Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық ҚОҒамы



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата01.11.2022
өлшемі0,72 Mb.
#46645
түріКодекс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Qazaqstan-bilim-zertteushilerinin-Adep-Kodeksi-pdf

7.2. Әдептік сараптама
Білім зерттеушісі өзінің зерттеушілік жобасының қоғам үшін маңы-
зымен шабыттанатындықтан, зерттеуінің пайдасын (игілігін) әсірелеу-
ге, ал одан қатысушыларға зиян тию тәуекелін кемітіп көрсетуге бейім 
болып тұрады. Осыған байланысты зерттеуде қатысушы адамдардың 
қаншалықты қорғалғанын және зерттеу әдебінің басқа да талаптары-
ның орындалғанын әділ бағалайтын сырт көз керек. Мінекей, осындай 
38
Глоссарийдан «зерттеу инфрақұрылымы» ұғымының анықтамасын оқыңыз.
39
Глоссарийдан «зияткерлік өнім» ұғымының анықтамасын оқыңыз.


49
бағаны Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитет
40
әдептік са-
раптамаға сүйеніп береді. 
Бұл параграф әдептік сараптаманы өткізетін жұмыс органы мен 
оның рәсімдері туралы жалпы нормаларды қамтиды. Мұндай норма-
ларды практика жүзінде қолдану үшін зерттеу жүргізетін ұйымдар өз 
ішінде нақтыланған және контекстке сәйкес қағидаларды (ережелерді, 
регламенттерді) қабылдауы қажет болады.
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитет 
қызметінің фасилитация, яғни қолдау, жағдай туғызу си-
патында орындалуы аса маңызды. Комитет ұсыныстарын 
басшылыққа алып, тиісінше құлшыныс білдіретін білім 
зерттеушілері әдетте өз зерттеушілік жобаларының әдептік 
сараптамадан ойдағыдай өтуіне қол жеткізеді. Аталмыш ко-
митетті құратын ұйымдар бұл орган жұмысында төрешілдік-
ке
41
, назардың қолдаудан қадағалауға ауысып кетуіне жол 
бермеуге тиіс.
Зерттеулерді әдеп тұрғысынан реттеудің халықаралық 
тәжірибесінің енуіне орай зерттеу жүргізетін ұйымдар, әсіресе 
жоғары оқу орындары үшін отандық тәжірибедегі үлгілердің 
маңызы зор. Бұл ретте 2012 жылдан бері Назарбаев Универси-
теті Ғылыми Кеңесінің жанындағы қызмет ететін Ғылыми зерт-
теулердің институционалдық әдеп комитетінің ережелері мен 
регламенттері кәдеге жарайтыны сөзсіз (НУ ҒЗИӘК, к/к).
7.2.1. 
7.1.4 тармағына сәйкес құрылатын Зерттеу әдебі жөніндегі 
институциялық комитет келесі қызметтерді орындайды:
42
a.
зерттеушілік жобаны әдептік сараптаудың қажеттілігі мен 
түрін анықтау (кеңейтілген немесе қысқа; 7.2.11, 7.2.12 тар-
мақтарын оқыңыз);
40
Глоссарийдан «зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитет» ұғымының анықтамасын оқыңыз.
41
Төрешілдік – бюрократия, бюрократизм.
42
Кейбір жағдайларда Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитеттің құзырына «қақпашы» 
қызметі енгізілуі мүмкін (Глоссарийдан «қақпашыдан» рұқсат алу (gatekeeper permission) туралы 
оқыңыз). Мысалы, Комитетке білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмаған шәкірттермен зерттеу 
өткізу сұратуларына ресми жауап беру міндетін жүктесе болады.


50
b.
әдептік сараптама қорытындысы бойынша мына шешімнің 
бірін қабылдау – «мақұлданды», «өзгерістер енгізуді талап 
етеді» (шешіммен бірге негіздемесі келтіріледі), «қабыл-
данбады» (білім зерттеушісі зерттеушілік жобаны түзе-
туден бас тартқан және/немесе зерттеу әдебін өрескел 
бұзған жағдайда
43
);
c.
зерттеушілік жобаны іске асыруды тоқтата тұру (білім зерт-
теушісі Комитеттің әдептік сараптама қорытындысында бер-
ген ұсыныстарын орындамаған жағдайда);
d.
білім зерттеушісінің әдептік сараптаманы алып, соның не-
гізінде зерттеушілік жобаға енгізген барлық өзгерістері мен 
толықтыруларын қарастыру;
e.
мақұлданған зерттеушілік жобаларды ішінара монито-
рингтеу;
f.
білім зерттеушілері тап болған қиындық, қарама-қайшылық, 
әдептік дилемма бойынша кеңес беру
g.
өз қызметі туралы жыл сайын немесе ұйымның құзырлы ин-
станциясының
44
сұратуымен есеп беру.
7.2.2. 
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитеттің қызметі 
ұйым ішінде қабылданған ережелерге сүйенуге тиіс. Бұл ере-
желерде білім зерттеушілерінің өтінімдерін бағалау рәсім-
дері, нұсқаулықтары мен критерийлерінің нақты сипатта-
малары және қажетті құжаттардың нысандары болуы керек. 
Мұндай ережелер мен олардың қосымшалары жалпыға қол-
жетімді болуы, атап айтқанда, ұйым сайтына жүктелуі шарт.
Білім зерттеушісі Зерттеу әдебі жөніндегі институ-
циялық комитетке өтінімін берместен бұрын ондағы зерт-
теу тәуекелдерін, пайдасын және зерттеудің әлеуетті қаты-
сушыларын қорғау шараларының қаншалықты жеткілікті 
болатынын өздігінен бағалай алуға мүмкіндігі болуы қажет. 
Білім зерттеушісінің жоба тәуекелдері мен игілігін өздігінен 
бағалау міндеттері «6.2. Зерттеуден зиян тию тәуекелі және 
зерттеу пайдасы» параграфында сипатталған.
43
Мысалы, білім зерттеушісі әдептік сараптама өткізуге өтінімін зерттеуін аяқтағаннан соң жолдаса.
44
Мысалы, ЖОО-да мұндай инстанция рөлін ЖОО-ның Ғылыми кеңесі атқаруы мүмкін.


51
7.2.3.
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитет кем дегенде 
5 кісіден тұруы керек, олар осы ұйымда адамдардың қаты-
суымен зерттеулерді ең жиі ұйымдастыратын білім бағыты-
ның (тарауының) өкілдері болуға тиіс. Бұдан басқа, Комитет 
құрамы ұжым қызметкерлерін жыныс, тіл, мәдениет және 
басқа да белгілері бойынша мүмкіндігінше әділ қамтығаны 
жөн. Комитеттің бір мүшесі сырттан тартылуы да мүмкін.
7.2.4.
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитет мүшелері 
қажетті біліктілікке ие бола отырып, әдептік сараптаманы 
өткізетін жұмыс органының қызметі туралы арнайы (терең-
детілген) оқудан өтуге міндетті.
7.2.5.
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитет мүшелерін-
де қарауға ұсынылған зерттеушілік жобасын ойдағыдай са-
раптауға құзыреттілігі жетпесе (арнайы құзыреттілікті қажет 
етсе), Комитет әдептік сараптаманы жүргізуге сырттан са-
рапшы тартуына құқылы. 
7.2.6.
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитет мүшелері мүд-
де қайшылығын болдырмауға баса назар аударады. Егер Ко-
митет мүшелерінің біреуінде әдептік сараптамаға ұсынылған 
жобаға қатысты мүдде қайшылығы болса, ол бұл қайшылығы 
туралы ашық мәлімдеп, дәл осы жоба бойынша талқылау мен 
шешім шығару барысына қатыспауға міндеттенеді.
7.2.7.
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитеттің дербесті-
гін (автономдығын) келесі қағидалар қамтамасыз етеді:
a.
комитетті құрған ұйымда немесе зерттеуді қаржыландыра-
тын не қолдайтын ұйымда өкімдік функцияларға ие лауазым-
ды тұлғалар Комитеттің мүшелері я төрағасы бола алмайды;
b.
комитет мүшелерінің кем дегенде біреуі зерттеуді қаржылан-
дыратын немесе қолдайтын ұйымға қатысы болмауы тиіс;
c.
комитетті құрған және жұмыс органы ретінде ұстап отырған 
ұйымның басшылығы Комитет мүшелерінің зерттеушілік жо-
баларды сараптаудағы немесе басқа да қызметіндегі көзқа-
расына байланысты қудалануына жол бермеуге міндетті 
(WHO, 2011, Standard 4).
7.2.8.
Зерттеу жүргізетін ұйымның ерекшелігі мен ауқымына қарай 
Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитет құрылым-
дық бөлімшелер деңгейінде кіші комитеттерді құра алады.


52
Студенттердің ғылыми жобаларын уақтылы қарасты-
ру үшін жоғары оқу орындарындағы Зерттеу әдебі жөніндегі 
институциялық комитет жанында әрбір факультетке (жоға-
ры мектепке) арналған кіші комитеттері қызмет етуі мүмкін. 
Мәселен, Назарбаев Университетіндегі тиісті комитеттің 
мектептер деңгейінде жұмыс істейтін 5 кіші комитеті бар. Бұл 
ретте ірі комитет пен кіші комитеттердің зерттеушілік жоба-
лардың тәуекел түріне және білім зерттеушілердің біліктілігі-
не қарай қызмет бөлінісіне баса назар аудару қажет.
7.2.9.
Зерттеушілік жобалардың әдептік сараптамасында, әдетте, 
келесі аспектілер бағаланады:
a.
зерттеуден зиян тию тәуекелі мен оның пайдасы (игілігі) 
(ықтимал зиян түрлері, оны мейлінше азайту шаралары, 
күтілетін пайдаға орай тәуекелдің орындылығы);
b.
зерттеудің әлеуетті қатысушыларынан ақпаратты келісім алу 
рәсімдері мен құжаттары;
c.
зерттеудің қауқарсыз әлеуетті қатысушыларынан ақпаратты 
келісім алу рәсімдері мен құжаттары;
d.
зерттеуге қатысатын адамдарды тарту мен іріктеу, зерттеу 
пайдасының (игілігінің) біркелкілігі, зерттеудің қауқарсыз 
әлеуетті қатысушыларының құқықтары мен мүддесін қорғау-
дың қосымша шаралары;
e.
зерттеудің барлық кезеңдерінде деректер құпиялылығын 
сақтау рәсімдері
f.
зерттеу деректерін жинау, сақтау және талдау жоспарлары-
ның білім зерттеушісінің әлеуетті қатысушылар қауіпсізді-
гін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерімен сәйкестігі; білім 
зерттеушілерінің зерттеу деректерін жинау, сақтау және тал-
дауға қатысты біліктілігі; 
g.
зерттеудің қауқарсыз әлеуетті қатысушыларының құқықта-
ры мен мүддесін қорғаудың қосымша шаралары;
h.
ғылыми жетекші мен зерттеу жобасы мүшелерінің біліктілігі, 
нормативтік құқықтық актілер мен ұйымның ішкі ережелерін 
сақтау.
7.2.10.
Зерттеуге қатысудан тиюі мүмкін зиян түріне қарай Зерттеу 
әдебі жөніндегі институциялық комитет әдептік сараптама-
ны толық немесе қысқарған құрамда өткізе алады.


53
7.2.11.
Зиян тию тәуекелі минимумынан жоғары зерттеушілік жо-
балардың кеңейтілген әдептік сараптамасын өткізу талап 
етілгенде Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитет 
толық құрамда жиналады.
7.2.12.
Егер әдептік сараптамаға ұсынылған зерттеушілік жобаның 
зиян тию тәуекелі минимумынан аспайтын болса, Комитет 
төрағасы қысқа (жедел) сараптама
45
өткізу үшін комитеттің 
бір немесе екі мүшесін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет