|
МҰҒАЛІММЕН САБАҒЫНА ҚАТЫСҚАННАН КЕЙІН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘҢГІМЕНІҢ ШАМАЛАС СҰРАҚТАР ТІЗІМІ
|
бет | 4/6 | Дата | 12.03.2023 | өлшемі | 28,78 Kb. | | #73540 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Сабаққа ену дәптері 2021.МҰҒАЛІММЕН САБАҒЫНА ҚАТЫСҚАННАН КЕЙІН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘҢГІМЕНІҢ ШАМАЛАС СҰРАҚТАР ТІЗІМІ
Оқу бағдарламасы бойынша тақырып неше сағатқа жоспарланған.
Осы тақырып бойынша сабақтарды дайындауда мұғалім қандай әдістемелік нұсқауларды пайдаланды.
Осы тақырып соңында оқушылар қандай негізгі ғылыми ұғымдарды, заңдылықтарды, түйінді мәселелерді меңгеруі керек.
Осы тақырып бойынша оқушылардың қандай жалпы оқу және арнайы білім мен дағдылары пысықталуы немесе жаңадан қалыптастырылуы керек.
Сабақта пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін осы тақырыптың қандай мүмкіндіктері бар.
Өткен материалды қайталау қалай жоспарланды.
Осы тақырып бойынша мұғалімде қандай үлестірме және көрнекі материал бар.
Сабақта оқытудың техникалық құралдары қалай пайдаланылды.
Осы тақырып бойынша мұғалім қанша және қандай өзіндік және бақылау жұмыстарын өткізуді жоспарлаған.
Мұғалім ойы бойынша осы тақырыпты үйренуде қандай қиындықтар кездесуі мүмкін.
Осы тақырып бойынша сабақтар жүйесінің тәрбиелік потенциалын мұғалім қалай түсінеді.
Осы тақырып бойынша бітіру емтихандарына қандай сұрақтары шығарылады.
ҚАТЫСҚАН САБАҚТЫ ЖАЛПЫ БАҒАЛАУ
Сабақтың санитарлық-гигиеналық жағдайларын бағалау.
Сабақ мақсаттарына жету дәрежесі. Сабақ нәтижелерін бағалау: мұғалімнің үйретушілік әрекеттерінің тиімділігі; оқушылардың білім, білік, дағдыларының сапасы; оқушы дамуы мен тәрбиесіндегі өзгерістер тенденциясы.
Шығармашылық элементтері.
Сабақ кемшіліктері. Себептерін анықтау және жою бойынша ұсыныстар.
Сабақ бойынша жалпы қорытындылар мен ұсыныстар.
Өз білімін жетілдіру бойынша мұғалімге ұсыныстар.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|