Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі



бет47/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

Арнайы курс мазмұны

1-лекция. «Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру – педагогикалық-психологиялық проблема ретінде».

Танымдық іс-әрекет белсендіру ұғымдары. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру формалары. Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің дәстүрлі емес түрлері. Дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту түрлерін сабақтастыру мәселесі.

2-лекция. «Ауыл мектебінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ерекшеліктері».

Ауыл мектебі оқушыларының психологиялық ерекшеліктері. Топтық және ұжымдық оқыту. Оқу танымдық іс-әрекетті белсендіру әдістері. Әдістерді топтау. Класс ерекшеліктеріне байланысты әдістерді таңдау.

3-лекция. «Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру технологиясы».

Педагогикалық технологиялар әліппесі. Педагогикалық технологияның негізгі ерекшеліктері. Технология – біртұтас педагогикалық процестің негізі. Жаңашылдық оқыту технологиялары. Инновация. Педагогикалық технологияның басты қағидалары.

4-лекция. «Оқу үрдісінде оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру».

Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары. Дәстүрлі оқыту жағдайында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру. Дәстүрлі емес оқыту түрлерін пән ерекшеліктеріне байланысты іріктеу. Интерактивтік оқыту. Қашықтықтан оқыту мәселесі.

5-лекция. «Сабақтан тыс шараларда оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру жолдары».

Сабақтан тыс оқу-танымдық шаралар. Конференция. Үйірмелер, факультативтер. Шығармашылық ай. Ғылыми-ізденіс тобы. Шығармашылық топ. Оқу-танымдық апталық. Оқу-танымдық саяхат. Танымжорық. Ғылым-білім күні. Арнайы курс.

6-лекция. «Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің болашақтағы дамыту бағдары».

Әлемдік білім кеңістігіне ену бағдары. Білім берудің жүйесіндегі реформалар. 12 жылдық білім беру мәселелері. Мұғалімнің құзіреттілігі. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту. Білімді жетілдіру жолдары. Рефлексия.
Арнайы курстан соң мұғалімдерге мынадай кеңес берілді:

1. Оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің тиімді әдістерін меңгеруіне көмек көрсетіп өз бетімен білім деңгейін көтеруге бағдар беріңіз.

2. Оқу үрдісінде негізгіні бөліп көрсетіп, ең алдымен негізгіні түсінуін қадағалау қажет. Негізгінің мәнін жоғалтпайтындай, тіпті одан әрі дәлелдей түсетін мысалдар келтірген дұрыс.

3. Мұғалімдерге ең негізгісі оқытатын пәндеріне қоса жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқушыға оқу пәнін игеретін белсенді субъект ретінде қарауды басты назарға ұстау қажет.

4. Оқушыларға игерген білімдері мен бақылаулары арасындағы ерекшеліктерді, алшақтықтарды табуға және оның себебін түсіндіруді қажет ететін жағдай туғызу.

5. Егер ережелерді түсіндіруде мысалдар көптеп келтірілсе, онда оны әр түрде қолдану арқылы оқытудың тиімділігі артады.

6. Сезім мен ақылға негізделетін дәлелдер көмегімен оқытқан абзал, беделіңізге сенудің қажеті жоқ.

7. Атқарылатын жұмыстың мақсаттары мен міндетін жете түсіну саналылықпен оқу мен танымдық белсенділікті арттыруға қажетті жағдай жасайды: оқушыларға түсіндіру, маңыздылығы мен мәнін, перспективасын ашып көрсету.

8. Оқушының алдын ала терең түсінбей жатып оқушының оқу әрекетін шапшаң ойланбай орындау оң нәтижелерге жеткізбейді, оның орындалу жолын, себебін білуге үйреткен жөн.

9. Оқыту барысында танымдық әрекеттің түрлері мен формаларын пайдаланған дұрыс.

10. Оқушыларға әр сөздің, сөйлемнің, түсініктің мағынасын түсіндіруде: білімі мен тәжірибесін сүйене отырып, мағынасы ашып көрсету және бейнелі салыстыруды қолдануға болады.

11. Оқушылардың сабақ үстінде бір-біріне көмектесулеріне, дұрыс жауап іздестіруге ұжымдық форманы қолдануды дамытуға жағдай жасау қажет. Себебі үлгерімі төмен оқушы сыныптасының көмегі мен оның дәлелді түсіндіруін әлде қайда тез ұғады.

12. Қазіргі белсенді оқушы-ертеңгі белсенді өндіруші, қоғам мүшесі, сондықтанда оқушының өмірлік белсенді ұстанымын бағыттауды, тәрбиелеуді міндет етіп қойыңыз.

13. Оқушыға белгісіз нәрсені оған белгілі нәрсемен логикалық тұрғыда сілтеме жасаңыз, меңзеңіз: меңгерген біліммен меңгерілетін білім арасындағы логикалық байланыстың болуы шарт.

14. Оқу-танымдық, тәрбиелік үрдісіне жағымсыз әсер ететін жағдайларды басты назарыңызға ұстаңыз, оқу объектісінен назарын аудартатын ішкі (сабақ үстінде басқа нәрселермен айналысу, алаңғасарлық), сыртқы (кешігу, тәртіпті бұзу т.б.) факторларды болдырмауды қадағағыз.

15. Логикалық ойлауын жүзеге асыру. «Не себепті?», «неге?» сұрақтарын қою арқылы, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру.

16. Күдіктену мен сенімсіздікті сейілтетін дәлелдемелер, фактілер келтірген дұрыс.

17. Оқушылар біреудің пікірін қайталап айтуына, көшірушілікке нұсқау бойынша қайталаушылыққа үйренбегені дұрыс, оларды дербестікке, өз көзқарасы мен пікірі , өмірлік ұстанымы болуын қалыптастырыңыз.

18. Жеке және қоғамдық қажеттілікпен үйлесетін оқушылардың қызығушылығының болуын ескеріңіз (дамытыңыз, бағыттаңыз).

19. Оқытудың практикалық жағдайын кең қолдану қажет, бақыланған деректер мен ғылыми түсіндірулердің арасындағы айырмашылықты оқушылардың өз бетімен көруі мен түсінуін талап етіңіз.

20 Оқушылардың өз бетімен оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыруына бағыт-бағдар беруге болады.

21. Шығармашылық қасиетіті, мәселелерді жан-жақты талдауларымен дамыту қажет: танымдық тапсырмаларды логикалық айырмашылықтары бар әдістермен орындау, шығармашылық тапсырма беру.

22. Сұрақ қоюдағы шеберлік, проблемалы жағдаят туғызу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады.

23. Оқушыларға өз бетімен білім алуға, білім сапасын арттыруға бағыт-бағдар беріңіз


Мұғалімдерге мынадай сауалнама берілді. Мұғалімдерге кәсіби біліктерін 5 баллдық шкала бойынша бағалау ұсынылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет