54
Кодекстің аталмыш комитетіне қатысты талаптарды орындау
үшін төмендегі шаралардың бірін қолданса болады:
a.
әдептік сараптама алу үшін халықаралық тәжірибеге сәйкес
зерттеу әдебі бойынша тиісті оқудан өткен білім саласының
сарапшысына немесе сарапшыларына өтініш білдіру;
b.
әдептік сараптама алу үшін аталмыш комитеті бар басқа ұй-
ымға өтініш білдіру.
7.3.2.
Зерттеу жүргізетін ұйымдардың
басшылығы осы Кодекстің
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитетті құру мен да-
мыту туралы талаптарды орындау үшін өтпелі кезеңде уақыт-
ша шара ретінде төмендегілердің бірін қолданса болады:
a.
әдептік сараптама қызметін ақылы көрсете алатын ұйымдар-
мен серіктестік орнату;
b.
ұйым ішінде бір немесе бірнеше зерттеушілік жобалар үшін
құрылатын уақытша (ad hoc)
комитеттер құру;
c.
ұйым ішінде зерттеу әдебінің негіздерін және қыр-сырын мең-
герген сарапшылар тобын құрып, олардың өз әріптестері үшін
әдептік сараптаманы тәуелсіз және әділ жүргізуіне жағдай
туғызу.