын талаптары көзқарасы тұрғысынан талдау.
Студенттердің бұл санатын психологиялық-педагогикалық қолдаудың нысаны оқу жетістіктерін бағалау үдерісі болып табылады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау түрлі мамандардың (пән мұғалімінің, психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың, әлеуметтік педагогтың), мектеп дәрігерінің, басқа мұғалімдер мен ата-аналардың өзара тығыз әрекетін білдіреді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды психологиялық-педагогикалық қолдау төмендегілерге бағытталуы тиіс:
- Баланың денсаулығын және дене күшін қолдау;
-Бала өмірінің денсаулық-сақтау түзімін ұйымдастыру, оларды жеке таңдалған қимылдық белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру;
- балалардың зерде дамуын қолдау: әрбір баланың танымдық ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай тудыру;
- баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде жеке қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына көмектесу;
- баланың жанұясын қолдау: жанұялық қатынасты зерттеу, олардың үйлесімді болуына көмек көрсету.
Психологиялық-педагогикалық қолдау ерекше шығармашылық ахуал құруды және балаларға таңдау жағдайын ұсынуды білдіреді. Мұндай жағдайлар оқушылардан білімді, икемділікті ғана емес, сондай-ақ, рефлексия тәжірибесін, шешімді өздігінен қабылдауды, ерік пен мінезін байқатуды талап етеді. Дамуында мүмкіншіліктері шектеулі балаларлы психологиялық-педагогикалық қолдау психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысы мен ұсынымдары негізінде ұйымдастырылады және білім беру ұйымында штаттағы мамандармен (арнайы педагог, психолог, логопед-мұғалім, әлеуметтік педагог, ЕДШ мамандарымен), сондай-ақ, білім беру ұйымынан тыс орталықтардың, түзету және инклюзивті білім беру кабинетінің мамандарымен, сол сияқты арнайы (түзету) білім беру ұйымының педагогтарымен келісім шарт негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:
1) бала дамуындағы кез келген мәселені шешудің кешенді, пәнаралық тәсілдері.
2) білім беру үдерісіндегі баланың дамуын қолдаудың үзіліссіздігі.
3) қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру.
4) қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау.
5) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларлы психологиялық - педагогикалық қолдау шараларына ата-аналарды, педагогикалық және балалар ұжымын белсенді тарту болып табылады.
Бала дамуының ерекшеліктеріне, сондай-ақ ПМПК ұсынымдарына сәйкес ерекше қажеттіліктері бар студенттерді қолдаудың бағыттылығы, қарқыны және ұзақтығы анықталады. Колледж студентке оның қажеттілігіне сәйкес қолдау түрін ұсынуға міндетті. Бұл қолдау қысқа мерзімді, орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді негізді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді қолдау оқуда шамалы және уақытша қиындықтары бар, логопедпен, психологпен түзету сабақтарының қысқа мерзімді кезеңін қажет ететін стуленттерге көрсетіледі (жарты жылға дейін). Орташа мерзімді қолдауды арнайы дайындалған педагогтар мен исихологтар жүзеге асырады. Бұл әсіресе инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оқудағы жетістіктерін бағалауға қатысты.
Біздің колледжде осындай қолдау қажеттіліктерін керек ететін студенттердің тізімі төмендегідей:
1.Аубакиров Айдын Еркінұлы - ДЦП
2. Калугина Анастасия Андреевна -эпилепсия
3. Исаев Мағжан Ерланұлы -тугоухость І деңгейі
4. Нұрдәулетова Арайлым Айдарқызы -косеглазие
5. Сүлеймен Бауыржан Ғалымжанұлы -ликемия
6. Шөкен Жігер Ержанұлы -ДЦП
7. Байдақбаева Айжан Бақытнұрқызы -ЛЦП спастителский
правосторонный демопариз
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктерінің бесінші бөліміндегі талаптар бойынша бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аударып, топтық, жұптық жұмыс жүргізу қажет. Себебі осы студенттермен жұмысқа интербелсенді әдістер қолдану тиімді. Ондай интербелсенді оқытудың әдістері төмендегідей:

  • Интербелсенді лекциялар мен семинарлар;

  • Ойындар;

  • Оқытудың компьютерлік технологиялары;

  • Сұрақтар қоюға ынталандыру;

  • Аяқталмаған сөйлем;

  • Дебаттар;

  • Өз позицияларын ұстануы .

Әр сабақта студенттер белсенді әрекеттер атқаруы қажет (ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру). Бұл кезде оқытушы интербелсенді оқытудың мына шарттарын жүзеге асырады:
-Жағымды психологиялық орта орнату (биопоэма, ігі-тілектер);
-қызығушылығын арттыру үшін төтесінен қызықты да жұмбақты сұрақтар қою (мотивация, ұмтылыс тудыру);
-ұжыммен жұмыс жүргізу (психологиялық ой сергектер, кестелер толтыру).

Бағалау кезінде аталған шарттарды іске асыру білім алушының өзін еркін сезінуіне, танымдық белсенділігі, оқу мотивациясы деңгейінің артуына, эмоционалдық біркелкілігіне ықпал етеді және өз мүмкіндіктеріне сенімі артады.



Қолданылған әдебиеттер

  1. Агапова А. Мүгедектігі бар баланың интеграция жайында жеке білім беру бағыты

  2. Ахутина Т.Д. Инклюзивті білім берудегі нейропсихологиялық көзқарас.

  3. «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» Е.Қалиякпаров. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы 2016-3

  4. «Критериалды бағалауды нәтижеге бағыттау» Қ.Ғ. Смағұлова «12 жылдық білім беру»


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет