Әлеуметтік педагог: -оқушылардың жеке басының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның микроортасын, өмір сүру жағдайларын зерттейді;
- оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, проблемалары мен жанжалды жағдайларын жүйелі түрде анықтайды, оларға уақытылы әлеуметтік көмек көрсетеді және оқушылар контингентіне қажетті қолдау көрсетеді;
- өз құзыреті шеңберінде мектеп оқушыларының әлеуметтік желілердегі жарияланымдарына мониторинг жүргізеді және этносаралық алауыздықты қоздыратын деструктивті контентті анықтаған жағдайда басшылықты хабардар етеді, оларды жою және таратпау мақсатында олардың авторларымен профилактикалық әңгімелер жүргізеді;
- әлеуметтік, этникалық, рулық, нәсілдік, тектік, топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін ересектер мен жасөспірімдерге қатысты заңнамада көзделген жауапкершілікті түсіндіруге ерекше назар аудара отырып, кәмелетке толмағандар мен ата-аналар арасында құқықтық тәрбие беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді:
- балалар мен жасөспірімдер арасындағы кез келген жағымсыз көріністер туралы мектеп әкімшілігін хабардар етеді.
Ұсынамыз! Балалармен және ата-аналармен әңгімелесу барысында сенімді байланыс орнатқаннан кейін келесі маңызды аспектілерге назар аудару керек: - отбасындағы қарым-қатынас қандай, бала қандай жағдайда өсіп жатыр?; - ата-аналар әртүрлі этникалық топтардың өкілдеріне қалай қарайды?; -бала әртүрлі этникалық топтардың өкілдерімен қарым-қатынаста өзін қалай көрсетеді?; - сыныптағы басқа балалармен қарым-қатынасы қандай?; - кіммен дос және кімдермен қарым-қатынас жасау қиын, неге?; - басқа адамдарға қатысты агрессия көріністеріне бейімділік бар ма?; - бала бос уақытында немен әуестенеді, оның хоббиі бар ма?; - спорттың қандай да бір түрімен айналыса ма?; - баланың сүйікті кейіпкері кім, неге?; - ата-аналар басқа тілді этнос өкілдерімен толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру үшін балаларымен қандай жұмыс жүргізеді? Оқушылар мен ата-аналардың жауаптарын талдай отырып, оқушылар арасындағы, соның ішінде әртүрлі этнос өкілдерінің балалары арасындағы қақтығыстардың жасырын тәуекелдерін анықтауға болады.