ІІ. Оқушылар арасында этносаралық толеранттылыққа тәрбиелеу,
тиімді этносаралық коммуникацияны дамыту
Этносаралық толеранттылыққа тәрбиелеу, бір-біріне құрмет, тілектестік және ықыласты қарым-қатынас ахуалы нығая түсетін толерантты кеңістікті қалыптастыру білім беру мекемелерінің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты:
біріншіден, сыныптарды, сонымен қатар ойын, зияткерлік, спорттық, командаларды, шығармашылық, үйірме топтарын қалыптастыру, балаларды парталарға отырғызу кезінде міндетті түрде оқушылардың этникалық құрамын ескеру, әртүрлі этностар қатарындағы балаларды саны бойынша біркелкі бөлу, этникалық құрамы бойынша жасанды микротоптар жасауына жол бермей, аралас отыратын топтардың қалыптастырылуын бақылау қажет;
екіншіден, толерантты кеңістікті қалыптастыру үшін оқушыларға этностардың шығу тегі, олардың мәдениеті мен этникалық дәстүрлерінің, тұрмысының, киім үлгілерінің, өнерінің, кәсібінің, мерекелерінің, мәдениетаралық өзара іс-қимыл этикетінің өзіндік ерекшелігі туралы этнографиялық білім берудің маңызы зор. Осы мақсатта әртүрлі этностардың мәдениеті мен тарихын оқып-үйрену бойынша мектеп оқушыларының зерттеу топтары құрылуы мүмкін. Сондай-ақ түрлі этнос балаларының қатысуымен мәдени және ойын-сауық үйірмелерін, секциялар мен клубтарды дамыту маңызды;
үшіншіден, оқушылардың қарым-қатынасында балалардың этникалық тегіне байланысты этностар туралы жағымсыз атауларды, стереотиптерді (лақап аттар, мазақтаулар) пайдалануға жол бермеу және жолын кесу маңызды. Этносаралық және тілдік мәселелер бойынша балаларда өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін барынша жауаптылықты қалыптастыру қажет.
Белгілі бір этникалық топтағы мектеп оқушыларының басқа этникалық топтардың өкілдерін ұнатпауы мазақ, лақап аттарда көріне бастайды. Этникалық сипаттағы теріс аттарды таңу «араздық тілінің» қалыптасуына әкелетінін және кейіннен белгілі бір этникалық топтардың өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылықты негіздеуге ықпал ететінін және кейіннен этникалық араздық негізінде әртүрлі қақтығыстарға немесе қылмыстарға әкелетінін есте ұстаған жөн;
МАҢЫЗДЫ! Ешбір жағдайда белгілі бір этникалық топтарды қорлайтын сөздерді қолдануға болмайды. Мектептерде этностар туралы қандай да бір стереотиптер мен клишелердің таралуына жол бермеу қажет.
төртіншіден, «араздық тілі» дегеніміз не, оның қауіптілігі неде және оны неге қолдануға болмайтынын түсіндіру маңызды. Балаларға өмірлік мысалдар мен құқықтық нормалар негізінде этникалық және тілдік принцип бойынша адамдарды қандай да бір кемсітушілікке жол бермеу туралы білім мен тәжірибе берген орынды;
Ата-аналармен кездесулерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша заңнамада көзделген қылмыстық жауапкершілікті – этносаралық алауыздықты қоздырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын түсіндіру маңызды.
бесіншіден, балалар арасында мемлекеттік тілді білмейтін этнос өкілдеріне қатысты агрессияның таралуына жол бермеу. Мемлекеттік тілді үйреніп жатқан түрлі этнос өкілдерін мұғалімдер мен оқушылар тарапынан жалпы ынталандыру маңызды;
алтыншыдан, интернет-кеңістікте, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде толерантты мінез-құлыққа, этностар туралы тексерілмеген (жалған) ақпараттың таралуына жол бермеуге ерекше назар аударылады. Балаларға өздерінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдарын модерациялаудың маңыздылығын айту қажет, этникалық топтар туралы жағымсыз сөздер жазуы мүмкін басқа пайдаланушылардың пікірлерін қадағалап отыру маңызды. Кейде ешқандай агрессиясыз бейбіт посттар агрессивті және қорлайтын пікірлер жинауы мүмкін;
жетіншіден, білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымы осы жадынамадағы ережелерді пайдалана отырып, сабақтарда, тәрбие жұмысында, бейресми әңгімелесу кезінде оқушылардың өлкетану және әдеби мұражайларға, түрлі ұлттық мәдени орталықтарға, театрларға, көрмелерге, фольклорлық концерттерге, кинотеатрларға және т. б. баруы кезінде этносаралық қатынастар мәселесінде құзыреттілік танытуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |