ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Педагогтер күнделікті өмірде балалармен де, әріптестермен де этносаралық қарым-қатынастың жеке үлгісін көрсетуі маңызды, ол қоғамның этносаралық әртүрлілігіне қатысты оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруға қатты әсер етеді.
МАҢЫЗДЫ! Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуді бастауыш сыныптарда үлкендердің қамқорлығының тұрақты көрінісін, аулада, көшеде, үйде өз қатарластарына достық қатынасты, адамдармен араласу кезінде этникалық және тілдік ерекшеліктеріне қарамастан сыпайылықты, жағымсыз сезімдер пайда болғанда ұстамдылықты, басқа адамдарға зорлық-зомбылық, агрессия көрсетуге төзбеушілікті, оқушылар арасында толерантты этносаралық қатынастарды бекітуді, оларда инклюзивті және интермәдениетті қарым-қатынас қалыптастыруды дамытудан бастау ұсынылады.
Орта сыныптарда этносаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу міндеттері күрделене түседі. Қиын сәттерде өзара достық көмекке, басқа адамдардың қайғысына және мұқтаждықтарына сезімталдыққа, науқастарға, қарттарға, көмекке мұқтаж барлық адамдарға мейірімділік танытуға, этностық артықшылықты және әртүрлі этностар өкілдерінің құқықтарын кемсіту әрекеттеріне төзбеушілікке ерекше назар аударылады.
Жоғары сынып оқушыларында эмпатия, жанашырлық, этникалық тегіне қарамастан адамды қорғау қабілеті, ксенофобияның әртүрлі идеялары мен көріністерін енгізуге қарсы тұру қабілеті сияқты қасиеттерді дамыту маңызды. Бұл қасиеттер күнделікті іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде қалыптасады және адамдарға қамқорлық жасау, өзара ой, идея алмасу қажеттілігін тудырады, адамдарға ақ ниет пен жанашырлық танытуға, мәдениетаралық өзара қарым-қатынасқа, ксенофобияның әртүрлі формаларын болдырмауға ықпал етеді. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларын этносаралық тақырып бойынша әлеуметтік желілердегі медиасауаттылық пен этика негіздері туралы хабардар ету, фактчекинг дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік желілерде «Достық тілін» дамыту маңызды.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Тиімді этносаралық қарым-қатынас құру үшін: - ұжымындағы этномәдени айырмашылықтарға қызығушылықпен және құрметпен қарау, өзінің ғана емес, өзгенің де пікірін бағалау, өзін ғана емес, басқа да балаларды (адамдарды) ести білу дағдысы болуы тиіс; - этникалық тегі әртүрлі адамдарға қатысты жағымсыз эмоциялар көріністеріне жол бермеу, этносаралық қарым-қатынаста мейірімді және адамгершілікті болу; - жанжалды жағдайды тудыруы мүмкін қатал және категориялық бағалаулардан аулақ болыңыз; - басқалармен қарым-қатынаста жағымды адами қасиеттерді байқау (адамдардың не істемегендерін емес, істегендерін бағалау), әңгімелесушіге жиі күлімдеу; - қажет болған жағдайда адамның жеке басы мен этникалық құрамын емес, нақты әрекеттері мен істерін сынға алу.