Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы



Pdf көрінісі
бет22/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
6.7. Цифрлық зерттеу әдебі
Интернетті зерттеу қызметінің ерекше бір ортасы десе болады, өйт-
кені ол зерттеуге қажетті деректердің көзі, оларды жинау құралы және 
сақтайтын орны рөлін атқарады. Интернет кеңестігінің жария болуына 
қарамастан білім зерттеушісі цифрлық зерттеулер өткізгенде зиян тию 
тәуекелін басқару, қатысу еріктілігі, авторлық құқық пен құпиялылықты 
сақтау сынды мәселелерге ерекше мән беруі керек.
Цифрлық зерттеулерді жоспарлап өткізу талаптарын нормалау 
зерттеу әдебінің біршама жаңа бағыты болып саналады. Бұл параграф-
та білім және психология салаларындағы шетелдік цифрлық зерттеу-
лерде қолданылатын кейбір нормаларын Қазақстан контекстісіне бей-
імдеуге әрекет жасалды.
6.7.1.
Білім зерттеушісі мемлекеттік органдардың ақпараттық 
жүйелерінде қамтылған әлеуетті қатысушылардың дербес 
деректерін жинау және өңдеу құқығын алу үшін «электрон-
дық үкіметтің» веб-порталы арқылы немесе өзге де тәсілмен 
заңнамаға қайшы келмейтін қорғау іс-әрекеттерінің элемент-
терін қолдана отырып, оған қатысушылардың келісімін алуға 
тиіс. Бұл жағдайда зерттеуге қатысушының бұған дейін бер-
ген келісімін қайтарып алу жағдайы да осындай тәртіппен 
жүзеге асырады.
Кодекстің бұл нормасы ҚР «Дербес деректер және 
оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес тұжырымдалған. 
Заңда білім зерттеушілері «үшінші тұлғалар» ұғымына сәйкес 
келеді (ҚРЗ, 2013, 8-баптың 1-ші және 3-тармақтары, 10-бап-
тың 4-тармағы), ал жеке (дербес) деректерді өңдеу деп осы 
деректерді жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдала-
ну, тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жоюға бағытталған 
іс-әрекеттерді айтады (ҚРЗ, 2013, 1-баптың 12) тармақшасы).


44
6.7.2.
Білім зерттеушісі цифрлық зерттеуді жүргізу туралы шешім 
қабылдарда, оның қоғамдық маңызына және зерттеудің әле-
уетті қатысушыларына әсер етуі мүмкін тәуекелді басқару 
мүмкіндігінің барына көз жеткізуі тиіс. Егер зерттеу тәуекелі 
минимумынан жоғары болып, ал цифрлық формат оны одан 
бетер ушықтырса, онда зерттеуші өз жобасын кәдімгі («бет-
пе-бет») форматқа ауыстыру мүмкіндігін қарастырғаны жөн.
6.7.3. 
Егер интернеттегі деректер көпшіліктің қолдануына, үшінші 
тарапқа беру мүмкіндігін шектемей жарық көрсе, ал веб-дерек-
көзді қолдану шарттарында тыйым болмаса, білім зерттеушісі 
бұл деректерді автордың және/немесе веб-дереккөздің ақпа-
ратты келісімінсіз зерттеу мақсатына жарата алады.
ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңында халыққа 
толық және сенімді ақпаратты Интернет-ресурстар, БАҚ не-
месе басқа тәсілдер арқылы жеткізуге тиіс «ақпарат иеле-
нушілердің» тізімі бекітілген (негізінен мемлекеттік органдар 
мен заңды тұлғалар). Осы ұйымдардың Интернет-ресурста-
рында орналастырылуға тиіс статистикалық ақпарат, ана-
литикалық баяндамалар мен қызметіне жасалған шолулар, 
алқалы органдардың ашық отырыстарының стенограммала-
ры және/немесе хаттамалары, халық арасында жүргізілген 
сауалнамалар, ақпарат алу үшін келіп түскен сұратулардың 
қорытындысы және т.с.с. материалдар осы Кодекстің 6.7.3 
тармағында сипатталған деректерге сәйкес келеді. «Ақпарат 
иеленушілерінің» ұсынатын мәлімет лауазым иесінің жеке 
басын айқындауға мүмкіндік беретіндей көлемде жарияла-
нуы аталған Заң талаптарының бірі болып табылады (ҚРЗ, 
2015, 8-бап; 9-бап 2-тармағының 4) тармақшасы; 16-бап).
6.7.4.
Егер автордың қайсыбір жазбаны жариялаудағы уәжі (түрткісі) 
және/немесе жарияланымның сипаты анық болмаса, яғни бұл 
деректердің көпшіліктің қолдануына, үшінші тарапқа беруге 
және зерттеу мақсатында алып пайдалануға болатыны тура-
лы күмән туса
34
, білім зерттеушісі автордан ақпаратты келісім 
34
Мысалы, блогтарда, әлеуметтік желілерде, пікірталас онлайн форумдарында, жеке презентация-
лар мен кездесулерде жарияланған деректер.


45
алуға тырысады. Бұл ретте зерттеуге қатысушы ретінде до-
мен/аккаунттың иесі болып табылатын жеке адам қарасты-
рылады, себебі оның интернеттегі есімі мен аватары ойдан 
шығарылған болуы мүмкін.
6.7.5.
Егер веб-жарияланым (пост және т.с.с. жазба) авторы оны 
қайтарып алса/жойса, онда білім зерттеушісі бұл жарияла-
нымның деректерін пайдаланбауы тиіс. Егер зерттеуші де-
ректер жиналған соң жарияланымдардың статусын қадаға-
лай алмаса, онда оларды ашып қараған күндегі мәртебесін 
мәлімдеп қолданғаны жөн (үлгілері – «бұл деректер жұрт-
шылыққа [күні] қолжетімді болған», «деректер көпшілік-
тің назарына [күні] жария болған түрінде келтіріп отыр») 
(BERA, 2018, p. 18).
6.7.6. 
Білім зерттеушісі цифрлық зерттеуде дәстүрлі «бетпе-бет» 
зерттеуіндегідей қауқарсыз қатысушылардан ақпаратты 
келісім алуға ерекше сақтықпен қарауы қажет. Бұл ретте заң-
ды өкілдерінің келісімін интернет кеңістігінде және/немесе 
одан тыс алуға болады.
6.7.7. 
Сандық цифрлық зерттеу жүргізерде білім зерттеушісі әлеу-
етті қатысушының онлайн-сауалнаманы толтыруға келісімін 
қалай беретіні және одан кейін қалай бас тарта алатыны (не-
месе анонимді сауалнама болса, электронды нысанды жол-
дағаннан кейін кері қайтарып алудың мүмкін болмайтыны) 
туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Зерттеуге қатысуға келісімді білдіру үшін сауалнама 
нысанының тиісті торкөзінде таңба («жалауша», «құс» белгісін) 
қою мүмкіндігінің болуы әдептік тұрғыдан оңтайлы тәжірибе 
болып саналады (British Psychological Society, 2013, p. 28).
6.7.8.
Білім зерттеушісі интернет кеңістігінен алынған дерек-
терді құпия сақтаудың күрделілігін нақты бағалап, олар-
ды анонимдеу шараларын қолдануы керек (мысалы, сапа-
лы цифрлық зерттеу барысында жиналған дәйексөздерді 
өзгертіп жазу). 


46


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет