Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі


Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері



бет39/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
0408pk00146

2.3 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері
Зерттеу мәселесіне байланысты жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар 4 ауыл мектептерінде жүргізілініп, онда 327 оқушы, 40 мұғалім қатысты. Ауыл мектептерінде жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының мақсаты: қазіргі кезеңде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің әдістемесін жасап, оны ауыл мектебітерінің оқу процесіне енгізу арқылы ұлттық және адамзаттық мәдениетті меңгеруге, өзін жан-жақты дамытуға белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың міндеттері:

- оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде пән сабақтарының мүмкіндіктерін анықтау;

- оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқыту технологияларының маңыздылығын көрсету;

- оқушылардың білімді меңгеруге байланысты белсенділігін айқындау;

тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың қорытындысын сараптау және оны талдау, ұсыныстар беру.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына, ҚР жалпы білім беретін мектептерді дамыту тұжырымдамасы, жалпы білім мазмұнының тұжырымдамасы, ҚР жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары, типтік бағдарламаларға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдар мен ауыл мектебі практикасы бойынша іс-тәжірибелерге талдау жасай отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге байланысты мүмкіндіктер қарастырылды.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың анықтаушы педагогикалық эксперименті кезеңінде алынған мектептер бойынша эксперимент және бақылау сыныптары (топтары) таңдалып алынды. Эксперименттік жұмысқа қатысатын мұғалімдер сұрыпталып, мұғалімдерге зерттеу мәселесі бойынша ғылыми семинарлар өткізілді. Ауыл мектебі жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге байланысты сауалнамалар, т.б. педагогикалық жұмыстар жүргізіліп, әр пән бойынша тапсырмалар беріліп, оқушылардың білімдік деңгейлері анықталды. Осы өлшем бойынша үш топқа бөлінді: біріншісі – оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетте белсенділігі қалыптасқан, интеллектуалдық мүмкіндіктері бар, ізденімпаз тұлға; екінші – оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығы болғанымен, оған үнемі көмекті қажетсінеді, үшінші – оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетке ықыласы орташа, білімді меңгеруге белсенді көзқарасы оның іс-әрекетінде айқын көрініс бермейді.

Жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетке белсенділігінің төмендегі көрсеткіштерін берді. (3 -кесте)

Эксперименттің қалыптастыру кезеңінде төмендегідей міндеттер қойылды: оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттегі белсенділігінің дамуын; танымдық іс-әрекеттік белсендіру технологиялары мен мүмкіндіктері негізінде





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет