Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы


Зерттеуге қатысу еріктілігі



Pdf көрінісі
бет29/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

Зерттеуге қатысу еріктілігі. 
Зерттеуге адам өз еркімен ғана қатыса алады. Егер Сіз зерттеуге қаты-
суға берген келісіміңізден бас тартқыңыз келсе, бұл шешіміңізді жоба-
ның кез келген уақытында себебін түсіндірместен, ешқандай салдар-
сыз мәлімдей аласыз. 
Ғылыми жетекшінің байланыс деректері.
Осы зерттеу жобасына қатысты қандай да бір сауалдар немесе ой-пікір-
лер болса, жобаның ғылыми жетекшісіне хабарласса болады:
(Т.А.Ә.
48
)
,
(телефон нөмірі)
,
(email)

Кез келген сұрақтар немесе мәселелерді 
(университет 
атауы)
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитетіне 
электронды поштасы арқылы жолдауға болады. 
48
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.


65
Келісім беру туралы мәлімдеме.
Мен, ,
(зерттеуге қатысушының Т.А.Ә.)
осы зерттеуге өз еркіммен қатысуға келісім беремін.
Зерттеушілер маған зерттеудің мақсаты мен негізгі ақпаратын, соның 
ішінде менің бұл зерттеуде не істеу керектігімді нақты түсіндіріп берді. 
Мен зерттеуге ерікті түрді қатысатынымды түсініп тұрмын. Мен кез 
келген уақытта, уәжімді (себебімді) түсіндірместен зерттеуге қаты-
су келісімімнен бас тарта аламын. Және мұндай шешімнің мен үшін 
ешқандай жағымсыз салдары болмайды.
Мен зерттеу барысында жиналатын мәліметтің құпия түрде қолданы-
латынын түсінемін.
Қолы: Күні: 
Зерттеуші:
(Т.А.Ә.)
Қолы: Күні: 


66
Кодексте кездесетін зерттеу әдебіне қатысты 
ұғымдар мен терминдердің орысша-ағылшынша нұсқалары
Автордың жеке 
мүліктік және мүліктік 
емес құқықтары
Личные имуществен-
ные и неимуществен-
ные права автора
Author’s personal 
property and non-
property rights
Адамдар қатысуымен 
жүргізілетін зерттеулер
Исследования 
с участием людей
Human subjects research
Адамның ар-намысы 
мен қадір-қасиетін 
қорғау
Защита чести 
и достоинства
Protection of honor and 
dignity
Идентификаторлар 
(тура, жанама)
Идентификаторы 
(прямые, косвенные)
Identifiers (direct, quasi-
identifiers)
Ақпаратты келісім
Информированное 
согласие
Informed consent
Ауызша ақпаратты 
келісім
Устное информирован-
ное согласие
Oral informed consent
Әдептік дилемма
Этическая дилемма
Ethical dilemma
Әдептік сараптама
Этическая экспертиза
Ethical review
Әділдік
Справедливость
Justice
«Басшы-қызметкер» 
қарым-қатынасы
Отношение «началь-
ник-подчиненный»
Supervisor-subordinate 
relationship
Білім зерттеушілері
Исследователи 
образования
Education researchers
Ғылым ғибраты
Научная мораль
Morality of science
Ғылыми жетекші
Научный 
руководитель
Principal investigator
Ғылыми зерттеулер 
бостандығы
Свобода научных 
исследований
Freedom of scientific 
research
Деректерді анонимдеу 
Анонимизация данных
Data anonymization
Есептілік
Подотчетность
Accountability
Жайсыздық
Дискомфорт
Discomfort
Жалпыланған білім
Обобщенные знания
Generalizable knowledge
Жеке (дербес) деректер Персональные 
данные
Personal data


67
Жеке деректерді 
иесіздендіру 
Обезличивание 
персональных данных
Depersonalization of 
personal data
Жеке өмірге қол сұқпау Неприкосновенность 
частной жизни
Inviolability of private life
Жеке тұлға 
автономдығы
Автономность личности Autonomy of person 
Заңды өкіл
Законный 
представитель
Legally authorized 
representative
Зерттеу адалдығы
Исследовательская 
честность
Research integrity
Зерттеу әдебі
Исследовательская 
этика 
Research ethics 
Зерттеу әдебі жөнін-
дегі институциялық 
комитет
Комитет 
по институциональной 
этике исследований
Institutional research 
ethics committee
Зерттеу 
инфрақұрылымы
Исследовательская 
инфраструктура
Research infrastructure
Зерттеу пайдасы 
(игілігі)
Польза (выгоды) 
исследования
Research benefits
Зерттеу пайдасын 
барынша көбейту
Максимизация пользы 
исследования
Maximizing benefits from 
research
Зерттеу тәуекелін 
мейлінше азайту
Минимизация риска 
исследования
Minimizing risk in 
research
Зерттеуге қатысушы 
(әлеуетті, іс жүзіндегі) 
Участник исследования 
(потенциальный, 
фактический)
Research participant 
(potential, actual)
Зерттеудің қауқарсыз 
қатысушылары
Уязвимые участники 
исследований
Vulnerable research 
participants
Зерттеудің ықтимал 
зияны
Потенциальный вред 
исследования
Potential harm of 
research
Зерттеушілік жоба
Исследовательский 
проект
Research project
Зиян тию тәуекелі 
(минимумынан жоғары/ 
төмен)
Риск нанесения вреда 
(превышающий или не 
превышающий 
минимальный риск)
Risk of harm (more or 
less than minimal risk)


68
«Зияның тимесін»
«Не навреди»
«Do No Harm»
Зияткерлік өнім
Интеллектуальный 
продукт
Intellectual product
Елеулі зияткерлік үлес
Существенный интел-
лектуальный вклад
Significant intellectual 
contribution
Кәніліні емес, шешімді 
іздеу мәдениеті
Культура поиска реше-
ний, а не виновных
No blame culture
Кері оқыту әдістері
Методы обратного 
обучения
Teach-back methods
Кішігірім ақы
Символическая плата
Nominal payment
«Қақпашы» рұқсаты
Разрешение 
«привратника» 
Gatekeeper permission
Қамқорлық
Благодеяние
Beneficence
Құпия ақпарат
Конфиденциальная 
информация
Confidential information 
Құпиялылық
Конфиденциальность
Confidentiality
Құпиялылық шекара-
лары 
Границы 
конфиденциальности
Limits of confidentiality
Қымсыну
Смущение
Embarrassment
Мазасыздық
Тревожность
Anxiety
Мүдде қайшылығы 
(жеке, институциялық)
Конфликт интересов 
(личный, 
институциональный)
Conflict of interest 
(personal, institutional)
Парыз әдебі 
(деонтология)
Этика долга 
(деонтология)
Duty-based ethics 
(deontology)
Сандық зерттеу
Количественное 
исследование
Quantitative research
Сапалық зерттеу
Качественное 
исследование
Qualitative research
Хабарлы құптау
Информированное 
одобрение
Informed assent
Цифрлық зерттеу
Цифровое 
исследование
Digital research


Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық 
қоғамы (Kazakhstan Educational Research Association, KERA) 
ресми түрде 2014 жылдың тамыз айында құрылды. KERA 
құрылтайшыларының қатарында орта, техникалық және 
кәсіптік, жоғары білім деңгейлеріндегі даму институттары-
ның басшылары мен мамандары бар. KERA әлемнің 38 елінің 
кәсіби ассоциацияларын біріктіретін Еуропа білім зерттеу-
лері қауымдастығының (EERA) мүшесі болып табылады.
KERA халықаралық деңгейде мойындалған ұстанымдар мен 
стандарттарды қолданатын отандық кәсіби зерттеушілердің 
қауымын құруды көздейді. Сонымен қатар ол Қазақстан мен 
Орта Азияның білім саясатының өзекті мәселелері бойынша 
зерттеулерді дамыту үшін практик-мамандар, сарапшылар, 
басқарушылар мен зерттеушілерді біріктіретін платфор-
маға айналуды мақсат етеді.
https://kera.kz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет