Сурет 6- Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет міндеттері
1. Жоғары сынып оқушыларына өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. «Оқушы-мұғалім» қарым-қатынасындағы үйлесімділік, ынтымақтастық болуы шарт. Оқушының өзіндік жұмыстарының жоғары формасы болып табылатын олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарына басты назар аударылуы тиіс.
2. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде маңыздылығы жоғары.
Жаңа педагогикалық технологияны қолдану оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттырып, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқыту үрдісінде оқушының оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқу-танымдық белсенділіктің деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы, мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл адамның «ішкі» мүмкіндіктерін «сыртқы» факторлар арқылы жарыққа шығару нәтижесінде жүзеге асады.
Сонымен, теориялық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, біз мынадай анықтама береміз: “Ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру – оқушыларға білімді құндылық бағдары ретінде меңгерту арқылы, іскерлік пен тәжірибені игеруде белсенді және өз білімін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдана алатын жеке тұлғаны дамытуға бағытталған педагогикалық процесс”.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау және ауыл мектептерінде жүргізілген педагогикалық эксперименттеріміз жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің құрылымдық мазмұндық нобайын (моделін) жасауға мүмкіндік берді.
Бұл теориялық нобай жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, оқытудың дидактикалық жүйелілік қағидасымен, мазмұндық мәні бір-бірімен сабақтастықта кіріктірілген мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық компоненттерден тұрады (1-кесте).
Мотивациялық компонент – оқу-танымдық іс-әрекетте оқушының ғылыми білімді меңгеруге құштарлығы, жаңашылдыққа белсенді ұмтылуы, танымдық қызығушылығы мен шығармашылық дербестікке саналы талаптануы, өзінің меңгерген білімін құндылық бағдары ретінде түсінуі.
Мазмұндық компонент - әлемнің біртұтас бейнесін танымдық талдау тұрғысында терең түсінуі, оқу-танымдық іс-әрекетте білімдік кеңістігін құруы, шығармашылық ойлау арқылы ғылыми білімді меңгеруі, проблемалық тапсырмалар мен мәселелерді белсенділікпен, танымдық қажетсіну арқылы шеше білуі, оқу-танымдық іс-әрекетте оң нәтижелерге жетудің әдіс-тәсілдерін және оның оңтайлы жолдарын меңгеруі, білімді танымдық белсенділікпен меңгеруді басты бағдар деп түсінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |