48
7.1.6.
Ұйым ішінде зерттеу деректерін басқару саясаты әзірленуге
тиіс. Мұндай саясат деректердің қомақты мөлшерін қауіпсіз,
құпиялы, ыңғайлы және ұзақ мерзімге сақтау, пайдалану
және тарату жөніндегі талаптарды, сондай-ақ осы дерек-
терді өзге мүдделі білім зерттеушілерімен алмасу рәсімдерін
қамтуы керек.
7.1.7.
Білім зерттеушілері ұйым ішінде тиісті зерттеу инфрақұрылы-
мымен
38
жабдықталуы тиіс.
7.1.8.
Ұйым білім зерттеушісінің зерттеу нәтижелерін тарату талпы-
ныстарына ұйымдастыру және т.с.с. сипаттағы шаралармен
жәрдемдесуге тиіс (мысалы, дөңгелек үстел өтетін орын бөлу,
жеке веб-сайтын немесе ұйым веб-сайтында қосымша элемент
жасап беру, РR іс-шараларын өткізуді қаржыландыру, т.б.).
7.1.9.
Ұйым ішінде білім зерттеушілері әзірлеуге атсалысқан зи-
яткерлік өнімге
39
деген мүліктік емес және мүліктік жеке
құқықтардың әділ қорғалуын қамтамасыз ету – міндет.
ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»
Заңына сәйкес авторды оның мүліктік емес жеке құқықта-
рынан (авторлық, есімінің аталуы, автордың беделін қорғау,
халыққа жария ету, кері қайтарып алу құқықтарынан) айы-
руға болмайтынына және мүліктік жеке құқықтарын өзге
тұлғаларға беру шарттарын орындауға ерекше көңіл бөлу
қажет (ҚРЗ, 1996, 15-ші, 16-баптар, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: