47
бір қызметкер, студент пен докторанттың зерттеу әдебі бой-
ынша тиісті оқудан жүйелі түрде өтуін;
b.
зерттеу жобаларының ғылыми жетекшілерінің және зерттеу
әдебін ілгерілету мен әдептік қарама-қайшылықтар бойын-
ша кеңес беру қызметі жүктелетін қызметкерлердің арнайы
(тереңдетілген) оқудан өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
Мәселен, Назарбаев Университетінде
зерттеу әдебі
комитетінің мүшелері, ғылыми жетекшілер мен зерттеуге
араласатын қызметкерлер «Collaborative Institutional Training
Institute» (CITI) онлайн оқыту бағдарламасы бойынша тиісті
курстардан өтуге міндетті. Осы Кодекстің жариялану уақы-
тына таман Назарбаев Университетінің
Жоғары білім беру
мектебі KERA-мен бірлесіп, елімізде педагог кадрларды даяр-
лайтын 7 университеттің қызметкерлеріне адамдар қатысуымен
жүргізілетін зерттеу әдебінің негіздері бойынша арнайы курстар-
ды өткізді. Курс сертификаты бірлескен зерттеу жобалары-
на қатысуға құқық береді және зерттеуді әдеп тұрғысынан
оңтайлы жүргізуге қажетті білім-дағдының барын растайды.
7.1.3.
Ұйым ішінде зерттеушілік жобалардың ғылыми жетек-
шілерінің жауапкершілігі нақтылануы керек, атап айтқанда,
әдептік реттеу рәсімдерінің орындалуы, мүдде қайшылығын
басқару, зерттеу тобы мүшелерінің зерттеу кезеңдері туралы
хабардар болуы, бір-бірімен тиімді әрекеттесуі және т.б. қа-
тысты міндеттері айқын болуы шарт.
7.1.4.
Зерттеу әдебінің ұстанымдары мен нормаларының сақталуын
қамтамасыз ету үшін, тиісті мониторинг жүргізу, келіп түскен
сұрақтар мен өтініштерді қарау, ақыл-кеңес үшін ұйымдар өз
ішінде Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитетті құра
алады немесе осындай органы бар ұйымға жүгіне алды.
37
7.1.5.
Ұйым ішінде жаңа білім зерттеушілеріне тиісті біліктілігі мен
жұмыс тәжірибесі бар, соның ішінде зерттеу әдебінен хабар-
дар тәлімгерлер ұсынылуы тиіс.
37
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитеттің қызметі, мүшелері мен рәсімдерінің сипаттама-
сын «7.2. Әдептік сараптама» параграфынан оқыңыз.
48
7.1.6.
Ұйым ішінде зерттеу деректерін басқару саясаты әзірленуге
тиіс. Мұндай саясат деректердің қомақты мөлшерін қауіпсіз,
құпиялы, ыңғайлы
және ұзақ мерзімге сақтау, пайдалану
және тарату жөніндегі талаптарды, сондай-ақ осы дерек-
терді өзге мүдделі білім зерттеушілерімен алмасу рәсімдерін
қамтуы керек.
7.1.7.
Білім зерттеушілері ұйым ішінде тиісті зерттеу инфрақұрылы-
мымен
38
жабдықталуы тиіс.
7.1.8.
Ұйым білім зерттеушісінің зерттеу нәтижелерін тарату талпы-
ныстарына ұйымдастыру және т.с.с.
сипаттағы шаралармен
жәрдемдесуге тиіс (мысалы, дөңгелек үстел өтетін орын бөлу,
жеке веб-сайтын немесе ұйым веб-сайтында қосымша элемент
жасап беру, РR іс-шараларын өткізуді қаржыландыру, т.б.).
7.1.9.
Ұйым ішінде білім зерттеушілері әзірлеуге атсалысқан зи-
яткерлік өнімге
39
деген мүліктік емес және мүліктік жеке
құқықтардың әділ қорғалуын қамтамасыз ету – міндет.
ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»
Заңына сәйкес авторды оның мүліктік
емес жеке құқықта-
рынан (авторлық, есімінің аталуы, автордың беделін қорғау,
халыққа жария ету, кері қайтарып алу құқықтарынан) айы-
руға болмайтынына және мүліктік жеке құқықтарын өзге
тұлғаларға беру шарттарын орындауға ерекше көңіл бөлу
қажет (ҚРЗ, 1996, 15-ші, 16-баптар, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: