Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылармен амандасып, көңіл-күйін сұрау.
«Көзбен көрген айғақтар» әдісі
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер
Сабақтың ортасы
«Кинометафера» әдісі Білім алушыларға «Озон қабатының жұқаруы» тақырыбында видео көрсетілім жасалады.Видеодағы мәліметке сүйене отырып, жаныңыздағы оқушымен бірлесіп озон қабатының жұқаруы себебі және оның қоршаған ортаға әсері туралы жазыңыздар.
«Ғажайып картаға саяхат» әдісі Тақтада ілінген картадан жасырын аймақтарды көрсетедіБерілген ресурстарды пайдаланып ғаламдық экологиялық аймақтарды анықтап, таралу аймағын картадан көрсетіңіз.
«Фишбоун» әдісі (постерде) Экологиялық мәселелерден сақтану шараларына жоба ұсыныңыз.
Жұптық жұмыс жасауда ЕБҚ оқушыларға жұпты таңдауда қолдау көрсетіледі
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Сабақты қорытындылау Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі.
Мен бүгін білдім...
Мен бүгін сезіндім...
Мен келесі сабақта білгім келеді ...
Үйге тапсырма Қосымша дереккөздерді пайдаланып, 1 минуттық эссе жазып келу.
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды
А4, конспект
Қосымша №1
Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді.
Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдік мұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б. Экологиялық апаттың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Экологиялық апаттар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартау атқылау, құйынды борандар, су тасқындары, т.б.) және ұзақ уақытқа созылған экология дағдарыс зардаптарынан пайда болады. Соңғы кезде адамның іс-әрекеттерінің тікелей немесе жанама әсер етуі де себепші болуда. Табиғи Экологиялық апаттардың ертедегі геология замандарда да оқтын-оқтын болып тұрғаны – ертеде теңіздерде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа қалдықтарының көптеп табылуы дәлел болады. Мысалы, палеозойдың ордовик кезеңінің соңында екі рет жойқын Экологиялық апат болған. Оған Әлемдік мұхиттар деңгейінің алғаш күрт төмендеуі және екінші рет оның күрт көтерілуі әсер етіп, бұрынғы тіршілік еткен теңіз жануарларының көптеген түрлері толықтай жойылып кеткені дәлел. Кейде ғылым-технология прогрестің қарқынды дамуының өзі Экологиялық апаттарға әкелетіні белгілі. Мысалы, 1945 жылы атом бомбасының қолданылуы, 1986 жылы Чернобыль АЭС-сындағы техногендік апат, т.б. 20 ғасырда адам қолымен жасалған Экологиялық апатқа Арал теңізінің тартылып қалуы жатады; қ. Арал апаты[ ___________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)