ІІІ. Этносаралық негізде оқушылар арасындағы жанжалды жағдайларды уақытылы анықтау бойынша іс-қимыл алгоритмі
Этносаралық негізде жанжалды жағдайларды уақытылы анықтауды қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымының әкімшілігі (директор, оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары) :
- оқу орнындағы этносаралық және басқа да жағдайды тұрақты түрде жан-жақты талдайды;
- сынып жетекшілерінің, психологтың, әлеуметтік педагогтің, пән мұғалімдерінің оқушылар арасындағы этносаралық қақтығыстарды анықтау және алдын алу, инцидент немесе жанжал туындаған кезде әрекет ету жөніндегі қызметін үйлестіреді;
- этносаралық жанжалдар мен инциденттердің алдын алу, балалар мен жасөспірімдер арасында ксенофобия мен дұшпандықтың түрлі көріністерінің пайда болуына ықпал ететін алғышарттар мен факторларды анықтау бойынша педагогтерге қажетті әдістемелік көмекті көрсетеді және тәсілдерін анықтайды;
- этносаралық сипаттағы жанжалдар мен инциденттердің алдын алу және реттеу мәселелері бойынша тәжірибелі сарапшыларды тарта отырып, мұғалімдер үшін семинарлар, тренингтер, диалогтік алаңдар ұйымдастырады;
- мектеп оқушыларының әлеуметтік желілердегі жарияланымдарына мониторинг жүргізуді ұйымдастырады және этносаралық алауыздықты қоздыратын деструктивті контентті анықтаған жағдайда, оларды жою және таратпау мақсатында олардың авторларымен профилактикалық әңгімелер жүргізеді;
- оқушылар арасындағы ықтимал қақтығыстың нақты алғышарттары мен факторларын анықтаған, сондай-ақ ден қою шараларын ұсынған педагогтер, психологтар мен тәрбиешілер үшін көтермелеу шараларын көздейді;
- ата-аналар қоғамдастығының арасында профилактикалық жұмыстар жүргізеді;
- жанжалдың алғышарттары мен факторларын уақытылы жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Мұғалімдер: - сыныптардағы психологиялық жағдайды қадағалайды;
- балаларға мінездеме жасайды, білім беру мекемесіндегі әртүрлі этнос балалары арасындағы қарым-қатынас барысын бақылайды;
- ксенофобтық көріністерге, басқа балалардан артықшылыққа бейімділігі бар, сондай-ақ басқа этностардың балалары туралы теріс пікір білдіретін, әртүрлі этнос балаларымен жанжалдасу оқиғалары болған оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
- этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады;
- этникалық, тілдік, әлеуметтік, діни немесе басқа да белгілеріне қарамастан толерантты қарым-қатынасты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған тәрбие іс-шараларын өткізуге көмек көрсетеді;
- сабақта туындаған этносаралық сипаттағы инциденттерді жасырмай, басшылық және педагогтермен ортақ шешім қабылдау үшін ашық талқылауға ұсынады;
- түрлі әдістерді (бақылау, пікірталас, әңгімелесу және т. б.) қолдана отырып, оқу сабақтары кезінде оқушылармен ашық диалог орнатады;
- балалар мен жасөспірімдер арасындағы кез келген жағымсыз мінез-құлық көріністері туралы мектеп әкімшілігін хабардар етеді;
- құқық қорғау органдарына білім беру ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы хабарлайды (Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы).