2.2 Электрондық оқулықтың құрылымы
Бiз оқулықтың сыртқы құрылымын қарастыратын боламыз. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:
материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.
материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу.
Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.
Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.
Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық:
сыртқы бетi;
титульдық экран;
мазмұны;
аннотация;
оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер);
оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);
қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу қажет);
өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;
өзiндiк бақылау жүйесi;
мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;
авторлар тiзiмi;
терминдiк сөздер;
оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;
оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.
Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк:
Сыртқы бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет.
Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi туралы ақпараттар жазылады.
Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.
Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады? электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т.б.
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:
Жан-жақтылығы.
Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.
Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
Тұтынушыға бағдарлау.
Электрондық оқулықтың құрамы:
аннотация;
пән туралы қысқаша ақпарат;
жұмыс бағдарламалары;
электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);
теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
бақылау тапсырмалары;
лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
бақылау тестiлерiнiң жинағы;
телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;
глоссарий;
әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
үйренушiнiң жұмыс папкасы;
мұғалiмнiң жұмыс папкасы.
Аталған құрам арқылы электрондық оқулықтың құрылымы тұрғызылады.
2.2 сызба Электрондық оқулықтың құрылымы
2.3 сызба Электрондық оқу курсының құрылымы
2.3 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану
Қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер мұғалiм мен үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.
Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:
Электрондық пошта телеконференция:
мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)
гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)
Интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры, ақпараттық iздеу жүйелерi)
видеоконференциялар
Аталған типтердiң көмегiмен тыңдаушы мен мұғалiм арасында оқыту мен дидактикалық мiндеттер шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге асырады.
Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу материалдарын жiберу мен мұғалiмге өздерiне түсiнiксiз болған материалдар бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен шектеледi.
Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi, конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.
FTP-серверлерiнiң қызметi өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды) жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-серверi оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да орналастыруға болады.
WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы берiлген материалдарды оқи алады.
2.4 Оқыту ортасын дамыту құралдары
Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:
компьютерлiк үйрету бағдарламалары
электрондық оқу құралдары
компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау
электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар
аудио және видеоматериалдар
Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар
Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады.
Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы
Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы (телефондық және телекоммуникациялық арналар, телевидение және радио) ақпараттарды жiберу жүйесiн құрайды.
Интернеттiк ақпараттық ресурстар: E-Mail, WWW.
2.5 Ақпараттық құзырлығын қалыптастыру
Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:
білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;
ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;
үйренушінің интеллектуальдық қабілетін дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы құру;
үйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану.
Білім беруді ақпараттандыру процесі жағдайында жеке тұлғаның интеллектуальдық, қоғамдық, экономикалық, коммуникациялық және ақпараттық сияқты іс-әрекеттерін түрлі салаларға қолдану арқылы құзырлықтарын қалыптастыру негізгі талаптардың біріне айналады.
Енді біз ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не? Деген сауалға жан-жақты тоқталайық. «Құзырлылық» ұғымы латын тілінен «сотреію» аударғанда «жасай алу» деген мағынаны білдіреді. ЮНЕСКО глоссарийінде мынадай анықтама берген: Құзырлылық – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Стенфорд комиссиясының директоры Г.Вайнер құзырлылықты адамның белгілі бір әрекеттер аймағына сәйкес бағыттылығы ретінде қарастырады. Ал белгілі ғалым М.М.Чошанов құзырлылықты білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады: білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің оралымдылығы + ойлаудың сынаулығы. Аталған анықтамадан кейін біз ақпараттық құзырлылық дегеніміз не? анықтамасына тоқталайық. Ақпараттық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Әдебиеттерде «ақпараттық құзырлық», «компьютерлік құзырлық» терминдері жиі кездеседі. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты «ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық» деген терминді қолдану тиімді. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл адамдардың кез келген проблема мен міндеттерді компьютермен, ақпараттық құрылғылармен және телекоммуникациямен шешу қабілеті.
Ақпараттық қоғам жағдайында педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру көрсеткіштері төмендегідей:
білім беру жүйесінің әлемдік ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуін қамтамасыз ету;
ақпараттардың шексіз көлемі мен осы ақпараттарды аналитикалық түрде өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау;
ақпараттық ортада жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мен қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;
ақпараттық ортада коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру;
ақпараттық ортада өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру;
ақпараттық ортада ақпаратты алу, таңдау, сақтау, қабылдау, түрлендіру, жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру;
интерактивтік телекоммуникациялық технологияларды (Интернет, қашықтықтан оқыту және т.б.) қолдануға даярлау;
ақпараттық-білімдік ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру және осы дағдыны өзіндік кәсіби қызметтеріне қолдануға даярлау.
Қазіргі жағдайда мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады. Сондықтан бұл мәселе мектепке болашақ мұғалімдерді даярлаудың көкейкесті мәселелерінің бірі ретінде айқындалады. Ол мына мәселелерді қамту керек:
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың кезеңдері қандай?
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықты қалыптастырудың мазмұны мен құрылымы қандай?
Қандай деңгейде ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық қалыптасуы мүмкін?
Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықты қалыптастыруды 3 кезеңге бөлуге болады және оған сәйкес негізгі сипаттамалары келесі кестеде берілген.
2.6 АКҚ қалыптастыру кезеңдері
Жалпы АКҚ-ты қалыптастырудың құрамына мына дағдылар енеді:
Ақпараттық бөлік:
түрлі ақпарат көздерінде ақпараттарды іздеу;
қажетті ақпараттарды табуда түрлі ресурстарды (кітап, журнал, электрондық құралдар, Интернет) қолдану;
табылған ақпараттарды сынау арқылы қажетті ақпараттарды сұрыптай білу;
кесте, диаграмма, кескін және т.б. тәсілдерді қолдану арқылы ақпараттарды түрлендіру;
ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың мүмкіндігін ескере отырып, қолданушыға ақпараттарды жеткізу тәсілдерін таңдау.
Ақпараттық және коммуникациялық техника бөлігі
арнаулы компьютердің құрылымын түсіндіру және оның негізгі құрылғыларының мәнін негіздеу;
нақтылы есептерді шешуде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды таңдау;
ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және жеткізу әрекеттеріне ақпараттық технология мен басқа технологиялардың мүмкіндігін пайдалана отырып, олардың өзара байланыстық қызметтерін негіздеу.
Операциялық жүйе бөлігі:
Windows операциялық жүйесінің қолданушылық интерфейсін баптау;
файлдар мен бумаларды құру;
файлдар мен бумаларды көшіру, өшіру және аттарын қалпына келтіру;
Windows операциялық жүйесінің негізгі терминдерін қолдану: программа терезесі, сұхбат терезе, меню, құралдар тақтасы, сұхбат терезелері мен құралдар тақтасын басқару элементтері (батырма, есептегіш, жылжымалы тізім, жалауша және т.б.)
қарапайым есептерді шешуде Windows операциялық жүйесінің стандартты программаларын (Калькулятор – есептеулерді орындау, WordPad – қарапайым мәтіндік құжаттарды құру, Paint – суреттерді құру және т.б.)
Қолданбалы программалар бөлігі:
Word мәтіндік редакторында қарапайым мәтіндерді құру мен оны редакторлеу;
құжаттарды жіберуді ұйымдастыру;
құжаттарды өңдеуді автоматтандыру;
Ехсеl-де формулалар мен функцияларды қолдану арқылы есептеулер жүргізу: Ехсеl құралы арқылы диаграммалар мен графиктерді тұрғызу;
Ехсеl құралында қолданушының интерфейс элементін құру;
Access деректер қорында қарапайым және күрделі кестелерді құру мен оны жобалау;
Access деректер қорында сұрауларды, форма мен есептерді құру;
түрлі іздеу жүйелері арқылы Интернетте ақпараттарды іздеу;
электрондық хаттарды құру мен оны алу;
компьютерлік презентацияларды құру мен оны қолдану.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда кәсіптік АКҚ-ты қалыптастыру жалпыпедагогикалық және пәндік құрама болып екіге бөлінеді. Жалпыпедагогикалық құрама — бұл оқыту мен тәрбиелеу процестерінде ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолданудың жалпы бағыты; пәндік құрама — оқу пәндерінің (физика, математика, химия, биология және т.б.) ерекшеліктерін бейнелейтін спецификалық бағыт.
Кәсіптік АКҚ-ты қалыптастыруды келесі бөліктерге бөлуге болады:
Интернет-ресурстарды оқыту процесіне қолдану арқылы қосымша ақпараттарды іздеу мен оны талдау;
түрлі компьютерлік құралдарды қолдану арқылы білімдік ақпараттарды түрлендіру;
өздерінің кәсіптік деңгейін көтеру мақсатында оқытушыларды желілік бірлестік жұмысына және интернет-конференцияға қатыстыру;
ақпараттық компьютерлік үйрету программаларын құру және стандарттық қосымшалар мен қолданбалы жүйелерді пайдалану арқылы ақпараттарды түрлендіру;
стандартты қосымшалар мен арнайы программаларды қолдану арқылы компьютерлік тестілерді жасақтау;
стандарттық қосымшаларды қолдану арқылы оқушылардың білімінің рейтингілік бағалау жүйесін жасақтау;
стандартты қосымшалар мен арнайы программаларды қолдану арқылы үйрету бағытындағы деректер базасын құру;
өзіндік интернет-ресурстарын құру және стандартты қосымшалар мен арнайы программалары арқылы мультимедиялық электрондық оқу-әдістемелік кешендерін жасақтау;
дайын мультимедиялық жасақтамаларды оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына қолдану;
стандартты қосымшалар мен арнайы программаларды қолдану арқылы оқу-тәрбие процесін автоматтандыруды ұйымдастыру.
АКҚ-ты қалыптастыруды В.С. Блум мен В.П.Беспалько идеяларын негізге ала отырып, 3 деңгейге бөлуге болады:
түсіндіру;
үлгі бойынша қолдану;
шығармашылық бағытта қолдану.
АКҚ-ты қалыптастыру деңгейлері
2.7 Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары
Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына тоқталайық.
2.1 кесте
Достарыңызбен бөлісу: |