Кесте 3 – Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуы (дайындық кезең)
Өлшемдер
|
Эксперименттік топтар
|
Бақылау топтары
|
Жоғары деңгей
|
Жеткілікті деңгей
|
Орташа деңгей
|
Төмен деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Жеткілікті деңгей
|
Орташа деңгей
|
Төмен деңгей
|
1. Оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетте белсенділігі қалыптасқан, ізденімпаз тұлға.
|
9%
|
11%
|
23%
|
57%
|
9,5%
|
12%
|
20,5%
|
58%
|
2. Оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығы болғанымен, үнемі көмекті қажетсінеді
|
-
|
19%
|
32,5%
|
48,5%
|
-
|
19,7%
|
31,3%
|
49%
|
3. Оқу-танымдық іс-әрекетке ықыласы орташа, білімді меңгеруге белсенді көзқарасы оның іс-әрекетінде көрініс бермейді.
|
-
|
-
|
37%
|
63%
|
-
|
-
|
35%
|
65%
|
талдау; оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіруде педагогикалық шарттар жүйесін есепке ала отырып анықтау. Қалыптастыру кезеңінде жүйелі жүргізілген педагогикалық жұмыстар оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті белсенділігінің қалыптасу жағдайы, оқушылардың білімді меңгеруге деген ықыласы мен көзқарастары өзгергені байқалды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында эксперимент және бақылау топтары бойынша алынған нәтижелерге салыстырмалы түрде талдау жасай отырып, математикалық-статистикалық өңдеу жүргізілді, ауыл мектебі оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің психологиялық-педагогикалық тұрғыда пайымдалған теориялық ұсыныстардың практикалық тұрғыда іске асуына қорытынды жасалды; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың алдына қойған мақсат-міндеттерінің орындалуына талдау жасалды.
Сонымен, біздің түйіндейтініміз, оқу-танымдық іс-әрекеттің белсенділігі оқушының тек қана ақыл-ойының белсенділігі ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның жан-жақты дамуын, жетілуін қамтиды. Оқушының білімді саналы игеруі, қажетті іскерлік пен тәжірибені білуі, оны өз іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдануы оның тұлғалық дамуына тән қасиеті ретінде қарастыруға болады. Сондықтан біз білімді жеке тұлғаның өзіндік оқу-танымдық іс-әрекетінің жемісі деп қарастырамыз. Қазіргі кезеңде ауыл мектептеріндегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің дәстүрлі сипатын ескерте отырып, оқушының өзінің іс-әрекетін жетілдіру рефлексиядан басталу қажет деп есептейміз. Ал рефлексия дегеніміз – оқушының өзінің іс-әрекетін мақсатты түрде ой елегінен өткізу. Бұл мәселеде оқыту процесінің екі жақты сипатына сай, мұғалімнің де кәсіби құзіреттілігіне де байланысты деп түйіндейміз.
Жүргізілген зерттеулер кезеңдерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерінің белсенділігінің деңгейлері мен оқушылардың білімді меңгеруге деген бағдарының қалыптасу көрсеткіштерінің әрқайсысы алдыңғы кезеңнің соңғы кезеңмен байланысының шарты немесе нәтижесі, қорытындысы болып табылады. Бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетке белсенділігінің қалыптасу көрсеткіші мен деңгейі жоғарылағаны байқалады. Мұндай көрсеткіштер оқушылардан алынған тапсырмалар топтамасын орындаумен және білімдік қималар (срез) арқылы жүзеге асырылды. Бірінші жағдайда тапсырмалардың репродуктивтік, кейіннен эвристикалық және шығармашылық деңгейдегі жүйесімен анықталды.
Зерттеу нәтижелерін сараптау, оқушылармен жүргізілген сауалнамалар, тестік тапсырмалар бойынша олардың оқу-танымдық белсенділік деңгейінің өскені анықталып отырды.
Ұсынылған жүйе бойынша сабақтағы оқушылардың белсенділігі педагогикалық талаптар шеңберінде жүзеге асырылып отырды. Осы мақсатта оқыту үрдісіндегі мұғалімнің шығармашылық қызметі де тексерілді. Себебі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетке белсенділігі мұғалімнің ізденімпаздығына, шығармашылық дербестігіне тікелей байланысты. Осы өзара қатынасты тарату механизмі құрылымдық-логикалық модельдің оқу-танымдық іс-әрекетте оқушылардың білімге деген құндылық бағдары мен оны меңгеруге деген белсенділігімен анықталады.
Зерттеу мәселесі бойынша сарапталған педагогикалық-психологиялық әдебиеттер көрсеткендей, оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі оқушының тек қана ақыл-ой белсенділігін ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғанының жан-жақты дамуына елеулі әсер етеді. Мұғалімнің оқушының оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіруге бағытталған қызметі терең білімді игеріп, қажетті іскерлік пен тәжірибені білуі, оны өмірдің өзгермелі жағдайында пайдалануына бағытталуы деп танимыз. Мұғалім іс-әрекетінде мақсатқа жетуі оқушы белсенділігінің келесі жоғары деңгейдегі сатыға шығуы арқылы көрінеді.
Эксперименттік оқытудың қорытындысы бойынша оқушылардың бір деңгейден екінші деңгейге ауысуы көптеген әдістемелік жүйедегі тапсырмалар топтамасын орындаудан тұрады, олар бірте-бірте күрделену арқылы, сатылы түрде шарттары да өзгермелі болып келеді. Тапсырмалардың бір-бірімен байланысы жүйелік сипатта беріліп отырды.
Теориялық және эксперименттік зерттеулерде мыналар ескерілді:
1. Педагогикалық-психологиялық теорияларды тірек ете отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру проблемасы олардың білімді саналы игеруі арқылы анықталды.
2. Оқу үрдісіндегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде олардың білімдік деңгейлері ескеріліп, ізденімпаздығын қалыптастыру бағытында жүргізілді.
3. Ауыл мектебі жағдайында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру қазіргі мүмкіндіктер мен оның келешекте дамыту бағыттарын анықтау арқылы және олардың өзара сабақтастығы негізінде жүргізілді.
4. Педагогикалық эксперимент теориялық зерттеуде берілген пайымдаулар мен оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру олардың өмірлік маңызды іс-әрекеттерге құндылық бағдарын қалыптастыруда маңызы зор екеніне көз жеткіздік. Осы уақытқа дейні білім беру мекемелерінде оқу процесінде білімді меңгеруге бағытталған болса, біздің зерттеулеріміздің мақсатына байланысты білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес, оқушыларда білімді құндылық бағдары ретінде қабылдауы оқу іс-әрекеті субъектінің өзін өзгеріске түсіреді, нәтижесінде белсенді, өзін-өзі дамыта алатын, дербес, білімін қажетті жағдайда жүзеге асыра алатын жеке тұлға қалыптасады.
Оқушы жеке тұлғасының қалыптасуы физиологиялық, психологиялық, таным процестерінің жетілуімен қатар жүреді және олар оқыту үрдісінде жүзеге асады.
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру оның өзіндік жеке қасиеттерін диагностикалауға тікелей байланысты. Біз зерттеулерімізде психологиялық әдебиеттердегі таным процесіне диагностикалау әдістерін зерделей отырып, ауыл мектебі жағдайында оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде маңызды болып табылатын жүйке жүйесінің өзіне тән ерекшеліктерін диагностикалау әдістемесін ұсындық.
Жүйке жүйесінің өзіндік типтік ерекшеліктерін диагностикалаудың мұғалім үшін маңызы зор. Адамның жүйке жүйесінің типтік ерекшелігі – психологиялық әрекетіндегі ерекшелік пен оның жұмыс істеу қарқынына, ырғағына тікелей байланысты.
Осындай өзіндік белгілер адамның мінез-құлқындағы табиғи негізді, адам темпераменті мен білік-дағдыларын, басқа әрекеттер мен ақыл-ойдың өзіндік өрнегін қалыптастырады.
Е.А.Климов жасаған жүйке жүйесінің типтік белгілерінің табиғи көрсеткіштерін келтірейік [132]:
Жүйке қызметі күшінің негізгі көрсеткіштері:
а) қиындықты жеңу жолында ұзақ күнге еңбек етуде жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейін сақтап қалу;
ә) жұмысқа қабілеттілігінің тез қалыпқа келуі;
б) қорқыныш сезімнің болмауы, сергектік, жаңа және күрделі жағдайларда сенімділігін сақтауы;
в) әсері әлсіз жағдайға сезімнің болмауы, жан ауруының байқалмауы;
г) зейіннің тұрақтылығы;
ғ) жаңа әсер алуға талпынушылық, жаңа материалды білуге құмартушылық.
Жүйке қызметі ептілігінің негізгі көрсеткіштері:
а) сыртқы әсерді жедел қабылдау;
ә) өмірлік ұстанымдары мен дағдаларын өзгертуге тез бейімделу, жаңа адамдарға шапшаң үйрену;
б) есте жедел сақтау мен елестету;
в) сезімнің тез арада пайда болуы, жарқын көрінісі;
г) әрекет қарқындылығының жоғарылығы (қимыл, сөйлеу тілі).
Жүйке қызметі күшінің тепе-теңдігінің негізгі көрсеткіштері:
а) салмақтылық сақтау, шыдамдылық таныту, жинақылық;
ә) ерік-жігерін шапшаң әрі тиімді қолдана алуы;
б) іс-әрекеттегі өзара сабақтастық, біркелкілік.
Осы табиғи көрсеткіштерге сүйене отырып, жүйке жүйесінің өршіту (қоздыру) мен тежелу процесі күшін диагностикалаймыз.
Жоғары сынып оқушыларында жүйке қызметінің қозуы (жоғарылауы) кезінде ақыл-ой белсенділігі мен жаңа күрделі материалмен ұзақ уақыт жұмыс істеу, өз ойын түсінікті жеткізе алатындығын байқауға болады. Табиғаты мұндай балалар шыдамды болып келеді, шаршаған сәтте өз күшін жедел қалпына келтіреді.
Жүйке жүйесінің тежелу процесі күшінің көрсеткіштері: зейіннің бір бағытқа тұрақталуы, белгілі бір әрекетке ойының тұрақты бағытталуы. Мұндай балалар сыртқы ортадағы шуға аса көңіл бөле бермейді, өз іс-әрекетімен мақсатты түрде айналысып отыра береді, табиғатынан шыдамды, өзін-өзі ұстай алады. Санасында қажет емес ойларды шектеп, болған жағдайлар туралы тіптен ойламайды да.
Осы көрсетілген жүйке жүйелерінің қызметіндегі әлсіздік ақыл-ой еңбегі кезінде шыдамсыздық таныту, жаңа материалға қарағанда, өзіне таныс материалмен жұмыс істеуге бейім тұру, жоспарлау мен оны орындауда аса мұқият болу, ұялу, қысылу сезімдерінің жоғарылығы, басқа адамдармен қарым-қатынаста өзіне деген сенімсіздіктің пайда болуы арқылы көрінеді.
Жүйке жүйесінің қызметін диагностикалау осы берілген көрсеткіштердің нәтижесінде іске асырылуы қажет. Оқушының жүйке жүйесінің тұрақты белгілері оқу әрекетімен тікелей байланысты.
Жүйке жүйесі қызметіндегі қозу процесінің әлсіздігі баланың оқуда қиналуына себеп болатынын ғалымдар дәлелдеп шыққан [133, 134]. Мұндай оқушыларға зейіннің біржақтылығы мен жұмыс істеуге қабілеттіліктің төмендігі тән. Олар тапсырманы орындау барысында қиындықтан қашқақтап тұрады, алдыңғы тапсырманың шешімінің үлгісі бойынша жүруге бейім, өз ойынан ештеңе шығарып, бас қатырғысы келмейді, олар мұқият тыңдамаудың себебінен жиі қателеседі, зейінді бір нүктеге ұзақ уақыт ұстап тұруға күші жетпейді. Сонымен қатар шаршаған сәттерде өзіне берілген тапсырманы ұмытып жатады. Сондықтан тапсырманы орындап шығу үшін бірнеше мәрте оқып, шешуге тырысады.
Жүйке жүйесі қызметінің күші есте сақтауға тікелей байланысты. Егер баланың жүйке жүйесі әлсіз болса, есте сақтауы да әлсіз болады, шапшаңдық пен дәлдікті қажет ететін тапсырмалар кезінде қиналады.
Жүйке жүйесі қызметіндегі осындай ерекшелік баламен жұмыс істеу кезінде баса көңіл бөлуді қажет етеді.
Теплов Б.М.[135] жүйке жүйесінің мұндай түрін сәтсіздік деп қарамаған.
Зерттеу көрсеткендей, әрекетке оң қарым-қатынас кезінде жүйке жүйесінің әрбір түрі “өзіндік әрекет өрнегін ” қалыптастырады.
Жоғары сынып оқушыларының жүйке жүйесіндегі қозу күшіне қарай бөлінетін оқу әрекетінің тұрақты ерекшелігіне тоқталайық. Өз оқушыларының дербес жұмыс стилін қалыптастыруға жетекшілік ететін педагог үнемі ескеруі тиіс ерекшеліктер (4,5-кестелер).
Достарыңызбен бөлісу: |