Спорттық жаттығулар Дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға баулу. Спорт түрлеріментаныстыруды жалғастыру. Спорт залда және спорт алаңында қауіпсіздікті сақтауға баулу.
Шанамен сырғанау. Бір-бірін шанамен сырғанату, төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау;
Сырғанау. Өз бетінше мұзды жолмен сырғанау, жүгіріп келіп сырғанау;
Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі ауыспалы қадаммен алға жылжу, оң және сол аяқтарымен сырғанау. Бір орнында тұрып оңға, солға бұрылу, айналу;
Велосипед, самокат тебу. Шеңбер бойымен және тура жолмен өз бетінше екі дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылу.
Сөйлеуді дамыту
Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыруды жалғастыру, «асар», «сүйінші сұрау» дәстүрлерінің мәнін түсіндіру, балаларды бір-біріне көмек қолын созуға, бірлесіп ойнауға, тапсырманы орындауға, бір-бірінің қуанышына ортақтаса білуге, бір-біріне қамқор болуға баулу.
Тілдің грамматикалық құрылымы Сөйлемдердегі сөздерді: зат есімдерді сан есімдермен және сын есімдерді зат есімдермен үйлестіре білуді жетілдіру.
Түбірлес сөздерді жасау және қолдана білу, етістіктерді жалғаулармен қолдану, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту
Көркем әдебиет
Балалардың назарын кітаптың безендірілуіне, иллюстрацияларына аудару.
Баланың басқа құрдастарымен және ересектермен түрлі дереккөздерден: ғаламтордан, теледидардан, жақындарының әңгімесінен алған ақпараттарымен, әсерлерімен бөлісуіне мүмкіндік беру. Айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге құлшынысын дамыту, сөйлегенде мақал-мәтелдерді қолдануға баулу.
Сауат ашу негіздері
Сөйлем туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (грамматикалық анықтамасыз), сөйлем сөздерден тұратынын түсіну. Сөйлемді ауызша талдау: жай сөйлемдерді сөздерге бөлу, сөйлемдегі сөздердің ретін, санын анықтау. берілген сөзге сөйлем құрастыру.
Қазақ тілі
Тілдік және артикуляциялық аппараты, тыныс алуды және таза дикцияны дамытуды жалғастыру. Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздердің мағынасын түсіну және ауызекі тілде қолдануды дағдыландыру.