Күштілерде
|
Әлсіздерде
|
Дайындық, орындау, бақылау әрекеттері бірге; түзету мен қосымша ойларды жұмыс істеу барысында қосады; сөйлеу тілінің түсініктілігі, қарапайымдылығының басымдығы; жұмысты жоспарлау, алдын-ала жазып дайындалу, тексеру барлығы бірге жазу барысында жүреді; бір жұмысты орындай отырып, қосымша басқа бір жұмысты бірге атқарады; сөйлеудің жазбаша түріне қарағанда ауызша түрін таңдайды.
|
Дайындық, орындау, бақылау кезеңдеріне жеке-жеке дайындықты қажет етеді, ұзақ уақыт керек; түзетуді көбінесе, тексеру кезінде жүргізеді; жазба түрде өте күрделі ұғымдарды қолданады, ойын жинақы жеткізе алмайды; тапсырманы орындау кезінде дайындық, алдын-ала жазу, тексеруді жеке-жеке кезең ретінде қарастырады; алдыңғы жұмысты толық бітіргенде ғана жаңа жұмысқа кіріседі; жүктелген тапсырманы орындамас бұрын алдын-ала жоспарлайды; өз ойын жазбаша жеткізгенді лайық көреді.
|
Оқушының оқуға деген қарым-қатынасын, белсенділігін, танымдық қызығушылығы бағдарына зерттеу жүргіздік.
Жеке тұлғаның бағдарлануы дегеніміз – ол баланың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін белсендіретін, талаптандыратын қызығушылықтар жүйесі; оның қажеттілігін, қызығушылығын, бейімділігін, көзқарасын, өмірлік мұраты сияқты адами құндылықтарын айқындайды. Балалардың іс-әрекеттері өзіндік жеке тұлғалық сипатқа ие, сол арқылы тұлғаның қажеттіліктері көрінеді. Соған байланысты қызығушылықтардың эмоционалдық бояуы жарқын көрініске ие болады.
Қызығушылықтар аяқ астынан пайда болып та жатады, кейде тұрақты болуы да мүмкін, ол адамның ішкі терең қажеттілігін көрсетеді.
Оқушы өз мінез-құлқындағы ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін біліп өскені маңызды. Оқушы өзін-өзі бағалай да білу қажет.
Оқушының қызығу әлемін танымайынша, оны белсендіру мүмкін еместігі байқалды. Қызығушылықтардың жоғары адами және қоғамдық маңызды болуы адамның танымдық өрісіне тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |