ҚБМұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Сабақты қорытындылау
Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа-адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына... Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу- басты міндеттердің бірі.
Ыбырай Жақаев
Кері байланыс Табыс сатысы» әдісі: сатының суреті, сатының
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*,
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
Үйге тапсырма
Адам – табиғаттың бір бөлігі екеніне дәлел
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
Қосымша №1
Адам табиғатпен тығыз байланысты тылсым күштердің бірі. Әрбір адамзат табиғатсыз өмір сүруі қиын деп санаймын. Өйткені, табиғат - тіршілік белгісі.
Табиғатты қорғау - біздің басты міндетіміз. Табиғаттың көркемділігін сөзбен суреттеп жеткізу оңай дүние емес. Оның тамаша көрінісі көңіліңді тербетеді. Ақ ұлпа аппақ бұлттары, кілемдей жап-жасыл шөптері қандай керемет көрініс кепілі. Жыл мезгілінің құбылуы да, табиғатты әсерлеу арқылы жеткізеді. Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері болады.
Төрт мезгілдің төрт түрлі көрінісі бізге ғажайып күйдің бірін сыйлайды. Табиғат жайлы тіпті ақындарымыздың біразы қалам тербеткен. Олардың бірі: А.Құнанбаевтың («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Ы.Алтынсариннің «Өзен»т.б ақындарды атап көрсетуге болады. Қазақ елінің табиғаты өте өзгеше ұғым. Табиғат адам баласына мөлдір таза суын, таудан сарқырап аққан бұлақтың әсемділігін әспеттейді.
Табиғатты аялау қажет деп санаймыз-ау. Әйткенмен де, табиғаттың күннен-күнге ластанып жүргенін көріп те жүрміз. Мысалға: Атырау қаласының экологиялық ахуалы жыл сайын күрделене түсуде. Қала ішіндегі және облыс орталығына жақын маңдағы ірі өндірістен шығатын қалдықтар ауаны ластап қана қоймай,тұрғындардың таза ауамен тыныстауына кедергі келтіруде. Адам ағзасының күрт нашарлауы суық және ыстық желдерден, шаң-тозаңдардан микробтар улы газдардан,түтіннен бактериялар пайда болады. Қаладағы экологияны тазартуға, көркейтуге өскелең ұрпақ үлес қосуы шарт және де айналамызды жасыл-желекке көмкеру қажет деп есептеймін.
Табиғаттың таза болуы - адам денсаулығының кепілі. Сондықтан да табиғатты таза ұстауға тырысайық, таза болса табиғат - аман болар адамзат.