Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі
С-, сандық баламасы1,67 пайыздық көрсеткіш 60-64%
Бағдарламалық оқу материалын толық айтпайды. Студент маңызды емес жəне маңызды қателіктер жіберген, оларды оқытушының көмегімен түзете алады. Пəндік терминологияны дұрыс пайдалана алады, негізгі механизмдерді анықтауда қателіктерге тап болады, формулалар жəне т.б. жазуда қателер жібереді. Өз білімін басқа ұқсас пəндермен үйлестіре алмайды, байланыс таппайды. Тəжірибені өткізудегі (пəнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады.
Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі
D+, сандық баламасы 1,33 пайыздық көрсеткіш 55-59%
Жауап толық емес, нақтылықтар аз. Маңызды жəне маңызды емес қателіктер бар. Кейбір жағдайларда студент пəндік терминологияны пайдаланады, бірақ механизмдерге жауап беруде қындықтарға тап болады, байланыстыра алмайды, пəн бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге анықтама бере алмайды. Тəжірибені өткізудегі (пəнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады.
Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі
D, сандық баламасы 1,0 пайыздық көрсеткіш 50-54%
Оқытушының қосымша сұрақтар қойғанының өзінде көптеген қателіктері бар жауап. Маңызды қателіктер: терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдар, ережелердің орналасуын білмейді, түрлерге бөле алмайды. Негізгі үрдістер, механизмдердің мағынасын түсінбейді, материалды түсіндіруде пəндік терминологияны пайдалана алмайды, күрделі қателіктер жасайды. Тəжірибе өткізудің дағдыларын толық меңгермеген, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады.
Баллды-рейтингті жүйе бойынша студенттердің білімін бағалау өлшемі
«қанағаттанғысыз» F, сандық баламасы 0, пайыздық көрсеткіші 0-49%.
Студенттің жауаптан немесе жауап беруден бас тартуы, студент оқу бағдарламасы бойынша білімінің толықтай жоқтығын көрсетеді. Бірде бір тапсырма/тəжірибе орындалмаған, немесе тапсырма/тəжірибе/зертханалық жұмыс дұрыс орындалмаған.