Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі


Кесте 6 - Оқу әрекетіндегі қызығушылық



бет44/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50
Байланысты:
0408pk00146

Кесте 6 - Оқу әрекетіндегі қызығушылық


Сыныптар

Оқушылардың саны


Оның ішінде


Жай ғана қызықты

Ата-анам талап етеді

Өмір сүруге жеңіл болады

Оқу алдыңғы қатарда

Сауатты болғым келеді

Пайдалы азамат боламын

Ой дүниемді кеңейткім келеді

Жақсы білімге қол жеткізгім келеді

Өз бетінше жұмыс істеуге үйренемін

Менің парызым

9

42

42%

45%

38%

62%


90%

100%

60%


75%

43%

28%

10

40

28%

30%

42%

53%

72%

100%

71%

81%

47%

41%

11

45

30%

25%

38%

51%

80%

100%

75%

67%

51%

39%

Сауалнама бойынша қорытынды оқушылардың қызығушылықтарының негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
Оқушының оқу пәндеріне деген қарым-қатынасы мен белсенділігін зерттеуге арналған сауалнама

Сауалнаманы 5-сыныптан бастап қолдануға болады. Оқушылар оқу пәніне деген оң ықпал мен кері әсер ететін қызығушылықтар жазылған парақтарды алады.

Нұсқау. 1) Көрсетілген пәндердің ішінен өзің ерекше жақсы көретін және ұнатпайтын пәндер туралы пікіріңді жаз (7-кесте).

2) Пәнге деген өзіңнің қарым-қатынасыңның астын сыз (8-кесте).

Жетпей тұрған пәндерді жазып қой.

3) Биыл сен мына пәндерді оқисың (орыс тілі, қазақ тілі, әдебиет, математика, тарих, география, информатика, ағылшын тілі, физика, биология, химия, дене тәрбиесі, т.б.). Өзіңе ерекше қызығушылық тудыратын пәндердің астын сыз себебін көрсет (9,10 - кестелер).

4) Сені осы пән қашаннан бері қызықтырады және оған не әсер етті (сабақ, кино, кітаптар,телехабарлар, мұғалім шеберлігі, пәннің мазмұндылығы, үйірме және практикалық жұмыстар)?

5) Осы пәнде сені не қызықтыратынын ата (өзіңді қызықтыратын тақырып төңірегінде мәліметтер алуға болады, алған біліміңді күнделікті тұрмыста қолдануға мүмкіндік береді, коллекция жинақтау, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау, өсімдіктерді күту, механизмдерді жөндеу).

Өзіңнің пәнге деген қарым-қатынасыңның астын сызып көрсет.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде материалды қабылдауы, зейіні мен қиял, ойлауын диагностикалау маңызды болды.

Балалардың ойлауы табиғатынан екі түрлі болып келетінін мұғалім қашан да білуі керек. Бірі – көрнекі құралдарға сүйену арқылы қабылдаса, екіншісі – ауызша тезірек қабылдайды. Мұндай балаларды анықтау оңай емес. Баланың жасы кіші болған сайын олардың ойлауы көбінесе, көрнекі құралдарға негізделеді, ойлауы көрнекі-бейнелік және ауызша-логикалық болып келеді. Олардың айырмашылықтары жасөспірім кезде ғана анықталады. Таза түрі сирек кездеседі. Көбінесе аралас түрі кездеседі.

Берілген өмірлік көрсеткіштер оқушының ақыл-ой белсенділігі дамуының жағымды жақтарын көрсететінін байқауға болады. Сонымен қатар «суретшілердің» психикасына тән ерекшеліктерді көрсетеді. «Суретшілердің» тобы үлгермеушілердің қатарына еніп кету қаупі туады. Себебі, қабылдауы нашар дамыған, маңыздысын бөліп көрсете алмайды. Егер оқыту жақсы болса, бұл қауіптің алдын-алуға болады.

Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін анықтау үшін мынадай тест, сұрақтар ұсындық:

Оқушының оқу- танымдық белсенділігін анықтауға арналған тест
1. Оқушыңыз ақыл-ой еңбегімен ұзақ уақыт шұғылдана ала ма?

а) жиі;


ә) кейде;

в) өте сирек;

2. Танымдық тапсырмаларға қалай жауап береді?

а) жауабын өзі айтады;

ә) әркезде әрқалай;

б) басқалардан дайын жауабын сұрап алады;

3. Қосымша әдебиеттерді көп оқи ма?

а) көп оқиды;

ә) әр уақытта әрқалай;

б) өте аз оқиды;

4. Пікірталастарда өз ойын, пікірін ашық ортаға сала ма?

а) әрқашанда белсенді қатысады;

ә) кейде;

б) өте сирек;

5. Өзіндік жұмыстарды белсенді, жоғары деңгейде орындай ма?

а) ия;


ә) кейде;

б) көмек қажет етеді;

6. Оқушыңыз өз бетімен білімін көтере ме?

а) білімін көтереді;

ә) көтеруге тырысады;

б) талпынбайды;

7. Оқушыңыздың танымдық қажетсінуі қандай дәрежеде деп ойлаймыз?

а) жоғары;

ә) орташа;

б) төмен;

8. Оқушыңыздың жалпылау, қайшылықтарды және мәселелерді көру білігі қалыптасқан ба?

а) жоғары деңгейде;

ә) орташа;

б) төмен деңгейде;




Оқушыларға арналған сұрақтар
1) Алдыңызға қойған жоспарыңыз қандай?

2) Қызығушылыңыз болашақтағы таңдаған мамандығыңызға байланысты ма?

3) «Танымдық белсенділік» дегенді қалай түсінесіз?

4) Өз бетімен білім алудың қандай жолдарын білесіз?

5) Мұғалім сабақ үстінде танымдық тапсырмаларды жеткілікті береді деп ойлайсыз ба?

6) Өзіңіздің танымдық белсенділігіңізді қалыптастыруға ұмтылыс жасадыңыз ба?

7) Танымдық белсенділікті арттырудың жолдарына мысал келтіріңіз.

8) Танымдық белсенділікті қалыптастыру – оқу үрдісінде жетістікке жетудің шарты деп есептейсіз бе?

9) Танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық тақырыбындағы қандай әдебиеттермен таныссыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет