Білім беру жїйесі ќоєамныѕ јлеуметтік-экономикалыќ дамуында жетекші роль атќарады, сондай-аќ оны јрі ќарай айќындай тїседі



бет49/50
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#18553
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
0408pk00146

ҚОРЫТЫНДЫ


Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:



  1. Ауыл мектептерінде жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс әрекетін белсендірудің теориялық негіздері тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан айқындалды. Соған сүйене отырып, «оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру» ұғымдарының педагогикалық мәні мен мазмұны ашылып, жеке тұлғаны қалыптастыруда оқу-танымдық білімнің құндылық рөл атқаратыны анықталды.

  2. «Белсенділік», «оқу-танымдық іс-әрекет», «ауыл мектептері оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру» ұғымдарының ғылыми тұрғыда талдаудың қорытынды нәтижелері-философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық бағыттағы көзқарастар іс-әрекеттік жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік беріп, проблеманың бүгінгі күнгі көкейкестілігі мен зерттелу деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.

  3. Қазіргі ауыл мектебінде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіруді оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайы ұсынылды.

  4. Ауыл мектептерінде жоғары сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру оңтайлы әдіс-тәсілдер, жұмыс түрлерін пән сабақтарында, оқыту үрдісіне ендіру арқылы жүргізіліп, мектеп практикасында қолданудың ғылыми-әдістемелік бағыттары көрсетілді.

  5. Қазіргі ауыл мектептерінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді әлемнің біртұтас ғылыми-танымдық бейнесін тұлғалық-бағдарлы, пәнаралық, пәнішілік, танымдық әрекет процесінде жүзеге асырудың технологиясы жасалды.

  6. Ауыл мектебі мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру технологиялары» атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, тәжірибелік-эксперименттен өткізілді.

  7. Ауыл мектебі жағдайында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге бағытталған педагогикалық жұмыс түрлері және олардың өзара ықпалды бірлігі, жүйелілік сипатта жүргізілген жұмыстар және олардың оң нәтижелері зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын айғақтайды.

Қазіргі таңда ауыл мектебі оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді жетілдіруде мынадай ұсыныстар беріледі:

  • оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда ғылыми-танымдық жұмыс көлемін арттыру; тұтас педагогикалық үдерісте оқушыға субъект ретінде қарап, дербестігі мен еркіндігі болуын есте ұстау;

  • әлемдік білім кеңістігіне бағытталу жағдайына сәйкес, оқу-танымдық білім кеңістігін құру және оның мазмұнын адамгершілік пен рухани деңгейлер арқылы толықтыру әлі де болса жан-жақты зерттеуді қажет етеді;

  • оқушының білімге құндылық бағдарын қалыптастыруда халықтың педагогика мұраларындағы, қазақтың ғұлама ойшылдары еңбектеріндегі білімді жетілдіруге бағытталған идеяларды оқу үрдісінде кеңінен пайдалану;

  • зерттеліп отырған мәселеге байланысты қазіргі заман талабымен үндесіп, рухани, ұлттық ерекшеліктерімен сабақтасын, оны жетілдіруді басты бағдар ретінде қарастыратын оқулықтар, ғылыми-әдістемелік құралдар шығару;

  • «Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру технологиялары» атты арнайы курсты мектеп практикасына енгізу және тиімді пайдалану.

Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын түбегейлі талдап, қамтып шығу мүмкін емес. Біздің ойымызша, келешекте ауыл мектебі оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіруде халықтық педагогика материалдарын пайдалану мүмкіндіктері; оқушылардың оқу іс-әрекетінде рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру; мектепке дейінгі даярлық топтарында танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет