Қайталау және жалпылау сабақтары (жыл, тоқсан, тарау аяғындағы сабақтар)
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.
Жеке фактілерді, құбылыстарды, оқиғаларды қайталау және жалпылау.
Ұғымдарды қайталау және жалпылау.
Негізгі теориялық қағидаларды қайталау және жүйелеу.
6. Аралас сабақ (бір сағатқа арналған тақырыпты үйрету сабағы) Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
Үй жұмысын тексеру, сабақ мақсатымен таныстыру.
Оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа тақырыпты және жаңа материалмен байланысқан өткен материалды пысықтау.
Жаңа білімді жалпылау және жүйелеу.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
САБАҚҚА ҚАТЫСУҒА ДАЙЫНДЫҚ
Сабаққа қатысудың мақсатын анықтау.
Тексеріліп жатқан пәннің оқу бағдарламасымен, оқулықтағы оқу материалымен танысу.
Сабақтың түрлі құрылымдарын және өткізу әдістемесін қарастыру (әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар және нормативтік құжаттар бойынша).
Алдынғы қатысқан сабақ бойынша мүғалімге берілген қорытындылар мен ұсыныстарды қарап шығу.
Сабаққа басқа мұғалімдерді қатыстыру мүмкіндігін қарастыру.
Мұғаліммен (қажетті жағдайда) алдын ала әңгімелесу, сабақты өткізу бойынша ойларымен танысу, сабақ жоспарын нақтылау (қажетті жағдайда күнтізбелік жоспарын қарап шығу).
ТЕКСЕРУШІНІҢ САБАҚТЫ ТАЛДАУҒА ДАЙЫНДЫҒЫ
Алдыңғы сабақтардың талдауларын қарап шығу.
Сабақ жоспарына және оның жүзеге асырылуына байланысты мұғалімге қойылатын сұрақтарды дайындау.
Сабақ барысын және мұғалім мен оқушылардың әр кезеңдегі қызметін бағалау.
Сабақтың жетістіктерін, мұғалімнің шығармашылық тапқырлығын анықтау.