Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі


КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі



бет2/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны өзгерді. Бұл өзгерістер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттігін негіздейді. Айтылған мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білімін өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Әсіресе, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру проблемасы қазіргі уақытта ауыл мектептері үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Сондықтан қазіргі ауыл мектептері жағдайында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру маңызды міндет, ғылыми проблема.

Ауыл мектептері түлектерінің ойлау дәрежесі мен дербес іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепте берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты. Осы күнге дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқыту жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама-қайшылық ауыл мектептеріндегі оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етуде. Оқушыны даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретіне қарау оқыту жүйесін соған лайықтаудың қажеттігі артуда.

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Әсіресе, Қазақтанның халықаралық білім кеңістігіне енуге бағытталған шарттары ретінде 12 жылдық білім беруге көшуді басты фактор деп қарастырады [1,2].

Көрсетілген міндеттердің толық жүзеге асуы оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үрдісін жетілдіру міндетіміз.

Осыған орай ауыл мектептерінде берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғасының қалыптасуына қызмет етуі тиіс.

Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің негізгі бағыты – жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби [3], Ж.Баласағұн [4] білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді-философиялық категория және бүкіл танымның даму процесінде қалыптасқан адамзат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады.

Елімізде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесіне байланысты соңғы кездері зерттеулердің мынадай бағыттары дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мәселелері (С.Смаилов[5], А.Е.Әбілқасымова[6], Т.Сабыров [7], Р.С.Омарова [8], Н.Қ.Тоқсанбаева [9] т.б,); оқытуда халықтық педагогика элементтерін пайдалану мәселесі (Қ.Бөлеев [10], К.Жарықбаев [11], Ә.Табылдиев [12], Қ.Шалғынбаева [13] т.б.); жеке тұлғаға бағытталған білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялармен оқыту (А.А.Бейсенбаева [14], С.Қ.Мұхамбетова [15], О.С.Сәлімбаев [16] т.б.); оқыту үрдісін жетілдірудің маңызды аспектілері (Б.К.Момынбаев [17], О.С.Сыздықов [18], Ә.Ә.Жолдасбеков [19], Е.Омар [20], М.Н.Сарыбеков [21] т.б.); жеке тұлғаны қалыптастыруда оқыту мен тәрбиені сабақтастыру мәселесі (Л.К.Керимов [22], Л.Байсерке [23], Ж.Оңалбек [24], Б.А.Тойлыбаев [25], А.Ғ.Қазмағамбетов [26]).

Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда оқушылар мен студенттерді оқыту мен тәрбиелеуде маңызды болып табылады.

Дей тұрғанмен, қазіргі ауыл мектептері жағдайында оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі ауыл мектептеріндегі нақты қалыптасқан жағдайда оқытуды белсендіру мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарының жоқтығы қарама-қайшылықтарды туындатып отыр. Осы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты “Қазіргі ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру” деп таңдауымызға негіз болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет