42
6.6.7.
Білім зерттеушісі студентпен бірлесіп жұмыс жасағанда, не-
гізінен диплом немесе диссертация жұмысынан туындайтын
зияткерлік өнімнің бірінші авторы осы студент болып көр-
сетілетіндігін есте ұстауы тиіс.
6.6.8.
Білім зерттеушісі өзінің студенттері мен әріптестеріне олар-
дың білімі, кәсіби дайындығы мен тәжірибесіне сүйене
отырып, өздігінен орындай алатын
міндеттерді ғана сеніп
тапсыра алады, басқа міндеттерді тек тәлімгердің тікелей
бақылауымен ғана тапсыруға болады.
6.6.9.
Қолжазбаны дайындауға қатыса тұра, үлесі елеулі деуге
болмайтын адамдардың барлығы зияткерлік өнімнің «Риза-
шылық» атты бөліміне көрсетілетінін білім зерттеушісі есте
ұстауы қажет.
6.6.10.
Егер авторлық ұжымның басқа
өкілдері ғылыми жобаның
қайсыбір нәтижелерін шамадан тыс талғамдылықпен та-
ратса я болмаса жаңылысатындай таратса, онда ғылыми
жобамен айналысатын авторлық ұжымның әрбір мүшесі, со-
нымен қатар жобаның демеушісі бұл жобадан жария түрде
бас тартуға құқылы екендігін білім
зерттеушісі есте сақтау
қажет.
6.6.11.
Білім зерттеушісі өзінің зияткерлік өнімінің толықтай біре-
гей зерттеудің нәтижесі екендігіне көз жеткізуі тиіс.
6.6.12.
Білім зерттеушісі қолжазбаны жариялауға ұсынған кезде
оның қолжазбасының басуға алғаш рет беріліп отырған-
дығына кепілдік беруі тиіс.
6.6.13.
Білім зерттеушісі қолжазбаны бір мезгілде бірнеше баспаға
жібермеуі тиіс. Қолжазбаны басқа баспаға тек алдыңғы бас-
па ресми түрде бас тартқаннан кейін ғана жіберуге болады.
6.6.14.
Білім зерттеушісі өзінің жарияланған
туындысында айтар-
лықтай қателік немесе олқылық тапқан жағдайда, ол осы
туындыны жариялаған баспаға дереу хабарлауға міндетті.
6.6.15.
Егер баспа өздігінен немесе үшінші тараптың көмегімен жа-
рық көрген еңбекте айтарлықтай қателік немесе олқылық
тапса, білім зерттеушісі осы
баспамен олқылықтың орнын
толтыру үшін міндетті түрде бірлесіп қызмет етуге міндетті.