63
9. Қосымшалар
Ақпаратты келісім үлгісі
47
Кіріспе.
Сізге « » атты зерттеу жобасына қатысу ұсынылады.
Зерттеу сипаттамасы.
Зерттеудің мақсаты мен әдіснамасын, жоспарлы ұзақтығын және зерт-
теуге әлеуетті қатысушының не істеу керектігін егжей-тегжейлі сипат-
таңыз. Бұл сауалнама / сұхбат шамамен [ ] минут уақыт алады.
Тәуекелдер.
Зерттеуден қатысушыға зиян
тию тәуекелдерін көрсетіңіз, мысалы,
құпиялылықтың
бұзылу қаупі, зерттеу
қатысуға уақыттың шығында-
луы, т.б.
Зерттеуге қатысудан күтілетін пайда (игілік).
Зерттеуге қатысудың игілігін ұйым, қоғам, жалпы, ғылым саласы, кей
жағдайда қатысушылар көруі мүмкін.
Өтемақы.
Зерттеуге қатысқаныңыз үшін Сізге материалдық өтемақы төленбейді.
Зерттеу нәтижелерімен Сіз мақалалар мен есептер шыққан соң таныса
аласыз.
47
Назарбаев Университеті Ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп комитетінің үлгісі негізін-
де әзірленді (НУ ҒЗИӘК, к/к).
64
Құпиялылық.
Зерттеу барысында алынған кез келген ақпарат барынша құпия сақта-
лады. Аудиожазба транскриптіндегі (сұхбат стенограммасындағы)
Сіздің жеке деректеріңізді құпия сақтау үшін зерттеу командасы ақылға
қонымды барлық күш-жігерін жұмсайды. Алайда толық құпиялылыққа
кепілдік беру мүмкін емес.
(Деректердің қалай, қайтіп сақталатынын, кімге қолжетімді болатынын
түсіндіріңіз. Әдетте барлық деректер
жобаның ғылыми жетекшісінің
құпиясөзбен қорғалған компьютерінде сақталады.
Деректер зерттеу
әдебі бойынша оқудан өткен зерттеу командасының мүшелеріне де
қолжетімді болады. Деректерді сақтау
құпиялылығын бұзу қаупін ту-
дыратын жағдайларды сипаттаңыз. Бұл ақпарат сақталатын сервердің,
қатты дисктің осалдығына байланысты орын алуы мүмкін).
Достарыңызбен бөлісу: