Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі



бет48/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
0408pk00146

Сауалнама
1. Психологиялық-педагогикалық біліміңізді көтеруді қажетсінесіз бе?

2. Әдістемелік біліміңізбен біліктілік деңгейіңіз

3. Оқушылардың оқу пәніне деген ықыласы дәрежесін қарай сабақты жоспарлау

4. Танымдық тапсырмаларды құрастыру білігіңіз

5. Оқу материалының күрделілігіне байланысты жеке оқушылардың мүмкіндігін ескеру.

6. Педагогикалық білім мен біліктілік деңгейіңіз

7. Оқу материалын іріктеген кезде оқушылардың танымдық қызығушылығы мен қажеттіліктерін ескеру

8. Ой белсенділігін арттыратын материал таңдау

9. Оқушыларды танымдық сұрақтар беруге үйрету

10. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушыларды танымдық жұмыстарға қосу

11. Сабақ барысында өзіндік тапсырмаларды күрделендіру

12. Жұмыста ойлау тәсілдерін қалыптастыру

13. Өздігінен іздеуге үйрету

14. Үлгерімі нашар және жақсы оқушыларға жұмыс түрлерін ұйымдастыру

15. Білімі мен біліктері, дағдыларын сабақта пайдалану

16. Оқушылардың танымдық әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын пайдалану

17. Сұрақты шығармашылық сипатта шешу

18. Өз мүмкіндігіне сенуін қалыптастыру

19. Пікірлерді дәлелдеу, негіздеу біліктері

20. Ғылымға ұмтылу, сүю және баларға көрсете білу

21. Уақытты тиімді пайдалану білігі

22. Педагогикалық әрекетті талдау

23. Кәсіби педагогикалық білім көтеруде өзара көмек пен ынтымақтастық

24. Сабақта жағымды қарым-қатынас. Ынтымақтастық

25. Мадақтау, марапаттау түрлерін қолдану
Мұғалімдерден алынған сауалнама нәтижелері олардың басым көпшілігі (65%) қазіргі білім беру ісіне оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді дамытуда маңыздылығын түсінгенмен, осы мәселеде оқушылардың жағымды субъективті ұстанымына қажетті психологиялық-педагогикалық жағдай жасау, оңтайлы әдіс-тәсілдер, технологияларды пайдалануды нашар меңгергенін байқатты.

«Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру технологиялары» атты арнайы курс ауыл мектебі мұғалімдерінің ғылыми-педагогикалық білімін жетілдіріп, әдістемелік шеберлігінің дамуына негіз салды деп есептейміз. Бұған дәлел: арнайы курстан соң өткізілген әдістемелік семинарда мұғалімдердің пікірлері мен педагогикалық эксперимент нәтижелерінің оң болуы, осы экспериментке мектеп озат, тәжірибелі мұғалімдердің белсенді араласуы және жас мұғалімдердің қызығушылық танытуы болды.

Арнайы курс барысында мұғалімдер оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру әдістерін, технологияларын меңгеріп қана қоймай, қазіргі білім беру жүйесіндегі жасалып жатқан өзгерістер, әсіресе, әлемдік білім кеңістігі бағдары мен 12 жылдық білім беру идеялары туралы және оқыту технологияларының мәнін, мазмұнын толық түсінуге мүмкіндік бергенін сауалнама, әңгімелесу арқылы пікірлерін білдірді.

Сонымен, педагогикалық эксперимент нәтижелерін талдау-зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп, ұсынылып отырған технологияны қолдану тиімділігінің жоғары екендігін көрсетті.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті күрделі процес, ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтитынын айқындай түстік.

Мектептерде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруда проблемалық оқытуды ұйымдастыру, пән бойынша деңгейлік танымдық тапсырмаларды пайдалану, оқу процесінде оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дистанциялық оқыту және жаңаша оқыту әдістерін пайдалану, жаңа ақпарат көздерін табу және оны оңтайлы пайдалану, ғылыми ақпараттар легімен жұмыс істеуге үйрету, тағы басқа білім беру көздерін пайдалану арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оны кешенді, жүйелі түрде пайдалану-оқыту процесін жетілдіруде маңызды.

Мектептерде оқу процесі басқа педагогикалық жүйедегідей оқытушы мен оқушылардың өзара іс-әрекеті нәтижесінде жүзеге асады. Оқу процесінде оқушы педагогикалық басқарудын енжар объектісі және берілген білімді игеруші ретінде көрінеді, бірақ оқу әрекетінің нәтижесін белсенділігі арқылы көрсететін танымдық іс-әрекет субъектісі ретінде де көрінеді. Сондықтан оқушылардың танымдық белсенділігі көкейкесті болып қала береді.

Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін анықтау мақсатында арнайы зерттеу жүргізіледі. Зерттеуде 2 мақсат қойылды:


  1. оқу белсенділігі мен оқу үлгерімі деңгейін анықтау;

  2. оқу белсенділігі мен оқу жетістіктері деңгейін анықтайтын педагогикалық-психологиялық факторларды анықтау.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру мотивтерге, оқу-танымдық жұмыстың дұрыс деңгейде ұйымдастырылуына, оқушының өзін-өзі басқару іс-әрекетіне, белсенділігіне, мұғалімнің шеберлігіне, топтағы немесе сыныптағы жайлы атмосфералық климатқа, оқу процесінің материалдық-техникалық қамтамасыздануына байланысты екендігі тәжірибелік эксперименттік жұмыстар арқылы дәлелдеді.

Сондықтан танымдық іс-әрекетті оңтайлы ұйымдастыру қоғам сұранысына сай оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды мәселе болып табылады. Себебі, қазіргі кезеңдегі ғылымның бүкіл саласында білім мазмұны тереңдеп, оның ауқымы қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық өрістеу кезеңінде оқушының өз іс - әрекетін ұйымдастыру біліктілігін қажет етеді. Сондықтан оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқыту процесін жетілдірудің шарттарының бірі ретінде қарастыру керек.

Мұғалімге оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар ескерілуі қажет деп есептейміз:


    • танымдық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің және танымдық сипатын ескеруі қажет;

    • танымдық тапсырмалар түрлі деңгейде болу керек;

    • кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланысты және бір жүйеде берілуі;

    • танымдық тапсырмалар іс-әрекетті жоспарлау және ұйымдастыру біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей болуы;

    • білімі мен біліктерін жетілдіретіндей;

    • оқушының ақыл- ой әрекетін дамытатын;

    • тапсырмалардың «қарапайымнан-күрделіге» өзгеруі.

Жалпы, оқушылардың танымдық іс-әрекетінде танымдық біліктерін қалыптастыру өзекті мәселе болуы тиіс, себебі, қоғам мүшелерінің білімдарлығы, өмірлік ұстанымдарының дұрыстығы, алдына қойған міндеттерді шеше алуы танымдық іс-әрекетті дұрыс, оңтайлы ұйымдастыруына тікелей байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет