Білім беру ұйымының атауы


Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы (бірнеше сағатқа арналған тақырыптың бірінші сабағы)



бет2/6
Дата12.03.2023
өлшемі28,78 Kb.
#73540
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
2. Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы (бірнеше сағатқа арналған тақырыптың бірінші сабағы)

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

  3. Жаңа материалды алғашқы түсіндіру.

  4. Оқушылар нені есінде сақтауы керек екендігін ескерту.

  5. Жаңа материалды есінде сақтау мақсатында тірек материалдармен жұмыс.

  6. Қайталау, жартылай қорытындылау арқылы жаңа материалды алғашқы пысықтау.

  7. Алғашқы есінде сақтаудың нәтижелерін бақылау.

  8. Алынған білімді тәжірибеде қолдану.

  9. Сабақты қорытындылау.

  10. Үйге тапсырма.

3. Жаңа тақырыпты пысықтау сабағы (бірнеше сағатқа арналған тақырыптың екінші және кейінгі сабақтары)

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Алдағы жұмыстың мақсатын оқушыларға айту.

  3. Жаңадан алынған білімді қайталау.

  4. Түрлі тапсырмаларды, мысалдарды, жаттығуларды орындау.

  5. Орындалған жұмысты тексеру.

  6. Жіберілген қателерді талқылау және оларды түзету.

  7. Үйге тапсырма (егер қажет болса).

4. Бақылау және түзету сабақтары
1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Бұл жерде оқушыларға оңтайлы жағдай туғызу қажет. Балалар тексеру және бақылау жұмыстарынан қорықпауы керек, жұмыстың алдында қобалжымау керек, өйткені мұғалім оқушылардың ары қарай материалды үйренуге дайындығын тексеріп жатыр.
2. Сабақ мақсатын түсіндіру. Мұғалім оқушыларға қандай білімді тексеретінін немесе бақылайтынын ескертеді. Қажетті ережелерді естеріне түсіріп, жұмыста қолдануын айтады.
3. Бақылау немесе тексеру жұмысының мазмұнын түсіндіреді (мысалдар, есептер, диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауап беру және т.б.); тапсырмалар көлемі және қиындығы бойынша бағдарламаға сәйкес болуы тиіс.
4. Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың үлгілі жұмыстарын атап өтіп, басқа жұмыстарда жіберілген қателерді талдайды, қатемен жұмысты ұйымдастырады.
5. Бақылау жұмысында кездескен біркелкі қателерді және кемшіліктерді анықтау және оларды жою. Білім мен білікті жетілдіру.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет